Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аздан кейін бұны қара мұрт ауыл ортасындағы алты қанат ақ үйге алып келді. Белдеуде кіші-гірім атан түйедей ақбоз ат тұр. Бәрі үйге кірді. Төр алдында жатқан қоңыр киінген, зор денелі кісі басын жастықтан сәл қозғады.

— Ағыбай аға, — деді қара мұрт, — мына жігіттерді ауыл үстінен ұстап алдық. Жамантай аға сұлтанның елінен көрінеді, Ырғыз маңындағы нағашыларымызға бара жатырмыз дейді.

Қапсағай қоңыр елең етіп басын көтеріп алды. Үй ішінде көлбей жатуына да себеп бар екен, енді ол малдас құрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас қабақты қоңырқай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батырының бірі Ағыбайдың өзі еді «Ағыбай бұл жақта қайдан жүр» деді Есіркеген ішінен. Бұл маң Кенесарыға қарсы жақтың жері емес пе еді?» әйтсе де бала жастан үлкенді құрметтеп өскен жас жігіт, сонау төрде отырған шүңірек көзді алыптың мысы жеңгендей, иіліп сәлем берді.

— Ассалаумағалейкүм.

— Алликімассалам, балам. — Ағыбай жас жігітке тесіле қарады. — Қанды балақ сұм Жамантайдың кімі боласың?

«ә, Ағыбайдың Жамантайға деген бітпес өші бар деуші еді, рас екен. Үнінде қаңтарда қатқан мұздай бір мызғымас ызғар жатыр-ау!»

— Жамантай аға сұлтанның қарамағындағы елдің жігіттеріміз. Өзім Масан бидің немересімін, мына жігіттер ауылдан ертіп шыққан серіктерім.

— ә-ә. Бағың бар бала екенсің. Жамантайдың жақыны болғаныңда бір жамандыққа ұшырауың кәміл еді. — Ағыбай енді түксиген қабағын сәл ашты, — Масан қарт әлі тірі ме? Ақ патшаның қолтығына кіріп алдыңдар ғой, ауыл-аймақтарың күйлі шығар?

— Күйсіз емес. Атам әлі тірі.

— Иә, солай болар, — Ағыбай әлденеге өкінгендей ауыр күрсінді, — отырған ел отырып қалды ғой... Жем іздеген аш қасқырдай тек мына біздерміз ғой сар даланы сары бауыр етіп кезіп жүрген...

— Сіздерге де көшпеу керек еді.

Ағыбайдың қабағы жауар бұлттай жабыла қалды.

— Сонда Жамантайша ақ патшаның құлы бол демексің бе? Масан қарттың немересімін дегенге асылдың ұрпағы ма деп қалып едім, алысқа ұша алмайтын сауысқан боп шығайын деп тұрсың ба, қалай? — Ағыбай тез ашуланса да, тез қайтты. — Жә, қышымаған жерімді қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара жатырсыңдар?

— Масан атам Бөкей тұқымымен құдандал ғой. Ырғыз бойындағы нағашыларымызға бара жатырмыз...

— әрине, атаңның сұлтан тұқымымен ілік-шатыс болғанына сен кінәлі емессің, — деп келе жатты да Ағыбай кенет сөзін басқа жаққа бұрып жіберді. — Жолай Кәрібай қарттың аулына соқтың ба?

— Соқтым.

— Соқсаң, болған қанды уақиғаны көрген шығарсаң?

— Көрдім.

— Көрсең... Ол сенің Жамантайларың секілділердің ісі.

— Қалайша? Ол ауылды шапқан Ордан шыққан «кәрі қылыш» тобы деп еді ғой.

— Сонда жендеттерге жол сілтеген кім? Жамантай тәрізді елін сатқан Ахмет правительдің адамдары. Осы ауылдың би, ақсақалдары.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий