Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кенесарының қонысқа сұраған Ырғыз, Торғай, Ұлытау, Сарысу, Есіл, Нұраның орнына Орынбор шекара комиссиясының төрағасы генерал Лодыжинский: «Сізге, қоңсы-қоныстарыңызбен жаз жайлау, қыс қыстауға мен Қара Қоға бойын белгілеймін», — деп жауап берген. Бұл бұйрықты алып келген Долговке Лодыжинский: «Кенесары мен қоңсы-қонысына берген жерімді ыңғайлы екенін түсіндірерсің, қыс ол бұл арадан сәл оңтүстік жаққа, жаз бері қарай көшуіне болады. Бірақ Ырғыз бен Қарғау өзенінің сол жағасына шығуға және Торғай мен Ырғыз өзенінің жоғары тұсын бойлай Шет-Ырғызға дейін көшуге қақы жоқ», — деп арнап тапсырған.

Кенесары Орынбор бастықтарының бұл бұйрықтарын естігенде жүзі қуқылданып, бір орында отыра алмаған. Қайтадан «Абылайлап!» атқа қонбақ та бол-

ған, бірақ бұл айқасқа ерер елінің жоқтығы есіне түсіп, үн-түнсіз тұнжырай қалған. «Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деген міне осы! Дәл қазір жол таба алмайтынын түсініп «жауабын соңынан берермін» деп Долговты қайтарып жіберген.

Кенесары осы күндері тағы да қатты ойға кеткен. Орынбор бастықтарының айтқанына көну — сегіз жыл қан төгіп алысып, ақырында мойнын қыл арқан-

ға өзі әкеліп ұсынумен тең. Ал көнбейін десе барар жер, басар тауы тағы жоқ. Торғай мен Ұлытауда салынып жатқан бекіністер бітуге айналған, Атбасарда Сиыр жылынан бері приказ бар, жорықтан қажыған елдің еруі де екіталай. Жалғыз жол Россия патшасының құрығы әзір жете қоймаған Ұлы жүздің жеріне көшу. Оның үстіне Наурызбай арқылы Сүйік төренің «көшсін» деген сөзі де дем берді. Бірақ Кенесары Ұлы жүз жерінде дәл осы кезде өзіне құрылып жатқан қақпан бар екенін білмеді. Қақпан мықтап құрулы еді. Перовский мен Генс кезіндегідей емес, қазір Орынбор бастықтарының Кенесары ереуілін тек құртуға ғана бет алғанынан хабардар Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков енді Кенесарымен ең ақырғы айқасқа дайындалды. «Кенесары шын қабылан, жүрегіне қорғасын оқ қадалмай, алған жолынан тайынбайды. Ол оқты Орынбор генералдары емес, мен атуым керек», — деп ойлады Горчаков «және ол оқ Кенесарының жүрегіне менің қарамағыма жататын жерде тиюі керек».

әрине Кенесарының генерал Лодыжинский ұсынған шарттарға көнбейтіні кімге болса да айқын еді. «Сонда ол не істемек? Айқасуға күші жоқ. Әрине Ұлы жүздің жеріне көшеді». Осындай шешімге келген Батыс Сібір генерал-губернаторы күні бұрын бар шарасын қолданған. Бұл кезде Россия империясының отаршылық саясаты кең қанат алып, Ұлы жүздің де жеріне ауыз салған. Қазір олардың алдыңғы қатарлы бекіністері Қапал, Лепсіге келіп тоқтаған.

Горчаков әмірі бойынша осы Лепсі мен Қапалға арнап келген генерал-майор Вишневский, жан-жағындағы Қарқаралы, Аякөз, Көкпекті өкіріктерінің аға сұлтандарымен күнде мәжіліс, күнде үгіт жұмысын жүргізумен болды. Бұл жиындарға үш өкіріктің аға сұлтандары мен шонжарлары Құсбек, Құнанбай, Барақ, Сүйік, Рүстем — бәрі тегіс қатынасты. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Қалиғұл да Қапалға жиі шақырылды. Осы сергелдең бітім сөздің қорытындысы ақырында Кенесарыға қоныс бермеу болып шықты. Бір жыл өткеннен кейін олар бұл шешімдерін қағаз жүзіне түсірді. «Бір мың сегіз жүз қырық алтыншы жылы жиырма үшінші июнь күні төменгі қол қоюшы Ұлы жүздің Дулат, Албан, Сыбан, Шапырашты, Жалайыр руларының сұлтан билері, Қар-

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий