Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аздан кейін Ағыбай батырдың сөзінен Есіркегеннің түсінгені мынау болды: Кенесары Ор қаласынан войсковой старшина Лебедев бір мың тоғыз жүз солдатпен Торғай бойына шығуға дайындалып жатыр деген хабар алады. Көп кешікпей сұлтанға тыңшылары арқылы Сібір мен Орынбор губернаторларының шекарасында отырған Кенесарыға тілектес ауылдарға екі жүз солдат шықты деген суық сөз жетеді. Кенесары «солдаттар осы арадан өтеді-ау» деген ауылдарға «егер олар көрінсе бізге хабар беріңдер», — деп кісілерін шаптырады. Қазір өздері отырған ауыл, үстерінен Кәрібай қарттың жайлауларына қарай өткен қол туралы Кенесарыға хабар бермек түгіл, көп солдат қайта оралып осы ауылда тынығып жатқандарында «солдаттарды көрген жоқпыз» деп бұларды алдайды. Артынан анығын естіген Кенесары қаһарына мініп, бес жүз сыпайын өзі бастап келіп, осы ауылды шабады. «Бұларың не, әй?» — деп үйден жүгіріп шыққан әлгі бала жігіт, ат қағып кетіп өледі. Ал Кенесары орасан қатігездік істейді. Ауылдың бас көтерер сегіз ақсақал билерін ат бауырынан өткізіп ұрып өлтіреді. Бар малдары мен отызға таяу қыз-келіншектерін, елуге жуық жігіттерін байлап-матап алып кеше өзінің ордасына жүріп кетеді. Кектескен сұлтан, Ағыбай басқарған екі жүз сыпайына ауылдың қалған қатын-қалашын, шал-кемпірін тегіс осы арадан көшіріп өзінің қарамағына айдап әкелуді бұйырады. Үйлерін жығып, жұрттың көшуге ыңғайланып жатқаны осы бұйрықты орындау әрекеті болып шығады.

Есіркегеннің жүрегі тағы да удай ашып кетті. Оның көз алдына жаңағы қараша үйдегі сурет елестей қалды. Хиуа, Қоқан хандарынан, патша жендеттерінен шабылып, қан жылаған халқын көріп жүрегі бір өртенсе, қаны бір қазақтан қан қақсаған халқын тағы көріп, жүрегі екі өртенді.

— Кенекеңе хабар бермеген ел билеген ақсақалдар делік, — деді ол даусы кенет дірілдеп кетіп, — оларды жазалау бір ретте дұрыс та шығар. Бірақ, осыншама зар жылатар өзге қарапайым жұрттың қандай жазығы бар?..

— Кенекең олай ойламайды, — деді Ағыбай төмен қарап. — Бауырлас қазағын қыруға өтіп бара жатқан «кәрі қылышты» көре тұра бүкіл ауылдан хабар берер бір еркек кіндікті шықпағанына сенгісі келмейді. Бүкіл ауылды өзіне қас көреді. Сондықтан Кәрібай қарттың өшін Ахмет правительдің нағашы жұртынан алып отыр. Мен бұларды осылай шапсам, өзге жұрт кәрімнен қор-

қып екіншілей мұндай іс істемейді дейді.

— Сонда қайда барса да қырылатын бір қазақ екенін Кенекең ойламағаны ма? Бұл ел қамын ақылға салар кемеңгердің ісі ме?

— Кенекең жау қазақтың қырылғанын жау солдаттардың қырылғанымен тең көреді.

— Өзіңіз де солай ойлайсыз ба?

— Өз басым қан майданда бетпе-бет келмесе қарапайым елге қамшы көтеріп көргем жоқ. Ал бай тұқымы мен төре тұқымына деген мәңгілік өшпес өшім бар.

— Кенекең де төре тұқымы емес пе? Оған да өшіңіз бар ма?

— Ж-оқ, — деді Ағыбай сөзін созып. — Кенекең ел қамын ойлаған адам, оны төре тұқымы деп санауға болмайды. Ол жалпы қазақтың жоқтаушысы.

— Жоқтаушысы болса мына жазығы жоқ жұртқа істеп отырған қиянатына жол болсын! — Есіркегеннің көз алдына тағы да қараша үйдегі сурет елестеп кетті.

Ағыбай тұнжырай қалды. Өзіне ермеген елге деген Кенесарының қаталдығы бұған да, Байтабынға да бататын. Бірақ серіктікке опалы батыр «ісі қиындалып тұрғанында ала ауыздық көрсетуім сөкет болар» деп сұлтанның қай қылығына болса да көніп баққан. Ал Байтабын сырын білдіріп алған. Мұндайды кешпейтін Кенесарының қатыгездігі өзіне аян. Ағыбай жас батыр үшін қобалжуда еді. Есіркегеннің сөзі бітеу жарасының дәл үстінен басты.

— Шырағым, — деді ол кенет күрсініп, — сен бір қиын сыр қозғадың ғой...

— Баланың сөзі дұрыс, хабар бермедіңдер деп бұл ауылға біздің істегеніміз қатыгездік, — деді бір бүйірден сәл қоңырқай дауыс, — мүмкін хабар бергілері келген де болар, бірақ қорыққан шығар? Кенекеңнен өлді не, өз билерінен өлді не, ажалдың аты ажал, кімге болса да қорқынышты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий