Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кенесары хан болғаннан бері, тек Абылайдың ала туын өзінің жасыл туына айырбастағаны болмаса, көбіне ата дәстүрін берік ұстауға тырысқан. Сондықтан Маймене мен Майсараны хандық, соғыс істерінде ең жақын, ең сенімді серіктері Таймас пен әбілғазыға берген. Таймас арғын руынан болғандықтан оны Маймене, сұлтан тұқымынан шыққан өзінің немере інісі әбілғазыны, нағашы жағынан Қыпшақ болғандықтан Майсара еткен. Бұл екеуі қай жерде жүрмесін, осы тәртіпті бұзбайтын. Міне қазір де Таймас ханның оң жағында, әбілғазы сол жағында отыр.

Тамыздың бас кезі болса да, бүгін күн шілдедей тым ыстық еді. Қазір күн батуға таяп қалған кез. Кеш бола, төбе басында салқын жел соғып, оба қасындағы үш адам демдерін еркін алғандай. Төменде Ырғыз өзенінің өреме тұсында жаудан тасаланған хан аулы жатыр.

«Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп» деп өзінің үндеместігіне сылтау тапқан Жалайырдың Жанғазы деген байындай емес, Кенесары шынында да сөзге сараң, тұйық, бірақ көп ойланатын-ды. Ал өткен жылғы жеңістерінен кейін тіпті аз сөйлейтін болып алған. Хандықты басқаруда ең жақын деген бір табақтан ет жеп, бір дастарқаннан шай ішіп жүрген Таймас пен әбілғазыға да ол ақырғы кезде анда-санда ғана сырын айтатын. Таймас пен әбілғазы хандарының бұл қылығын «тұтқындағы бәйбішесі мен балаларын сағынған шығар. Қайсар мінезіне салып бізге айтқысы келмей, құр іштен тынған түрі ғой», — деп ойлайтын. Бірақ биылғы жылдың ортасында генерал Обручевпен жүргізілген келісім бойынша тұтқындар айырбасталып, Күнімжан балаларымен үш жылға таяу Орынборда болып, осыдан екі ай бұрын сау-саламат қайтып келген.

Алайда Кенесары бір-екі күн ақжарєын жүрген де, қайтадан қайғы теңізіне түсіп кеткен, түнере бастаған. Ханның бұлай ұзақ тұнжырауын екі ақылгөй түсіне алмай-ақ қойған. Кенесары қандай қайғы келсе де, үш күннен кейін ұмытатын. Ұмытпасқа өмірдің өзі де қоймайтын, күнде аттаныс, шабуыл, бір қайғыны күн салмай басқа қайғы жеңіп жатқан кез. Былтыр Байтабын батыр өлгенде де, ел арасын татуластырудың шешені әлім Ягудин мен бүкіл кеңсе жұмысын, алым-салық істерін басқарып жүрген Оспанұлы Сидақ Қожа қолға түскенде де үш-ақ күн қайғырған. Төртінші күні қайтадан көкбурылға мінген. Бұрынғысынан да қатулана түскен. Биыл Кенесары онша күйзелердей апат ел басына туған жоқ. Тек бұрынғы Елек өзенінің бойына көшіп барған руын иесіз тастамайын деп, жаз басында Жоламан батыр хан қасынан көшіп кеткен. Кенесары құшақтаса қол алысып қош айтысқан. Жоламанның еліне қайтуына өзі рұқсат берген. Ал жақында бөтен ұлттан жалғыз сырласы Иосиф Гербурт —Жүсіп үшті күйлі жоқ болып кеткенде, тұнжырай отырып: «Айдыныма келіп қонған аққуым еді, сірә көлім тайызданайын деген екен, жолынан жарылқасын. Ұлтым бір дейтін еді, тек Бесонтиінге барып қосылмаса болғаны», — деген де қойған. (Бесонтиін деп қазақтар Сібір казактарының басқармасы бастығы, заты поляк, генерал-майор Вишневскийді айтатын).

Осындай жағдайда жүрген Кенесары бүгін ең жанашыр екі серігін алып оба қасына келген. Ертең осы араға Кенесарының қарамағындағы ел билеп отыр-

ған батырлары, билері жиналмақ. Алдағы уақытта не істеу керек, соны ақылдаспақ. Өздерін хан шақырғанда Таймас пен әбілғазы сол мәжіліс туралы кеңеспек болар деп ойлаған. Бірақ Кенесары сөзін тіпті бөтеннен бастады.

— Мен кеше бір түс көрдім... Түс емес-ау, өзімнің ажалымды көрдім. Соның жоруын сұрайын деп едім, — деді ол басын көтермей, жерді шұқылап.

әбілғазы жасы кіші болғандықтан Кенесары өзі сөйле демесе үндемейтін. Әдет бойынша мұндай жағдайда сөз Таймасқа тиетін. Ол сол әдетіне салып:

— Түс түлкінің боғы деген, хан ием, оны жорытып не қыласыз, — деді, Кенесарының «ажалымды көрдім» дегенінен шошып.

— Жоқ, түсім демеңдер, өңім деңдер...

— Жақсы. Айтыңыз.

— Біз, қалың қазақ осы арадан босып Балқаш барып, Қамал аралында қыс өткізіп, одан Меркені алған екенбіз. Қырғыздың манаптары Сарбағыш Орман мен Жантайға: «Ағайынды екі жұрт бірігіп, Қоқан ханын жойып, жеке ел болайық», — деп хат жазыппын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий