Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

қаралы, Аякөз, Көкпекті өкіріктерінің аға сұлтандарымен бірге отырып, осы мәжіліске қатынасқан Сібір қазақтарының Шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор және кавалер Вишневскийдің алдында өзіміздің ант қағазымызға мөріміз бен таңбамызды басып, біздің жерімізге келген ақ патшаға қарсы бас көтерген Қасым баласы Кенесары сұлтанды қоғам тыныштығын бұзушы, өзіміздің қас жауымыз деп санап, онымен еш қарым-қатынас істемеуге келістік. Және Кенесары мен оның серіктеріне өзіміз жайлап отырған қонысымыздан жер бермеуге, ал егер бүгінді-соңды тіпті Кенесары біздің жерімізден қуылған күнде де, оның Орта жүз, әсіресе бізге жақын тұратын өкірік қазақтарына істегелі жатқан қастығын естісек күні бұрын үкімет орындарына хабар етуге уәделестік», — деп жазды олар өздерінің актісінде.

Кенесары қазақ елін талан-тараж етіп бөліп алып жеке билеуге үйренген аға сұлтан билердің, өзінің «елді біріктірем» — деген ниетіне қарсы екенін білсе де дәл Ұлы жүз бен қырғыз жерінде өзіне мұндай қақпан құрылып жатқанынан бейхабар еді. Ал хандығын сақтаудың бөтен жолын таба алмаған соң, ол биыл Ырғыз — Торғай жағасынан көтеріліп, Шу мен Іле бойына көшіп баруды жөн көрді. Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан қауіп-қатер төнетін болса, Ұлы жүздің шетін ала қыс Балқаш көліндегі ұзындығы жетпіс бес, көлденеңі он бес шақырым, жан-жағын су қоршаған, тек өндірі ғана құрғақ, Қамал аралына бекінуді ұйғарған. Келесі жылы жаз шыға, әулиеата, Мерке тұсына көшіп, Қоқан хандығынан жәбір жеген қырғыз елін, Сайрам, Шу, Сыр бойының қазақтарымен біріктіріп, қайтадан жауына қарсы шықпақ болған. Ол үшін Қоқан ханының тегеурінінен құтылып, Қытай мемлекетіндегі қазақ руларымен — тіпті қиын болып бара жатса солай қарай өтіп кетуді де сыр ғып түйген. Қол жалғаспақ-тын. Бірақ мұның бәрі әлі сыртқа шықпаған ой. Кенесары осы ойын ақылдаспақ болып қарамағындағы батыр, билерін шақырған. Кешеден бері Тор-

ғай өзенінің бойындағы белгісіз оба анына шақырған адамдары жинала бастаған. Бұлардың ішінде өзінің батыр серіктерінен бөтен Кенесарыға соңғы кезде қосылған Бегімбет руынан Тәуке батыр, Арғынның Төлек руынан Жәуке батыр, Қарауыл руынан Баубек батыр, Керей руынан Қошқарбай батыр, Төртқара руынан Бигелді мен әйгер батырлар, Берді руынан Сүгірбай батырлар бар. Әрқайсысы Торғай өзенінің бойына қостарын тігіп мәжілісті күтіп жатқан. Мәжіліс ертең басталмақ. Ал Кенесарының бүгінгі әңгімесі соның алдын ала ең жақын ақылдас серіктерімен кеңесу еді. Көрген түсін ортаға салуы да оның алыстан орағытқан айласы.

— Сонымен қырғыз, қоқан, орыс бірігіп кетсе қайтеміз, дейсің ғой, әбілғазы? — деді Кенесары кенет шырқай шыққан әнді де, миын шырмай жөнелген ойды да өзінен қуып, манағы әңгімелеріне қайта оралып, — сонда Ұлы жүз бен Сыр бойында көшіп жүрген Кіші жүздің қазақтарын есепке алмайсың ғой?

— Алмаймын. Тұлыпқа мөңіреген аусыл қарадай болып жүрмесек нетсін...

— Сондықтан да алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаған жөн, — деді Таймас. — Арқадан кетуіміз арманнан кетумен пара-пар...

— Сонда... — Кенесарының түксиген қабақтары көзін жауып жіберді. Бұл оның ашуланған белгісі — ақ патша қаһары арқамызға аяздай батса да шыдай бер демексіңдер ме?

— Шыдамасқа амалымыз болып тұр ма? — деді Таймас күрсініп, Кенесарының топ қуғыншының ортасына түскен жаралы көкжал бөрідей қиын жағдайын жақсы түсінгендіктен, сөзін батыра айтып, — бізге жеткен ақ патша, Қоқанға жетпей ме? Тескен тау өтіп кетпесең қашып құтыла алмайсың...

Одан да...

— Иә, одан да?

— Үлкен халық қой, бәрі бірдей Аршабоқ, Обыріш, Бесонтиін секілді шетінен бұзық емес шығар, еліне, жұртына сүйеніп тіл табу керек...

— Ие... Бірақ қарашымен астарласқанда не өнеді дейсің. Құм жиылып тас болмас, құл жиылып ел болмас дегенді білмейтін бе едің?!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий