Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Атбасар дуанынан Сырдарияға дейін, ортадағы Қарақойын, Қашырлы, Есіл, Терісаққан өзендерімен Арғынаты, Ұлытау, Кішітау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Сарысу өзендері бойын жайлаған қалың Арғын, Найманның патша үкіметіне жағынған атақты екі байы болған. Бірі Бағаналы Жырық руынан шыққан Сандыбайдың Ердені, екіншісі — Арғын, өр Алтай руының шонжары Кішкентайдың Аққошқары.

Ерден өзге жұрттан төбесі шоқтанып биік тұратын зор денелі, семіз, томпақ бет ақ сары адам болса, Аққошқар көнтек ерін, аузы-басын тырбиған келте сақал-мұрт жапқан, толық денелі қара торы кісі екен. Жаз жайлауы мен қыс қонысы шектес қатар отырған екі елдің қос шонжарының тілегі де, айласы да бір. Екеуі де бықып жатқан бай.

Халық Ерден туралы:

«Баласы Сандыбайдың, Ерден, Дүзен,

Кигені қызыл түлкі, қарсақ күзен.

Біртіндеп санай алмай біткен малын,

Толайым қылған есеп бірден жүзден», —

десе, Аққошқар жайында:

Өрісім өрдегі Алтай — Қуандық-ты,

әркімге көрсетіпті жуандықты.

Аққошқар Сайдалының ауылынан

Бір көлден қырық мың жылқы суарылыпты.

Көлі бар Аққошқардың саумал атқан

Бір көлден қырық мың жылқы ішіп жатқан.

Байлығын Аққошқардың баян қылсам,

Бес жүз ат Орынборға бір күн сатқан», —

деп дәріптеген.

Осы екі бай Кенесары мен Обручев арасында бітім сөз жүріп жатқанда, егер Обручев Кенесарының тілегін орындап оған Ұлытаудан приказ құрып беретін болса, бауыр басқан жерімізден айрылады екенбіз деп қорқып Қоқанның құшбегі, Ләшкәрмен байланысып, мың жылқылы қысырақтың үйірлерін айдап беріп, бір түнде салынып, бітуге айналған Ұлытау бекінісін шаптырады. Әдейі «Абылайлап!» тиген Ташкент қарақшылары ешкімді аямайды, жақында ғана көшіп келген казак-орыстардың қатын-баласын, кемпір-шалын қырады. Ұлытаудың көк орай шалғынды етегін қан сасытады.

Ырғыз бен Торғайда көшіп жүрген Кенесарыны жоқ жерден бұл араға келе қояды екен деп күтпеген патша әскері қапыда қалады. Ал қоқандықтар бар істерлерін бір түнде істеп тайып отырады. Бұл хабар Орынборға жетеді. Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан, Кенесары бұл оқиға менің бұйрығыммен істелген жоқ дегенге Обручев пен былтыр Генстің орнына келген генерал Лодыжинский нанбайды. Қалай нансын, бүгін қарсы алдарында соғысып жүрген Кенесары ертеңіне желкесінен шығып бейсауат жатқан бекіністерінің талайын дәл осылай шапқан. Ең соңғы шабуылға шыққан Ембі бекінісі де апатқа дәл осылай душар болған. Бірақ Кенесары ешқашан дәл мұндай шектен шыққан қанішерлікті көрсетпеген. Ал бұл жолы... «Жоқ, Кенесарының ауруы тым ас-

қынған екен. Құтырған қасқырға тек ажал мен темір тор ғана қорған». Обручев пен Лодыжинский қаһарына мініп, жүріп жатқан бітім сөз бірден тыйылды. Көкек айының аяқ кезінде бітім орнына бұйрық қағазды алып ортада қырық бес күн жүріп офицер Долгов Кенесарының аулына келді.

Бұл бұйрықта былай делінген:

1) Қазақ даласында көшіп жүрген Орынборға қарайтын барлық қазақ ауылдары Россия империясының бөлінбес меншігі деп саналады. Әр шаңырақтан күмістей бір сом елу тиын салық алынылады.

2) Қазақ ауылдары патшаға салық төлейтін болғандықтан, олардан зекет жинауға сізге рұқсат етілмейді.

3) Ауыр қылмысты істер Россия империясының заңыменен сотталады. Ал елу сомнан асып түсетін алым-беріс істер шекара комиссиясында қаралады.

4) Орыс, татар, башқұрт қашқындарына пана беруге рұқсат етілмейді. Қазір күнде Кенесары қарамағында жүрген мұндай адамдар тез Россияға қайтарылуға тиіс.

5) Россия ақ патшасының билігінде болғандықтан Кенесарының ақ патша өзіне қас санайтын кісілермен яки мемлекеттермен ешбір қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.

6) «Сұлтан мырза, сізге, сіздің туыс, серіктеріңізге үкімет өзі бермеген дәреже, шенді өз беттеріңізбен алуға бұдан былай қарай ешбір рұқсат етілмейді» делінген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий