Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұтқыннан босанғаннан кейін көкейлерінде тек ел намысы, қайнаған ағайынды қос батыр дереу Қоңыраттың ер жүрек жігіттерін жинап, Сағыр қолына кеп қосылған. Ал босануларына қарындасы Құндыздың себеп болғанын, оның Абылайдың төсегінде түнеп шыққанын білмейтін. Қос батырдың морт мінездерінен хабардар ауыл адамдары оларға Құндыз жайын айтуға қорыққан.

Әлім ханмен кездескен ұрыста екеуі де ғажайып ерлік көрсетті. Бірі жараланып кейін қайтқан да, екіншісі — кіші батыры Қаныбек, ағасы Жаныбектің орнын жоқтатпауға тырысқан. Ерлігіне ерлік қосып, қан майданда жан аямай ұрысқан. Осындай қанқызу бір шайқаста, Қоңыраттың батыр жігіттері қашып бара жатқан қоқандықтарды соңына түсіп шоқпарымен көк желкеден дәлдей ұрып кезек түсіріп келе жатқан. Аты екпіндей жеткен Қаныбек біреуін енді ұрам деп шоқпарын ыңғайлай бергенде әлгі атынан қарғып түсіп, тұра қалған.

— Әй, сауға! Жан сауға! — деген анау бұған отты көзін қадай.

Бұл — Ерденнің інісі Ералы еді.

Ералының жаман атымен, бұрыннан да таныс Қаныбек енді орасан долдана түсті.

— Көрсетейін мен саған жан сауғаны! — деді ол шоқпарын ыңғайлай түсіп. — Айта бер иманыңды, қара жүз!

Жау қолында өзінің жалғыз қалғанын көрген Ералы Қаныбектің аямайтынын бірден түсініп, енді жалынбай өлуге бел буды.

— Сатылған! — деді ол Қаныбекке удай ащы тілмен. — Жалғыз қарындасың Құндыздың абыройын сатып, Абылайдан жанын өрең қалып еді, мен сенен өткен қара жүз емеспін, мә, өлтіре бер!

Қаныбек шоқпарды қос қолдай сілтеді. Ералының басы быт-шыт боп, миы шашырап, денесі күрс етіп жерге құлап түсті. Қаныбек артына бұрылып қараған жоқ, Ералының жаңағы сөздері құлағынан кетпей, біреу жүрегіне қанжар сұғып алғандай, боп-боз боп дірілдеп, өз жігіттерінің жанына әзер жеткен.

Сол күні өзінің бір сенімді жігітінен ауыл ақсақалдарынан «ел жақсылары» Құндызды Абылай төсегіне апарып салғанын, Құндыздың оған қарсы болмағанын, ертеңіне Абылайдың бұларды босатыңдар деп бұйрық бергенін білді. Енді оның жүрегіне намыс, ашу қорлану — бәрі жиналып, жыландай қадалды. Жұрт бетіне қарай алмай, сол күні түнде жігіттерінен бөлініп жеке қонып шықты. Сол күннен бастап ешкіммен де сөйлеспей, ашуға булығумен болды. Намыстанып, жаны күйінген Қаныбек бір мезет Абылайды жарып өлтіруді ойлады. Бірақ онда мына жұрт жүндей түтіп, хан төсегіне барған ұятсыз Құндыздан кегімді ала алмай қалармын деп сескенді. Абылайды өлтіруді ол енді соңына қалдырды.

Күн бата қалың қол Қазықұрттың етегіне таяды. Жігіттері жауды жеңіп келе жатқанына қуанышты Қаратаудағы қалың елдің ақсақалдары мен қыз-бозбаласы алдынан шықты. Екі жақ таяй бергенде, Қаныбек ауыл жастарының алдындағы ақбоз ат мінген қарындасы Құндызды көрді. Ералының айтқан сөздері құлағының түбінен ап-анық естіліп, жүрегі тағы да удай ашып кетті.

— Абыройын сатып масқара болған азғын қарындасыма да өлім! Момын елді қан қақсатқан, хан Абылай, саған да өлім! — деді Қаныбек іштей, қанды үкім айтып.

Көп ішінен тұрып атсам жазықсыз біреуге оғым тиіп кетер деп, ол жасақ шетінен бір бүйірлеп оңаша шыға берді. Бұған ешкім бәлендей көңіл де бөлген жоқ. Желе жортып келе жатқан екі топ біріне-бірі таяу кеп тоқтады. Ауыл тобынан ақ боз ат мінген Сұршақыз ғана алға қарай қозғалды. Сірә, жеңіс иесі Абылайды құттықтамақ болуы керек. Бірақ ол аузын ашып та үлгірмеді, ысылдай кеп қадалған қозы жауырын оқ оны ат үстінен жерге ұшырып түсірді.

— Ал енді екінші жебем, Абылай хан саған! — деді әскердің бір бүйірінде оңаша тұрған Қаныбек қорамсақтан сауыт бұзар оғын алып. — Содан кейін, ақ семсер, сен малынарсың өзімнің ыстық қаныма!

Қаныбек садағын оқшау тұрған Абылайға кезей берді. Бірақ тартып қалуға үлгірмеді. Өзінің сол жақ қолтық тұсынан кеп қадалған сүйір ұшты қайың оқтан теңселіп барып ат жалын құша құлап кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий