Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл бір еске алатын қулық екен, — деді Кенесары. Сөйтті де түсіне қайта кірісті. — Қырғызға бірге аттанған Сыпатай батыр мен Рүстем төре бізді тастап кетіп барады. Ар жағында тағы да шым-шытырық бір пәлелер... Жекпе-жек шыққан батырлар, қарама-қарсы беттесіп келген қолдар. Орманға мен: «Шық жекпе-жек!» — деймін. Ол маған борбайын көрсетіп күледі. Қысқасы, бір кезде біздің қалың қол қоршауға түскен екен деймін. Бір жағында патша солдаттары, екінші жағында қисық қылыш қоқандықтар, үшінші жағымызда ала қалпақ манаптар. Жанталасып жан-жағыма қараймын. Қоршауды бұзам деп екі жүз жігітпен жауға шапқан Наурызбай... Ар жағында тағы шым-шытырық... Дәл өңімдегідей: «Япырмай, бұдан да қиын кезеңдерде жол тапқан ақылым қайда деймін. Патшаның зеңбіректі бес мыңдаған әскеріне бой бермеген басым, мына тоғышар манапқа төтеп бере алмағаның ба?» — деймін өзімді өзім қинап. Бірақ төтеп бере алатын емеспін. Әсіресе сыпайларымның құтын алып, қырып бара жатқан екі бүйірімізден атылған әлгі самаурындай буы бұрқыраған ғажайып қару... Әлден уақытта Ақауыздың жалын құшып Наурызбай құлады. Тек қолды жарып Ақылағымен қамалай қуған жауға жеткізбей Ағыбай ғана құтылды. Қоршау таяған сайын тынысым тарылып, Батырмұрат бастаған серіктеріммен иірімді Қарасу өзеніне ат қойдым... Астымдағы атымды иірім ала жөнелді. Қай жағымнан келгенін білмеймін, біресе Батырмұрат, біресе Қараүлек, біресе сен екеуің, біресе Арғын, Қыпшақтың жас жігіттері суға жібермей мені жағаға алып келе жатыр...

Терлеп кеткен Таймас:

— Япырмай, түстегі су өңіңізде көрер азабыңыз ғой, әйтеуір жар жағасына шықтыңыз ба?

— Шықтым ғой. Бірақ алдымда Төрегелді манап басқарған Қалиғұл жасағы тұр екен. Қолға түстім... Ар жағында тағы шым-шытырық, біреу жылап, біреу күлген тәрізді. Бұл уақытта қарасам сыңсыған жау ортасында тұрмын. Бұл бір үлкен той тәрізді. Ең ортада Қалиғұл манап, «иманыңды айта бер, қазір басыңды аламыз» дейді. Мен иманымды айтып, аллаға жалынғаннан гөрі, басымнан өткен өмірімді, ағайын-туысымды, қатын-баламды, үзеңгілес серіктерімді, туып өскен Көкшенің көгілдір тауларын, Сарыарқаның айдын шалқар көлдерін, жасыл орман, көк шалғын белдерін көз алдыма елестетіп ән салдым.

Кенесары бұл жолы да ел қамқоры ер болып көрініп отыр... Әбілғазы мен Таймастың жүйесін босата сөйледі.

— Сондағы қоштасуымның екі ауызы қазір де есімде:

Қош аман бол, Сарыарқа өскен жерім,

Қайтқан қаздай қалың ел, көшкен жерім,

Тізе қосып бар қазақ ел бола алмай,

Ит пен құсқа жем болып өшкен жерім.

Сен де аман бол, Сарысу, Қаратауым,

Жеңе алмадым, Қоқанда кетті дауым.

Қорқыт көрі алдымда қазулы екен.

Ақырында, мінекей, жеңді жауым!..

Осы қоштасуымды айтып басымды Қалиғұлдың қолындағы қылышқа тоса бердім. Сұп-суық болат қылыш көк желкемнен кірш етіп кіріп, өндірімнен бір-ақ шықты, басым анадай жерге домалап түсті..

— Япырмай, — деді Таймас маңдайына шыққан суық терді орамалымен сүртіп, — қазақ түсінде өлген адам ұзақ жасайды дейтін еді, ұзақ жасарсыз, Кенеке...

— Қоя тұр, ұзақ жасар, құзғын құс кімге тұлға боп жүр? — деді Кенесары Таймасқа, — қызығы артында...

— Түс десе түс екен, әлгіден кейін де бірдеме көрдіңіз бе? — деді Таймас «өлгеннен кейін» деген сөзді айтуға аузы бармай «әлгіден кейін» деп.

— Кәптің бәрі осында боп тұр ғой. Соның жоруын сұрамақпын сендерден. Өзім өлсем де, бәрін естіп, көріп жатырмын. «Кенесары өлді» деп соңымнан ерген бірқауым жұрт аза тұтып, күңірене жөнелді. Құлағыма сол қайғының ішінен Нысанбайымның жоқтауы дара естіледі. Тоқтай тұршы қалай деп жылап еді Нысанбай? Иә, бір-екі ауыз сөзін әлі ұмытқам жоқ:

Тұлпардан сайлап ат мініп,

Дорбадан жемін жегізген.

Жем орнына бал беріп,

Қысырдың сүтін емізген.

Басуға қалың жау келсе,

Алып шығар дегізген

Кенекемді қалдырып,

Көк бурыл, саған не болды?!

Кенекем менің кеткен соң

Заманым қалды тарылып.

Халық иесі ханымнан

Екі бірдей қанатым,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий