Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абылай мысқылдай езу тартты.

— Менің шегінгенімді жұртқа өзің дәріптеп едің ғой!

— Бұл қу заманда менің еріксіз дәріптегендерім аз дейсің бе...

— Тағы нең бар, айтып қал, жырау?

— Ал сен Алтынемелден тек хан болу үшін шегіндің. Содан кейін-ақ жолың соңыңнан ерген елдің болашағынан екі айрылды, ханым!

— «Болашақ?» — Абылай басын шайқады. — «Болашақ» деген не?.. «Ел» деген не? Мұндай сөзді менің арғы бабам, жер шарының тең жартысын жаулап алған ұлы Шыңғысхан білген емес.

— Ал өзің ше?

— Білмесем... Арманым мен өксігі мол елу жылымды ат үстінде өткізбес ем.

— Шыңғысхан да бар өмірін жорықта өткізген. Бірақ ол бабаңның жаулап алған жарты әлемі қайда, Абылай? Бізге қалдырған мұрасы — тек жанталаса алысу ғана емес пе... «Болашақ» дегеннің не екеніне енді түсіндің бе? Ал ел ше?... «Ел» деген ешуақытта да еш нәрсені ұмытпайды. Оны «алдадым» деп тек хандар ғана ойлайды, Абылай...

— Мен еш уақытта халықты алдаған емеспін.

— Соңғы жылдары сен халықты жиі алдай бастадың, Абылай. Сенің жасағың бұрынғыдай өз жерін ғана қарап отырған жоқ, бөтен елдердің жерін тартып алу әрекетіне де кірісіп жүр. Біресе қарақалпаққа, біресе қырғызға, өзбек қалаларына жорыққа шығасың. Дегеніңе көнгісі келмеген қазақ руларын да шабасың...

— Осының бәрін сол қазақ елі үшін істеп жүрген жоқпын ба?

— Жоқ, халыққа одан келер пайда шамалы. Басқаны қойып, Жайық қырғынын ғана есіңе салшы...

Сол қырғында қырылған қырғыз жігіттері көз алдарына елестеп, екеуі де бір мезет үндей алмай қалды. Қырғыз манаптарының қазақ ауылдарын оқтын-оқтын шауып, малын барымталап маза бермегенін сылтау етіп, Абылай қалың қолмен кеп, Туро өзенінің бойын жайлаған қырғыздың Солты руының көп аулын шапқан. Күтпеген жерден жауға төтеп бере алмай қырғыз ауылдары Шу бойына қарай босқан. Шу қойнауындағы Қызылсу мен Шамси өзендерінің түйіскен сағасында үлкен ұрыс болған. Осы қан төгісте қолға түскен қырғыз ауылдарын Абылай Сарыарқаға айдап әкеп, Есіл мен Нұра бойына орналастырған. Осы күнгі қазақ жеріндегі «Бай қырғыз» бен «Жаңа қырғыз» рулары солардан қалған-ды.

— Содан кейін қырғыз барымташылары қазақ ауылдарына беттеуді қойды ғой, — деді Абылай, — сол жолы Шату асуынан өтіп, қырғыз ауылдарын шапсам, оным — қырғызбен көршілес қазақ елінің тыныштығын ойлағаным емес пе?

— Қарғыс атсын ол күнді! — деді Бұқар жырау екі қолын жоғары көтеріп, — Қайта оралмасын, өшсін қарасы сол қалпымен!

— Неге?

— Жайыл ойпатында достық емес, қастық туды!

— Біз біресе жоңғарлармен, біресе шүршіттермен қырылысып жатқанда, қазақ ауылдарын әлсін-әлсін шауып маза бермеген сол манаптар емес пе еді?

— Иә, қырғыздың манабы мен қазақтың ханына атақ, мал-мүлік, төлеңгіт, құл керек болды. Бірақ одан кім зиян көрді? Қылшылдаған алдаспан жазығы жоқ қара бұқараның басын қара жерге домалатты. Бұны да сендер сол жазығы жоқ жігіттердің қолымен істедіңдер! Сол себептен де бауырлас екі елдің арасына қастықтың уын қандарына сіңіруге тырыстыңдар. Құдай бұндай қырғынды өзге халықтардың басына бере көрмесін! Өшпенділік уы енді ұрпақтан ұрпаққа кетсін дедіңдер, күштілер. Сөйтіп қастық өрши беруін тілейсіңдер. Бізге ең жақын қырғыз халқы еді. Сол халыққа өнеге болар артыңа не қалдырып барасың? Қалдырғаның — Жайыл қырғыны ма?

— Ол қырғын да ұмытылмас дейсің бе, жырау?

— Ұмытылады, неге ұмытылмасын, ол үшін...

— Сөйле жырау!

— Ол үшін жер бетінде хандар мен манаптар болмауы керек.

Абылай езу тартты.

— Ел еркесі жыраулардың тек болғанды ғана емес, болмайтын жайды да айтуға қақысы бар. Сөйле! Маған тағы қандай айып тағасың!

— Бес батырын ат құйрығына байлап өлтіргеніңді Қоңырат жігіттері кешеді деп ойлайсың ба?

— Мен өлмей тұрып, ешкім оған құн сұрай қоймас!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий