Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Есіркеген дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Ол енді ғана сол жағындағы көгілдір көзді ақ сары жігітті көрді. Киімі қазақша болғанмен түрі орысқа тым ұқсас. Бұл Жүсіп-Иосиф Гербурт еді.

Есіркеген Кенесары әскерінде қазақтан басқа орыс, башқұрт, татар секілді бөтен ұлттың адамдары да бар деген сөзге бұрыннан қанық болатын. Сондықтан ол:

— Сіз орыссыз ба? — деп сұрады таза орыс тілімен.

Ауыл жігітінің орысша таза сөйлегеніне енді Иосиф Гербурт таңданды.

— Орыспен бауырлас ұлттанмын, — деді ол күлімсірей.

— Ғафу етіңіз, — деді Есіркеген өзін өзі ұстай алмай, — егер құпия болмаса, қазақ арасында қайдан жүрсіз? әлде тұтқын болып қолға түстіңіз бе?

Гербурт жымия күлімсіреді.

— Жоқ. Мені қазақ арасына өз ұлтымдағыдай ұлттық бостандық арманы әкелді.

Үй іші қазақ жігітінің Жүсіппен басқа тілде сөйлеп кеткеніне аң-таң. Ағыбай ішінен: «Бәсе, Масан қарттың орысша оқып жатқан бір немересі бар деуші еді, мынау сол болды. Дәу де болса тегін жүрген жоқ, ұстап алып өзін Кенекеңе алып барайын ба?» — деді ол бір реттен, бірақ бұл ойынан тез қайт-

ты. «Жоқ, жоқ, өйтуім ағаттық болар. Жұрт сыйлайтын Масанның немересін ұстағаннан жақсы ат алмаспын. Алдынан жарылқасын, қоя берейін», — деп шешті.

Ағыбай босатқанмен Есіркеген бірден жүріп кетпеді. Жаңағы орыс пішіндес жігітпен тілдескісі келді. Иосиф Гербурт та мұнымен сөйлесуге құмар екен. Жолаушылар ас ішіп отырғандарында өзі келіп Есіркегенді ертіп, ауыл сыртына шығып кетті. Ұзақ сөйлесті. Бірімен бірі әбден танысты. Тек Иосиф Гербурт өзінің кім екенін айтқан жоқ, бірақ қазақ елінің шын досы екенін жасырмады. Есіркегеннің жолай көргенін естігенде, оның қам көңілін жұбатып:

— Қазақ халқының өзін өзі сақтап қалуда жалғыз ғана жолы бар. Ол Россияға қосылу, — деді. — Сенің көргенің Россия патшасының отаршылық саясатын жүзеге асыруға шыққан генералдардың ісі. Россияда тек қана ақ патша генералдары емес, сол ақ патшадан зорлық, зомбылық көрген қазақ халқы секілді ұлы орыс халқы бар. Түбі сол халықтың дегені болады. Ал ол халық бостандыққа ұмтылуда. Сондықтан Россия жұртымен бірігу бұл үлкен прогрестік жол.

Есіркеген кенет Гербуртке бұрыла қарады.

— Осы айтқандарыңызды Кенесарыға айтып көрдіңіз бе? Ол не дейді?

— Шет жағалап айтып көрдім. Мен оны алғашқыда шын ұлт күресінің көсемі ме деп ұғып едім. Сондай ойда келіп қосылғам. Бірақ сұлтанның ісі де, өзі де маған күннен-күнге жұмбаққа айналып барады... Шамам келсе тағы да бір рет сөйлесем, орынсыз қан төгудің қате жол екенін түсіндірем.. Ал алда-жалда айтқанымды ұғар болмаса, амал не, жолымыз екі айырылады....

Есіркегендер Ағыбай көші қозғалардан бұрын жүріп кетті.

Гербурт сөзі көкейіне қонғандай болғанмен де, көз алдынан Қоқан мен Хиуа хандарының барымталаған, ақ патшаның жендеттері талаған, Кенесары шапқан үш ауылдың қан жылаған суреттері кетпей қойды. Хиуа, Қоқан, Россия ақ патшасы, қазақ сұлтаны — төртеуі төрт жақтан қанды шоқпарларын басына ойнатқан сорлы халқының құрып кетуге таяу тұрған тағдырын ойлағанда, өн бойы өртеніп, көкірегі қарс айрыла қайғы билеп, өзін өзі ұстай алмай толықсып ат үстінен құлап кете жаздайды. «Бұл дағдарыстан құтылар қандай жол бар? Кім қолын береді? Бағанағы жігіт орыс халқы дейді. Бірақ сол орыс хал-

қы, сол жігіттің өзі айтқанындай, теңдікке жетіп қол ұшын бергенінше, көрінген жендет топтар Кәрібай шалдың аулындай шаба берсе сорлы қазақтың несі қалады? Жарық күнге жеткенше жалыны, түгіл, шоғы да сөніп бітпей ме?»

Осындай ауыр оймен Орынборға жеткен Есіркеген, Кенесарыға қосылып кеткен өз руының бір жігітінен Күмістің генерал Генстің үйінде екенін естіді.

— Бұл жанаралдың өзі қызық адам көрінеді, — деді әлгі жігіт, — солдаттары ауылды шабады, ал өзі жетім қалған қазақ балаларын үйінде асырап тәрбиелейді. Күміс солардың бақташысы.

Бұл жігіт Таймастың Алтыншашқа жіберген құпия адамы болатын, Генстің үйін жақсы біледі екен, Есіркегенге жол сілтеп жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий