Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Айналайын, күнім!.. Қой қой енді... бауырыңа тимесейші! Сенің есің бар ғой!— деп, екі бауырын уатып басалқа айтты.

— Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші!— деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ тастады. Жаулығы тозып кеткенін жаңа көргендей, апасының ескі кимешегін бермек болды.

— Күн сайын далада жүргенде іштерің пыспай ма?— деп, қойшыға да тіл қатты.

— «Бұ қай сөзі!» дегендей, қойшы таңырқап:

— Неге пысады? — деді.

Ақбілек бәрінің қамқор анасы өзіндей, бәрін де қанаты астындағы балапандай, бауырына басып, жылытқысы келеді. Бәрін де өзіндей қуанышты, бақытты болса екен дейді. Ешкімді ренжітетін, ешкімге жамандық ойлайтын түр жоқ. «Неге пысады?» деп қойшының қоңырайғанын да жарастықты көрді. «Қайтсін пақыр! Шаршап келеді ғой!..» деп ойлады.

Шәй күндегідей ұзақ ішілген тәрізді. Сараның ұйқысы келмейтін тәрізді. Қарадан қарап отырып асыға берді. Шәй жиылысымен, балалардың төсегін салды. Тысқа шықты. Ac үйдегі Үрбиеге барып қазанды тезірек қайнат ертерек жатамыз, ұйқымыз кеп отыр,— деді. Қайтып кеп жұпар сабынын бұрқыратып, бетін, мойнын, білегін әбден тазалап жуды. Абдыраны ашып, мәре көйлегін алып, балаларға көрсетпей, апасының ескі жаулығына орай, көрпенің арасына қойды.

Ет піскенше Сара ұйықтап қалды. Қажікен қойшының қасында отырып «Жалмауыз кемпір» деген ертегісін айтқызды. Ет түсірілді. Ақбілектің ет жегісі келмейді. Малшыларға: «Жеңдер»,— дей берді. Етті жеп болып келе жатқанда, Ұрқия келді.

— Жеңеше, ет же!

Ұрқия:

— Ауыз тиейін, — деп бір жапырақ салды.

Ет жеп болған соң, Қажікенді жатқызып, Ұрқия мен екеуі тысқа шықты. Әйнек алдында тұрып, екеуінің күбірлескендегі әңгімесі: қалай жолығу, қай жерде жолығу еді. Ұрқияның ойы: Ақбілекті өз үйіне апарып, екеуіне бір табақтан дәм жегізу еді. Ақбілек Әмір ағасынан ұялып, әрі балаларды жалғыз тастап кетудің есебін таба алмай, бармауды қалап еді. Қаласа да, Ұрқияның ойы дұрыс: шамның жарығында оны көріп отырып, бір табақтан ас жеген, қандай жарастықты! Бұл тұңғыш жолығуы ғой. Әрі сөйлесіп, бері сөйлесіп, Ақбілек балаларды ұйықтатып баруға бел байлады.

Балалар ұйықтаған кезде, Ақбілек мәре көйлегін, таза камзолын киіп, жұпар исін аңқытып, биқасап шапанын жамылып, аяғын ептеп басып, есікті ептеп жауып, буыны дірілдеп, табалдырықтан аттады. Ай жарық. Қар күмістей жылт-жылт етеді. Жұлдыздар сайрап тұр. Екі үйдің арасындағы жалғыз аяқ жол қарауытып жатыр. Бұ жол ұжмаққа апаратын жол секілді. Осы жолмен барып, қызықты, тәтті, сұлу өмірдің есігін ашатын секілді. Басқан сайын бақ есігі жақындайды. Жүрегі дүрсіл қағады. Ұрқия алдынан шықты.

— Әмір ағам қайда?

— Ауыз үйде... Сендер оңаша боласың.

Ой алла-ай! Ақбілек шын сонымен бірге отырғаны ма?!

Ұрқия есік ашты. Қатты ұйықтап оянғанда, қараңғы үй кенет жарқырап кетсе, көзің қандай ұялады. Бақ есігі ашылғанда, Ақбілектің беті де ұялып, кіруге жүрексініп, әнтек кідіріп қалды.

— Кір, қарағым, кір!

Олар көрінбейді. Бірақ осы үй толған олар. Көйлегін судыр еткізіп, Ақбілек кіріп келді. Бекболатқа отырған үйі нұрға толып кеткендей болды. Ақбілек жеңешесінің артынан еріп, сызылып келіп төменірек отырды. Тура қарауға дәті шыдамай, төмен қарады.

— Есен бе, қарағым! — деп, әуелі Ақберген амандасты. Бекболат қалай амандасудың есебін таба алмай?

— Есен бе, қарағым!— деп, жолдасының сөзін айта салды. Ақбілек:

— Үш-шүкір,— деп, ернінің үшін қыбырлатты.

Тым-тырыс.

— Апаңның артқы жақсылығын берсін!.. Құдай әмірі мақұл... тек өз маңдайларың ашылсын!— деп, үнсіздікті Ақберген сейілтті. Бекболат үндеген жоқ.

Ақбілек уысындағы торғын орамалымен көзін сүртті. Бекболат төмен қарады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий