Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Есіркеген келгенде Күміс үйде жоқ екен. Алтыншаш екеуі жетім балаларды ертіп қала шетіндегі орманға серуенге кетіпті. Жас жігітті генералдың өзі қарсы алды. Бұның Петербургке оқуға бара жатқанын естіп, тіпті еркін, ашық сөйлесті.

— Оқы. Білім алып тезірек қайт, — деді ол бір сөзінде Есіркегенге, — сендердей көзі ашық азаматын күтіп отырған елдерің бар.

— Петербург бізді кім етіп дайындайтынына кімнің көзі жеткен, — деді Есіркеген генералдың жылы сөзі көңілін тебірентіп, — мүмкін менен де войсковой старшина Лебедев секілді орыстың бір қаншелек офицерін істер...

— Жоқ, сен ондай жолға түспе, — деді шын ойымен генерал Генс, — Петербургте демократшыл, ақыл ой иесі кісілер көп. Соларға жақындай біл. Олар сені қанды жолға салмайды...

Есіркеген аң-таң. Орыс генералы. Айтып отырғаны патша генералына жат ойлар. Оның есіне бағанағы жігіттің «бұл жанаралдың өзі қызық адам...» деген сөзі түсті. «Рас қызық адам болуы керек... Бір ретте шын ақ жүрек жан... Әлде менімен жай қалжыңдасып отыр ма? Солай секілді... Ақ жүрек адам болса, Кәрібай шалдың аулын неге шаптырды? Сондағы жазықсыз төгілген қанда мұның да үлесі бар емес пе?!»

Кәрібай шалдың аулындағы көрініс көз алдына елестеп кеткенде Есіркеген өзін өзі ұстай алмады. Болған уақиғаны генералға тегіс айтып беріп, «бұған кім айыпты?» дегендей Генстің бетіне қарады.

Генерал үн-түнсіз ұзақ отырды да, әлден уақытта барып:

— Мексика, Перу жерлерін испандықтардың қалай билеп алғанын естігенің бар ма? — деді. Конкистадорлар жергілікті жұрттың бірін қалдырмай қырмақ болған. Тіпті қазіргі Америка, Англия отаршылдарының саясатын алсақ онда да сол қиянат. Бұлар да бір индеец, бір негр қалдырмай дүниеден жоқ етуге дайын... Индеец пен негрді біржолата құртып жіберуге тек қара жұмысқа, плантацияларға тегін пайдаланатын күш керек... сондықтан ғана оларды құл ретінде резервацияларда амалсыз ұстауда... Егер орыстың Горчаков, Скоблев секілді генералдарына салсаң осынау кең далада бірде-бір қазақ қалдырмауға бар. Бірақ бұлар орыс халқы емес, орыс халқы түгіл саналы оқығандарына да жатпайды, бұлар Николай Палкин секілді отаршыл патшаның ауыр күржілері. Қазақ басына төнген осындай ауыр күржілерді біз шамамыз келгенше жеңілдетуге тырысудамыз. Бірақ бірден бар ойыңды іске асыра алмайсың, — ол сәл тоқтап қайта сөйледі. — әзірге біз азбыз, олар көп. Халық әлі оянбай жатыр. Сондықтан мұндай үлкен күресте жаңағы сен айтқандай уақиғалар болып тұрады. Бірақ қазақта мақал бар ғой: «Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма» деген, ақ патшаға өкпелеймін деп орыстың демократшыл адамдарынан безуге болмайды. Сен де безбе, өйткені олар қазақ секілді кішкентай ұлттың үлкен қайғысына ортақ.

Есіркеген генерал сөзінен үлкен әсер алса да үндемеді, ауыр жарасына шипа тапқандай, тыңдаған үстіне тыңдай бергісі келді.

— Түбі, — деді генерал Генс, — қазақ халқы орыс халқымен достасады... Ал оған дейін патша ағзамның дегені болады. Қазақ жерінде оның отаршылық саясаты әрі кеткенде енді бір жиырма жылдың ішінде аяқталады. Күш қазір Россия патшасының жағында. Россия отаршылық саясаты дегеніне жетпей тоқтамайды. Ал өз мақсатына жету үшін ақ патша аянбай қан төгуге бар. Сондықтан осы жиырма жылдың ішінде қан неғұрлым аз төгілсе, соғұрлым бұл қиянат қазақ халқына жеңіл түседі. Бірақ мұны басы Кенесары боп ұқпайды. Олардың қимылы пілге үрген қанден күшікпен тең...

Дәл осы кезде Алтыншаш пен Күміс келіп сөз бөлініп кетті, бірақ Генстің айтқандары Есіркегеннің жүрегінде құран сөзіндей жатталып қалды.

Күміс Есіркегенді туған ағасын көргендей көзінен жасы парлап, құшағын жая амандасты.

Амал не, ұзақ сөйлесуге мүмкіншіліктері болмады. Есіркеген ертеңіне Петебургке жедел баратын жәмшіктермен бірге жүріп кетті. Тіл ұшында айтылмаған сыр, көңілде шешілмеген жұмбақтар кете барды.

ІІІ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий