Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Иә, менің қу басым әлгі жұрт тамашалайтын кең сарайда тұра берді. Орысша білмеген соң атын да ұмытып қалдым, «өрім тәж» дей ме, «ерім тәж» дей ме әлгі үйді... Әйтеуір әркім келіп қу басқа бір қарайды. «Япырмау, мынау қу бас әлгі дала сұлтаны Кенесары дегеннің басы ма?» — дейді кейбіреулер, ал кейбіреуі: «Мұның Россия патшасына көнбеймін деп істемегені бар ма, қанша жұрттың обалына қалды», — десе, бағзы біреулер: «Елін отаршылықтан қорғаған ер еді, қас манаптары патшаға сатылып өлтірді», — деп аяйды, ал енді біреулері: «Нағыз көзін шұқитын қанішер еді, қарашы, қандай қадірлі жерде тұрғанын», — деп қу басыма кіжінеді. Тіріде бірін естімеген сөзімнің мыңын естіп тұра бердім. Ал бір қызығы әлгі үйде... Біз секілді қу бастарды әр жылда сәкіден алып, астыңғы үйге апарып, тым тез қурап қалмасын деп, дәрі жағып, азын-аулақ майлап қайта әкеліп жүреді. Мен өлгеннен кейін сегіз жыл өткен соң, осындай астыңғы үйге тағы бір апарғандарында сәкі үстінде тұрған Орман манаптың да басын көрдім. Қуанғанымнан ба, ашуланғаннан ба, кәдімгі өңімдей еңіреп жылап жібердім... Бақсам Сарыбағыш қырғыз бен Бұғы қырғыз жерге таласып Жасылкөл бойында өзді-өзі ұрысқанда, Бұғы қырғыз жағындағы біреу; «Талайдың қанын ішкен, жұртыңа бүйідей тиген сұм едің, өлу қалай болады екен көр», — деп айбалтамен көк желкесінен шауыпты. Ақ патшаға еңбегі сіңген қырғыз ханы еді деп басын біз тұрған «ерім тәжге» әдейі әкеліпті. «Япырмай, тірімдегі қасымнан, өлгенімде де құтыла алмадым-ау», — деп мен ыршып-ыршып түсіппін. Бірақ бір ақсақалды қарт адам Орманның басын қолына ұстап тұрып, астындағы қағазға қарап: «Патшаға еңбегі болғанмен, халқына еңбегі жоқ мұндай бастардың бұл үйде тұруының қанша қажеті бар? Дүниеде не көп, мұндай бастар көп, әкетіңдер», — деді.

Таймас езу тартып күлді.

— Бәсе, Кенекем тұрған жерде Орманға қалай орын болсын, ақсақал дұрысын айтқан.

— Асықпа, тұра тұр... Осы түсімнің жоруын айтпастан бұрын, Таймас, сенен екі сұрағым бар. Жауап бер, әрине, Жүсіп сенен гөрі тереңірек жауап берер еді, амалымыз қанша, көктемде келген жыл құсы күзде тұра ма...

— Айтыңыз, қандай сұрақ?

— Бірінші сұрағым: ақ патша адамдары менің маңдайыма «қарақшы сұлтан басы» деп таңба салды. Россия патшалығына көнбей өз жерімізде қазақ хандығын құрамын десем, оным қарақшылығым ба?

— Кім бұл іске қалай қарайды. Қоржынды қарабура сияқты жендеттердің көзімен қарағанда, әрине, сіз қарақшы қанішерсіз...

— Екінші сұрағым: ақ патшаға жағынып менің басымды алдырған Орман ханның басын әлгі алтын сарайға қоймай, өмір бақи қас болып кеткен менің басымды неге қойды, соны ойлашы?

— Орыс ұлы халық. Ұлы халық қашанда болса ұлылығын істейді. Жаман достан, жақсы қасты айыра біледі.

— Ұлы халық. Ұлылығы қазақ секілді азғантай елді жәбірлегені ме?

— Жәбірлеген ақ патша ғой... Ал ол жәбірлемесін десең, сенің халқың да сондай көп, сондай ұлы болуы керек.

— Азғана асқа бақауыл , азғана елге бек болма деген осы да!

— Неге олай дейсіз, хан ием! Көктегі күнді күркірете алатын жайтасы едің, қазағыңның басы құм секілді бірікпесе амалың не.

— Иә, аз жұртты басқарсам да, көп жұртқа жараймын ба деуші едім, жаңа түсіндім: бұл Абылай атам заманы емес екен. Хан болып қаталдығыммен жеңем бе деп едім, о да алдануым тәрізді... Қазір қазақтың басын біріктіруден қасқырдың басын біріктіру жеңіл. Жә, болды. Ендігі әлгі түсімнің жоруын айтыңдаршы. Түсім емес, өңім деп қараңдар. Егер болашағым дәл осы түсімдей болса қандай ақыл бересіңдер?

— Ақыл біреу-ақ: Арқа жерінен кетпеу керек. Не болса да Россия патшасының айтқанына көнген жөн, — деді Таймас.

Кенесары ренжіген жоқ, Майсара жағына бұрылды.

— Сен не айтасың, әбілғазы?

— Менің де айтарым Таймас ағаның сөзі. Абылай ханның ұрпағы, туысымыз десеңіз де, Сүйік төре мен Рүстем сұлтанның келіңдер дегеніне сеніп, Ұлы жүздің жеріне көшуге болмайды.

— Неге?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий