Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сүйік төренің қарауындағы елу бес мың жанды қол астыңызға алыңыз деп Қоян жылы патшаға қағаз жазғаны өзіңізге мәлім. Ал Рүстем сұлтан өткен жылы біз мұнда қан төгісіп жатқанда, Қапалға барып Бесонтиінға мәңгі сендерлік боламыз деп шен-шекпен кигенін естідік емес пе... Сөйтіп отырып олар бізге қалай қоныс береді? Қоныс берсе де, ол қоныс Арқаның көп қазағына жете ме, амал жоқ Қоқан хандығындағы жеріміз үшін күресуге тура келді. Ал Хиуа мен Бұқар өзара қырылысып жатқанда, Қоқан қазір әлденіп алды. Жыланды үш кессең де кесірткедей күші бар. Қазір оны жеңе қояр бізде қуат жоқ, Амалсыздан қырғыздан жер сұрап, Қоқанға қарсы бірігейік деп өтінуге мәжбүр боламыз. Бірақ оған қырғыз көне ме?

— Көнбесе.. Қоқанға әлім жетпесе де, қырғызға әлім жетеді, күшпен көндірем.

— Кене аға, өз жерімнен айырылдым деп, басқаның жерін тартып алу қиянат. Қазір бізге күштен көрі ақыл керек. Жаңағы түсіңіз маған ой салды. Егер Қоқан, қырғыз, орыс үшеуі бірігіп кетсе қайтесіз?..

Кенесары жауап қайырмай ойға кетті. Ай туғалы әлдеқашан. Әр жерден Кенесарыны алыстан орағыта күзетіп жүрген Батырмұраттың атты жасақтарының селеуіттері көрінеді. Қазақ Темірқазықтың екі жағындағы Ақбозат, Көкбозат деп атайтын жұлдыздардың қай жерде тұрғандарынан жер тұсын айырады, жолды табады. Ал Жетіқарақшы мен Үркер жұлдыздарына қарап түннің кезеңін, жылдың мезгілін біледі. Қазақ түсінігі бойынша Жетіқарақшы Үркердің қызын ұрлапты-мыс. Үркер сол қызымды қалай қайтарып аламын деп Жетіқарақшының осал жерін іздеп оны айнала аңдиды-мыс. Сол Жетіқарақшының қай тұсына Үркер келіп тұрса, сол тұс түннің өзіне сәйкес белгілі мезгілді көрсетеді. Бағанадан бері әңгімеде отырып, қанша уақыт өтіп кеткенін аңғармай қалған Таймас түннің қай кезі болғанын білейін деп Жетіқарақшы мен Үркерге қарады. Дәл осы сәтте төбе тұсынан бір жарық жұлдыз аға жөнелді.

— Жұлдызым жоғары, — деді Таймас ақырын күбірлеп.

Қазақ түсінігінде жұлдыз ақса кісі өледі. Сондықтан жұлдыздың аққанын көрген адам өзі өлмес үшін «жұлдызым жоғары» дейді.

Кенесары мен әбілғазы да ауыздарын жыбырлатты. Кенет әлдеқайдан тамылжыған ән естілді. Ән әуені де, оны орындау салты да Арқа жағынікі. Көркем, ырғақты дауыс, біресе шың басына қалықтай көтерілген бүркіт тәрізді, біртіндеп жоғарылап шырқай түседі де кенет ойдағы ақкіске шүйілген ителгідей, төмендеп құлдырай жөнеледі. Кенесары мырс етіп күліп жіберді. Оның есіне ән туралы айтқан Бұқарбайдың аңыз ертегісі түсіп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий