Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жөн ғой. Қырғыздар біздей Россия патшалығының қорлығын көрген жоқ қой әлі... Қоқан ханының қиянаттары болмаса, елі де, жері де сау, ақ патшаға қарсы келмейді...

— Орман өзі хан болғысы келеді екен, ол «сен маған бағын, сөйтсең бірігуім мүмкін, әйтпесе өзіңді ұстап берем. Сенің басыңа Бесонтиін үш мың сом күміс ақша мен алтын медаль бергелі тұр», — дейді. Мен не дегенімді білмеймін, осы арада шым-шытырық бірдемелер басталды. Қалиғұл манап келіп, өзара татуласып, бір-бірімізге тимейтін болып бітім істеген тәріздіміз, бірақ ол бітімді, менің басымды сатып шен алмақ болған манаптар уәдесін бұза ма, келісім сұрап барған Саурық батырды өлтіріп, Күнімжанның інісі мен Жанасты қолға түсіріп, көп төлеу сұрай ма, қалай, әйтеуір біз олармен соғысуға бел байлаппыз...

— Түсіңізге тағы соғыс кірсе қиын екен. Ел тым күйзелуде ғой.

— Иә, бұл тек түс болсын де. Содан қан төгіс басталыпты. Екі жақтан бірдей жазықты, жазықсыздар қырылып, жылаған бала, қатын-қалаштың ойбайынан жер түршіккендей...

— Япырмай, ә... Онсыз да төгілген қан аз емес еді ғой...

Сайып келгенде біз Орман манаптың әскерімен бетпе-бет келіппіз. Екі жақ Шу өзенінің бойындағы Қара Қоныс жазығының күншығыс шеті Кекілітау етегінде кездесіппіз. Кекілінің «әулие шыңы» аталатын басында Орман қолы. Ежелден қан жосыған жер деп саналатын Майтөбе адырының басында біз... Сол жағымызда қалың бұйратты Алмалысай жазығы. Одан әрі Шу өзені... Олар биікте, біз төмен. «әулие шыңының» басындағы Пішпектің құшбегі әлішер датқа мен Орман манапты өңімдегідей анық көріп тұрмын. Манаптар «бәлем, тұра тұр!» деп жұдырықтарын түйеді. Күншығыс жағымыздан, атын білмеймін, тағы бір қарлы биік шың елестейді. Оның басында Бесонтиін. Ол Орман мен әлішерге қол бұлғайды, «Кенесарыны тез құрт. Жәрдемге бір атқанда мың адамды қыратын қаруы бар жүз әскерімді жібердім», — дейді. Етекке қарасам Бесонтиіннің сөзі жөн секілді. Екі сыпайы самаурынға ұқсас буы бұрқыраған бірдемеден оқты қардай боратып тұр.

— Күндіз не ойласаң түсіңе сол кіреді деген, — деді бағанадан бері үндемей отырған әбілғазы — есіңізде ме Жүсіптің әнеугі сөзі.

Жүсіп Орынбордан келген бір қашқын солдаттан өз елінде шығатын бір журналды сұрап алған. Сол журналда көп нәрсе жазылған екен. Оқты қарша боратып, бір атқанда мың сан адамды жоқ ететін болашақта ғажайып қарулар шығады-мыс деп Жүсіп Кенесарыға айтқан. Тыңдап отырған Кенесары «Шіркін-ай, сондай қарудың бір-екеуі менде болар ма еді», — деп арман білдірген.

— Мүмкін сондай бәле ме, әйтеуір жантүршігер бір ғаламат, — деді сөзін қайта жалғап Кенесары, — соғыс әлі басталған жоқ, бірақ менің екі көзім Кекілітау жағында. Күндіз көзіме түсері тау басына жыра, сайы, қойнау мен шаңын бұрқыратып ағылып келе жатқан қалың қол. Түнде бүкіл Кекілітаудың бойын қаптай жанған оттар... Мен шошынып, әбілғазы, сенен: «Кекілідегі қырғыз көп пе, аспандағы жұлдыз көп пе?» — деп сұраймын.

әбілғазы езу тартып күлді.

— Кене аға, бұныңызға мен жауапты қазір берейін, Сіз манаптардың өздерін көрдіңіз бе, әлде тек шаң мен отты ғана көрдіңіз бе?

— Шаң мен отты ғана көрдім. Манаптардан көргенім тек Орман, әлішер, Қалиғұл.

— Онда бұл ескі қулық. Ескендір Зұлхарнайынға қарсы соғысқанда сақ, қыпшақ, үйсіндер осындай әдіс қолданыпты. Түнде қос басына емес, әр сыпайдың өзіне жеке от жақтырып, ал күндіз екі сан қолды екі таудың арасымен шаңды аспанға шығара ерсілі-қарсылы жүргізе беріпті. Қазақтарды бұрын білмейтін Ескендір Зұлхарнайын «бұл не қылған көп қол еді» деп сескеніп, қазақ даласына аттанудан бас тартыпты. Қос мүйізді Ескендірдің біздің жерге келмеуінің бір себебі осында көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий