Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Білмей... Елу жылдан бері мен сенің мінез-құлқыңа, айла-тәсіліңе қанықпын ғой, алдияр.

— Қанық болсаң... Жаңа өзің айттың ғой, ел арасы елегізи бастады деп... Бүгін елегізсе, ертең ереуілге шығады. Өзгеге үлгі болсын деп жазаладым.

— Жоқ, бұл үлгі емес, күйік... Күйіктен ел қартаяды, еңсесі түседі...

Екеуі біраз уақыт үндемей қалды. Абылайдың тұнып келе жатқан көздерінде кенет бір ұшқын пайда болды. Даусы да жас жігіттің даусындай мығым шықты.

— Қу қатын-патша бекітпегенмен, айтшы, жырау, осы жұрт мені Үш жүздің ханы деп санай ма?

— Иә, сені «Үлкен Орда» ханы санайды! — деді жырау ханның бұл сұрақты неге бергеніне түсінбей.

— Онда мынаны түсінші... Мен ат жалын тартып мінгелі, ажалдан қорқып көрген жоқпын. Досымды да, қасымды да аяуды білген емеспін. Біреуін ат құйрығына байлап өлтіріп, біреуіне оқалы шапан жауып, мадақтай көтеріп, өзіме серік еттім. Соның бәрін тек хан болу үшін істедім бе? Иә, солай-ақ делік... Ал сонда сол дәрежеге мен неге соншама құмарттым?

Бұқар жырау атының басын бұрып алды.

— Иә, бәсе неге?

— Өзгеге үстемдігіңді жүргізіп, мерейің жоғары болу үшін дейтін шығарсың. Жоқ, олай емес. Оған жай хан болсаң да жетеді.

Абылай кенет тұнжырай қалды.

— Жарайды, бұның жайын басқа күні, сыр пернесін тағы бір қайғы шерткен күні айтармын. Ал қазір...

— Иә, қазір?

Абылай езу тартты.

— Баяғыдан бері менің сойылымды соғып, қартайғанында өз ісіңнен өзің қорқып қалдың ба, жырауым?.. Өткен іске өзіңді өзің қинамай-ақ қой. Оданда менің мына сұрауыма жауап берші... Бастары қосылмай кеп, «Ақтабан шұбырындыда» кеуегінен қашқан қояндай сасып, жартысынан көбін жоғалтқан бұл елге қандай адамның хан болуы керек еді. Былбырап аққан ыстық қан иісінен жүрегі айнымайтын, қатал басшысы болмаса, сұрқия заманда жан-жағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін ор жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп кетпесіне кім кепіл еді? Сонда қазақтан не қалар еді? Осы сұрағыма жауап бер, әулие жырау...

Бұқар жыраудың да көңілі орныққандай. Ол тіпті Абылай жаққа мойнын да бұрмады. Айдалаға сөйлегендей мылқау үнмен:

— Иә, өзің айтқандай, керек кезінде қатал болмағанында, мен сенімен бүйтіп қатар келе жатпас едім, — деді. — Рас, өмір бақи сенің ісіңді көтермелеп келдім. Ол шежіре ғой. Ал әңгіме қазір шежіреде емес, басқада. Оны өзің де жақсы білесің.

— Тоқтама, жырау, айта бер!

— Жоңғар, Қытаймен соғысып, Қоқан хандарының бетін қайтарғанша, сен жұртты бірімен бірін өшіктіріп, не орынсыз өлімге бұйырып көрген жоқсың... Ботақанды тірідей көрге көмгеніңді де ұмытпаған шығарсың, Абылай. Жұрт ол қылмысыңды да кешірді ғой. Иә, сен ол кезде бар болғаны сұлтан едің, бес мың адамның саған күші жететін еді. Әлде алдарынан көтерілген қазаның мен сабадағы қымызың сені құтқарды деп ойлайсың ба? Жоқ, Абылай. Жұрт қонтайшыға қарсы шығатыныңды түсінді. Сол заманның шындығы сенің жағыңда екенін ұқты. Су тасығанда сең ұрған балықтай есеңгіреп қалған ел, өзінің көсемін іздеді. Бәрінің басын қосатын ер-азаматын іздеді.

Сол ер-азамат, тар жол, тайғақ кешуде жұртын аман алып шығатын ер сен ғана боп көріндің ол күндерде.

— Ал содан кейін не болды?..

— Содан кейін... Батыр Баян қаза тапты.

— Иә, айта бер... не демексің, жырау?

— Туған інісі Ноянды өлтіргені үшін, бұл жалғаннан кеткісі келген жоқ. — Бұқар жырау алыстағы көкжиекке қарай сөйледі. — Батыр Баян саған қатты сенген-ді. Ал сен болсаң Қашқар мен Құлжадағы қазақ, ұйғырдың ереуіліне көңіл бөлмей, Алтынемелді тастап, кейін шегіндің. Батыр Баян бұны опасыздық деп санады. Өмір сүрудің оған енді еш маңызы жоқтай көрінді. Көрер көзге өлім іздей бастады. Бұндай жағдайда ешкім еш нәрсені білмейді деп ойлау әміршілердің әдеті ғой.

— Қытайға қарсы соғысар бізде күш болмағанын білмейтін бе едің, жырау?

— Әйткенмен, ереуілге шыққан елдің біразын сақтап қалатын едік. Бізден қауіп ойламаған Чжао Хой мен Фу Де бүкіл шығыс Түркістанды қан-жоса етті...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий