Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Иә, қайдан жүрсің, жылқышы Керей! —деді Абылай, — өзің секілді кісі өлтіргіштер барып қосылып жатқан жаңа «орыс патшасы» кім?

Керей тісін ақсита күлді.

— Жай кісіні өлтіру обал. Ал сұлтанды өлтіру — сауап. Алла тағаланың өзі ондай күнәңнің тең жартысын кешеді.

— Бүкіл күнәңді кешу үшін не істеу керек?

— Ханды өлтіру керек! — деді Керей сабырлы үнмен.

Тақымына қыл бұрау сап қинағанмен, Керей Пугачев батырларының хатын кімге бергенін айтпады. Келесі күні оны асау айғырдың құйрығына байлап, азаптап өлтірді. Сол күні түнде хан төлеңгіт аулының жүз елу жігіті Пугачев ереуілшілеріне қосылмақ боп қашып кетті. Олардың ішінде Керейдің ер жетіп қалған екі баласы да бар. Ертеңіне мың жарым нөкерімен қашқындарды Абылайдың өзі бір кішкентай өзеннің жағасында қуып жетіп, алдына сап айдап қайтуға қоршай бергенінде, кенет гүрсілдеген мылтық дауысы шықты. Бірден он шақты нөкері оққа ұшқан Абылай амалсыз қамысты сайға барып тығылды. Жаңа салынып, жатқан бекіністің бір рота солдаты офицерлерін өлтіріп, қазақ жігіттерімен 6іpre Пугачев әскеріне қашқанын хан артынан естіді.

Амал жоқ, бұларға шегінуге тура келді. Абылай Ордасына қайтып келгеннен кейіп, орыс бекіністерімен шектесе отырған Қарауыл руынан жорыққа шақырылған жігіттердің тең жартысы келмегенін білді. Ауыл билері мен ақсақалдары Абылайға «кедей біткеннің бәрі орыс ереуілшілеріне қосылып кетті» деп хабар берді. Осы күннен бастап хан төлеңгіттерінен де күніне екі-үш адам жоқ болып отырды. Кешегі «кәпір» деп өздері қорқытқан орыс қара шекпендеріне ауыл жігіттерінің еркімен барып қосылып жатқанын көрген сұлтандар енді зәре-құттары қашып сасайын деді. Жұрт қаһарынан қорыққан кейбіреулері орыс бекіністеріне тығылды...

Бір жеті бойы Абылай хан ордасынан шықпай қойды. Бір нөкерін Омбы генерал-губернаторына, екіншісін Орынборға шаптырды. Үш жетіден кейін Абылай мен Нұралы Тобыл өзенінің жағасындағы бір шағып бекіністе кездесті. Бұл мәжіліске Орынбор мен Омбыдан келген орыс офицерлері де қатынасты.

Осы мәжілістен кейін Абылай мен Нұралының жасақтары бүкіл қазақ даласын шарлап өтті. Пугачев көтерілісшілеріне қосылмақ боп қашып бара жатқан қазақ жігіттері мен орыс солдаттарын лек-легімен ұстады. Оларды мойындарына арқан байлап сүйретіп, орыс бекіністеріндегі кәрі қылыш офицерлеріне апарып тапсырды. Жарты сағаттан кейін бұлардың бастары кесіліп, «кімде-кім бүлікшілерге қосылғысы келсе, осылай өледі» деп бекініс қабырғаларына қойылды.

Абылай мен Нұралы арнаулы жасақ шығарып, көтеріліске қосылған ауылдарды шапты. Бұл жасаққа патша үкіметіне адал қызмет істеп келе жатқан қазақ мырзалары мен орыс ұландары бірігіп, қазақпен көршілес башқұрт ауылдарын да ботадай боздатты. Сонда тоқсан үштегі Бұқар жырау ашуланып, өзінің:

Абылай-ау, Абылай,

Момынға келіп бек болдың...

деп басталатын атақты толғауын айтып еді.

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба.

Күніңде мендей жырлайтын

Тоқсан үште қария

Енді де саған табылмас

деп бітетін, орыс халқымен достасуға шақырған жыры бүкіл қазақ еліне тарады. Бұл толғауға құлақ қойған жайлаудағы жылқышы, күзеттегі жауынгер енді қашқын орыс солдаттарын ұстап берудің орнына, Абылай нөкерлеріне «ел арасын бұзғалы жүрсіңдер» — деп, өздеріне тап беруді шығарды.

Ел арасында Абылайға деген наразылық туа бастады. Хан жасағына келіп қосылудан гөрі, қазақ жігіттері Жайықтың арғы бетіндегі Пугачевтің белгісіз батырларының қол астына қашты. Бүкіл қазақ жерінде түнде жанған оттар көбейді. Ол отты қоршай отырған ереуілшіл жігіттердің қосылып салған әндері жиі естіле бастады. Оларға Пугачев көтерілісінің хабарын жеткізгелі асыға шапқан салт аттылардың дүбірі келіп ұласты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий