Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Манадан бері шам жақпай, енжарланып жатқан Ақбілек дереу атып тұрып, шам жағып, жерге қойды да, қағазды жеп қоятындай қадала қалды.

Хаттағы сөз мынау:

«Ғиззетлу уә қурметлу, газиздан көргуші магшщым Ақбілек жанға кәптен-кәп езгу саламларымызны ырсал айладік. Бағдында бізден хал-ахуал сурасаңыз, алқамдылелла, саг-саламат деп білерсіз. Қайын ағамыз Төлегеннің ярдемі арқасында, жарақатымыз жазылды. Бұл күнде атқа мініп, құс салуға да жарадық.

О бағыдында сіз ол тарапта кәпірнің қолынан аман-есен қалас болғаныңызды естіп шадуә қарам болып, аллаға шүкірана еттік.

Тағдырда язмыш илан дарылпанадан, дарылбақия рақылап еткен шапағатлы анамызның иманы саламат болгай еді. Қазаға ыразы, бәлеге сабыр етіңіз.

Үшбу Ақберген иолдашымны сізге көңіл айтып, аманлық, білу ушін жіберіп отырмын. һар нешік болсын, біздің көңілімде бөтен ниет жоқ. Сіз де көңіліңізге бөтен нәрсе алмағаныңызды тілеймін. Аз күнгі қайғы жапаға сабырлық қылыңыз. Не нәрсе болса, қайырын тілейік. Онда сізлер, мұнда бізлер аман болғай едік.

Дәйю қалам тебреткуші бірадарыңыз Бекболат деп білерсіз».

Бұл хатты анау-мынау әйел оқыса, қуанғаннан секіріп түсер еді. Ақбілек мырс етіп күліп жіберді:

— Жеңешетай-ай! Жақсы болды ғой!— деп хатты қалтасына салуға қимай, қайта-қайта ашып, айналдырып көре берді.

— Айтқам жоқ па?

— Ақберген қайда?

— Біздікінде отыр.

— Маған жолықпай ма?— деді де: — Жоқ, жоқ, болмайды екен,— деп, өзін-өзі тоқтатты. Ақберген біртүрлі жылы көрініп кетті, өйткені ол жарынан хат әкелді ғой. Көргісі келсе де, басы қаралы екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады: — Енді қайтеміз?— деді.

— Қайтесің? Сен де хат жаз.

— Не деп жазам?

— Өзің білесің. Көңіліндегі сөзіңді сен де жаз, ұяласың ба?

— Апырмай! Енді не деп жазам?

— Таңертең ерте жүреді. Қазір дайындап қой. Мен бір айналып келем,— деп Ұрқия кетіп қалды.

Ақбілек қол сандығынан кесте сызатын қызыл қарындашы мен бір парақ қағаз алып, «Қыз Жібекті» астына салып, етпетінен жатып, қарындашын жалап қояды.

«Ғазиз көргушіні», «Бағдында хал-ахуал сұрасаңызды» бұ да жазды. Содан кейін аузына сөз түспейді. Сөз самсап-ақ тұр, бірақ қайсысын жазарын білмеді. Біресе бәрін айтқысы, көп жазғысы келеді; біресе әдепті ойлайды. Қанша жазса да, ойдағының мыңнан бірін жеткізе алар емес. Қарындашты жалай түсіп, біреу келіп қала ма деп, сасқалақтап отырып:

«Бізде де бөтен ниет жоқ. Үшбухатты алғаннан кейін бір келіп кетпегіңізді тілеймін. Асығыс жазылды. Ғайып етпеңіз... Дәйю Ақбілек» — деп жазды.

Аздан соң, Ұрқия келіп, хаты алып кетті.

Ел жатса да Ақбілек ояу, оның қиялыңда келешектегі сұлу өмір. Өзін ұзатқан екен дейді. Басында жібек желек, кигені үлде мен бүлде. Жанында Ұрқия мен Сара, ауылға таяу жасыл сайда тамылжып, сызылып тұрғанда, алдынан самалдай болып, қызылды-жасылды қыз-келіншектер келеді. Олардың көйлегі де, көк шалғын да, күлкісі де судырлап, сыңғырлап кетеді. Шекесіне тырс-тырс еткізіп, қатындар шашу шашып, балалар аяғының астынан таласа-тармаса алып жатады...

Құлпырған шайы шымылдықты алдынан ұстап, қаз-қатар қыз-келіншектің қақ ортасында желегінен екі көзін жалтыратып Ақбілек келе жатыр. Жұрт мәре-сәре, у-шу...

Жасауын жайнатып жиып, кілем, көрпе төсеген, оюлы ақ отауға әкеліп кіргізеді. Құрулы шымылдық ішіне бықырлаған қыз-келіншектердің ортасына Ақбілек отырады. «Келінді көреміз» деп үлкен қатындар келгенде, Ақбілек сызылып түрегеледі. «Ашшы бетін!» деген бір үкім дауыс шыққанда, желегін бір қыз ашады. Ақбілектің келбеті Ай мен Күндей. Қатындар таң қалады: «Көп жаса! Отыра той, шырағым!» дегенде, Ақбілек жібек көйлегін судыратып, отырады...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий