Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні тағы да көңілі еркек тілеп, керіліп-созылып жатып, жүрегі айнып құсқаны... Жүрегі бей-жай болады да тұрады. Жұмыртқаға зауқы шабады. Танданады. Жерік болғаны ма? Бекболат келіп кеткелі бес күн аралаған жоқ қой. Онымен де тұрмады. Ақбілек толғақ науқасқа ұшырады. Ұрқия өзі бала көтермесе де, бала көтерген әйелдердің жерік болғанда қайтетінін біледі ғой. Ақбілектің жата беретіні: жұмыртқа іздегені, толғағы — аумаған бала біткен әйелдің белгісі. Ақбілек жеңгесінен дертінің мәнісін сұрай берген соң:

— Қалқам-ау, бойыңа бірдеңе бітті ме деп шошимын, — деді.

— Қойшы, жеңеше! Қайдан бітеді?

— Кім біледі.

— Жаңа да емес пе еді?

— Қайдам...

— Тез білінуші ме еді?

— Бірер ай өткенде білінсе керек еді.

— Ендеше, бұрын болды ғой...

— Сөйтіп масқара болмаса...

Айтқандай-ақ, екіқабат екені күн асқан сайын мәлім болуға айналды: етегі де көптен бері сынбапты, іші де әнтек томпиған іспетті...

Ақбілекке бұл жаңа дерт болды. Ұзатқалы отырған қыз емес.

Күйеуінің келгенін жұрт білмейді... Және күйеуінен екені екі талай: дерт болмай қайтсін... жеңгесімен сыбыр тағы молайды: баланы қалай түсірудің амалын кеңесті.

Ұрқия жансыздап кәрі қатындардан бала түсірудің, ем-домын сұрастырды. Бала бірдеңеден шошынғанда, жығылғанда, оқыста түсетінін білді. Ұрқия қараңғы бұрышқа тығылып тұрып, Ақбілек келе жатқанда, «Ап!»— деп шошытып байқады; ойнағансып, ішке түртіп қалып байқады. Оған түсетін бала көрінбеді. Ақбілектің ішкені ас болмады; жатуды, күрсінуді көбейтті...

Сөйтіп жүргенде бір күні Ұрқия отырып:

— Шырайлым-ау! Мен де екіқабат болдым білем. Сарымсаққа зауқым шабады; менің де жүрегім лобып құсатын болдым...— деді.

— Сенікін қойшы! Сенің тілегенің бала ғой... Құдай көз жасыңды игені де,— деді.

Ұрқияныкі рас екен. Бір күні ауылдың бір-екі қатыны қабу қабып отыр еді, Ұрқия ауыз үйге барып, лоқсып, құсып келді. Қатындарға келіп, жерік боп жүргенін бала біткенін айтып:

— Өстуші ме еді,— деп сұрады.

Қатындар:

— Құдай берейін десе қиын ба?— деп, тамсанысты: құтты болсын айтысты.

«Ұрқия екі қабат» деген хабар кешікпей-ақ ауыл арасына жайылды. Тілеулес қатындар: «Байғұсқа болсын» деп, Мамырбайдікіне араласқанын күндейтіндері «Ә, қойшы!..» Ол бала тапса, біздің сұр төбет те күшіктер... десті.

Дегенмен, Ұрқияның екіқабаттығы анық болуға айналды: бір-екі айдан кейін іші де білініп қалды.

* * *

Аздан бері ақсақал аттан түспейтін болып кетті. Атайын арасының дау-шары, кемпір назы дегендейін ақсақалдың алдына келмей тұрмады. Біреуге о деп, біреуге бұ деп сөзге кіріспесе, ептеп-септеп өз құлқын да ойламаса, ел адамының адамдығы, айбыны бола ма? Дос сүйініп, дұспан күйіне ме? Әйтпесе, «Ақсақал» атана ма? Мамекең де «Ақсақалдың» қалпын құрып атқа мініп жүр еді.

Не жұмысы барын кім білсін, бүгін қасына ұлтарақты ертіп, Әбен ауылына кетті. Ел адамдары ол ауылға осал-оңтағай жұмыспен бармаса керек қой. Ақсақалдың барысы да, сірә, тегін емес қой. Жүрерінде ауылдағы өрімші Тайкөтті шақыртып, сақал-мұртын тұжыртып, кеңірдек жүнін қырдырды. Ақбілектен жуылған көйлегін сұрап киді. Төс қалтасына сегіз бүктеп, таза орамал салды. Етігін де түкіріктеп сүртті. Көптен бері бүйтіп түзелгенін Ақбілек көрген жоқ еді; бір сый жерге баратынын іші сезді.

Әбен ауылы отыз шақырымдай келуші еді. Біздің Қыдекеңдер болса, жолда бір ауылға қонып, бір ауылға түстеніп отырып, алтыншы күні қонаға әрең жетер еді. Мамекең ондай қолы тиіп жүрген азбах ақсақал емес қой: жолда атын бір шалдырып, қонаға Әбел ауылына келді. Жайлауда болмаса, қыстауында отырғанда Әбен ауылына бармағалы екі-үш жыл аралап кетіп еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий