Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Той өтеді. Ел тарқайды. Ақбілек ақ отауында... ол келіншек. Басына жаулық салдырыпты, сыртында желегі. Төсек ағаш алдында ақ саусағы майысып, күйеуіне ақ көйлек қайып отыр. Жанында домбыра шертіп, Бекболат жантайып жатыр. Ақбілек әдемі күй шерткенде жаны сүйсініп күйеуінің бетіне жымия жылы қарайды; ішінен «Жаным-ау!» дейді. Бекболат та жымиып қолын созады. Ісін қойып, Ақбілек шынтақтап, күйеуіне таман жақындайды. Күйеуі мойнынан құшақтап, үлбіреген аузынан, мамық тамағынан тәтті сүйеді. Бірінің көзіне бірі қарайды. Қараса да тоймайды...

Үлкен үйдің самаурыны қайнағанша, Ақбілек отауының түндігі ашылмайды. Жібек шымылдық күлімдеп күн сәулесі жабықтан түскенде, Ақбілек тұрайын десе де, күйеуі қыпшасынан қысып, қытықтап, күліп жібермейді. «Болар енді, сәулем!» деп, Ақбілек тұрып, киініп, жез құман алып, майысып, дөң астына түзге кетеді.

Лек-лек болып жүгіріскен қозы, ойнақтаған бота, желі басында құлын ұстаған, бие қуған бала-шаға, тезек терген, ән салған қыз-келіншек... соларға, қарап, Ақбілек ақырын аяндап келіп отауына кіреді. Өзі дәрет алып болған соң, күйеуінің қолына су құйып, шымылдықтың бауындағы кестелі орамалын әпереді...

Кешке таман қанжығаларына қатарлап қаз, үйрек байланып, бедеу мініп, қаршыға ұстаған күйеулері келе жатқанда, Ақбілек ақ отаудың жанында қарап тұрады...

Көшкенде Ақбілек желегін қайырып, беліне қыстырып, отауын жығысып жүк артысады. Көш жөнеліп кеткен соң, артта қалған өңшең қыз-келіншек жамылғылы көк жорға мінген Ақбілекті орталарына алып, көшке жеткенше жарыс салады. Бұлар көш қасында топтанысып келе жатқанда, қолдарында қаршығасы, бір топ болып, күйеулері де сыпылдатып өте шығады...

Ақбілек бала көтереді. Күйеуіне тартқан бір жақсы ұл табады. Күйеуі Ақберген екеуі ана жақта қаршығаларын айналдырып жатқанда, Ақбілек бесіктегі бөбегін тырбиған саусағынан сүйіп, арқалығына асылып, еміреніп, емізіп отырады. Ағасы атқа мініп кеткенде, басына үкілі тақия кигізіп, бөбегін алып алдынан шығады. «Ағаңды қарашы, шыбыным!» дегенде, бөбегі ұмтылады: ағасы бөбегін жоғары көтеріп, насыбайынан иіскейді...

Бұдан да сұлу, бұдан да тәтті қиялдарда жатып, Ақбілектің көзі ілінеді...

Таңертең Ұрқия келгенде Ақбілек:

— Кетіп қалды ма? — деп сұрады.

— Кетіп қалды,— деді.

Өйткені кешегі хатта күйеуін шақырғаны ұят болғандығы артынан есіне түсіп еді.

Арада төрт-бес күн өтті ме, қалай.

Ақсақал үйде жоқ еді. Ақбілек Сарасын қолынан ұстап, әйнек алдында тұр еді. Малшылар мал қоралатып, малшы қатын сиыр сауып жатыр еді. Қораның жоғарғы бұрышынан әйелдің жаулығы ағараң етті. Ұрқия екен.

— Қалқам, құлағыңды әкелші,— деді.

— Шын ба?

— Шын емей...

Ақбілек сіңілісін Қажікенді шақырып кел деп жіберді де, аузы жабыса қалды.

— Енді қайтеміз?

— Біздікіне түсет те.

— Ағайдан ұят емес пе?

— Жоқ, ойбай! Екеуіңнен бөлек онда не ой бар дейсің.

— Біздікінен бір тоқты сойыңдар.

— Шырайлым-ау! О не дегенің... Оған бір қонақ асы бере алмағанымыз ба?..

Ақбілектің жүрегі алып-ұшып барады. Үйге кірді. Шам жақты. Шәй жасады. Алашаның қайырылған жерін жазды. Жайнамазды дұрыстап ілді, әйтеуір бір жерде байыз тауып отыра алмай, оған да, бұған да алаңдай берді. Ол бейне бір осы үйдің ішін көруге, сынауға, мінеуге келген кісі: бәрі де жинақ, таза, ретті болса екен дейді. Самаурын да, Қажікеннің жеңі де, малшы қатынның бет-аузы да, дастарқан, орамал да кір тәрізді.

— Қарағым-ау! Жеңін салтақ-салтақ боп кетіпті ғой! Мұрыныңды сүртпесейші, әлде кімнің баласына ұқсап,— деп, Қажікеңді иегінен қақты...

Қажікен Сараның қолыңдағы бауырсағын қағып түсіріп, Сара ыңылдап жылағалы келе жатыр еді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий