Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тізімді Кейін қойдым да, қайтадан сарғайған газет қиындысына үңілдім. Мақала авторы көк дәптер сырын баяндауға қайтадан «кірісті».

Көк дәптердің иесі не жазса да, не туралы толғанса да оның ойы әскери тақырыпқа, өзінің офицерлік мамандығына келіп тіреліп отырады. Міне, оның «әскери тәрбиенің мақсаттары» деген конспектісі. Мұнда ол «Әскери психологиядағы ұлттық сәттер» деген жайға тереңдей үңіледі. Ол былай деп баяндайды:

«Жауынгерді жау жүрек етіп тәрбиелеуде халықтың өткендегі жауынгерлігі де, оның ең мәртебелі ұлттық дәстүрі де маңызды екеніне менің өз т ә ж і р и б е м д е көзім жетті.

Ж а с а д а м д ы т ә р б и е л е у д і ң н е г і з д е р і. Үлкенді құрметтеу, борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай орындау, заңға бағыну — жас адамға қажет ізгілік белгілері осы. Мұны біз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам — нағыз жауынгер. Оның қасиеті — а д а л д ы қ, а р л ы л ы қ, т ә р т і п т і л і к.

А л ғ ы р л ы қ п е н т а п қ ы р л ы қ ж а й ы н д а. Қазақтың дәстүрлі ақындар айтысында күтпеген оқыс шешімдер болады. Жұрт алдына шығып айтысқа түсу қыздар мен жігіттерді тапқырлыққа талпындырады, олардың ауыз әдебиетіне, музыкаға ықыласын арттырып, зейінді болуға, ұғымталдыққа үйретеді. Ал ұрыс кезінде оқыс оқиғалар орасан көп ұшырасады. Солдат неғұрлым зерек, тапқыр болса, ол небір қиын-қыстау жағдайдан жол тауып, құтылып шығады.

Ұ л т т ы қ с п о р т о й ы н д а р ы т у р а л ы. Бұл ойындар адамды батылдыққа, икемділікке, орынды қызбалыққа, тәуекелшілдікке, қайсарлыққа, тіпті ары үшін жанын садақа қылуға баулиды. Мен ауыздықпен алысқан сәйгүліктен қорыққан немесе атқа міне алмайтын бауырларымды қазақ деп атауға намыстанар едім.

Халық тәжірибесінің алтын қазынасы біздің игілігімізге айналып, әскери ісімізге қызмет етуі керек.

Панфилов — менің әскери әкем. Марқұм генералмен мен қазір де, ұрыс алдында ақылдасамын. Ол менің орнымда болса қайтер еді деп ойлаймын.

Б а т ы р л ы қ — табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарым тек игілікті ғана емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады, өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі.

Б а т ы л д ы қ — есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру. Тәуекел есеппен ақталады.

Е п т і л і к — шапшаң ойланып шешім қабылдаудың және бұлшық еттердің шапшаң ойға тәртіптілікпен бағынуының нәтижесі.

Ұ ш қ ы р л ы қ — батылдық пен ептілікті ұштастыра білу.

Бұйрық беру үшін бұйрыққа көне біл.

Жауынгер сымбатты болуы керек (қыздардан гөрі қызмет үшін). Жинақылық пен тәртіптілік — солдат сымбатының алғы белгілері осы. Жауынгер сапта да, ұрыста да өз міндетін ұғынып, нақты орындауы қажет. Солдат шеберлігінің ең жоғарғы сатысы осы. Әскери мәдениетті меңгерген, адамдар мен оқиғаларды үнемі зерттеп отыруға қабілеті бар, мемлекеттік тұрғыдан ойлай білетін командир ғана өз қызыл әскерлерін осындай сапаға жеткізе алады. Командир адал, өзіне де, бағыныштыларға да қатал, әділ болуы керек. Жауынгер командирді мемлекет өкілі деп есептеп, оның ары мен адалдығына шексіз сенуі шарт. Мұндай солдатты мен сымбатты деп білемін, мұндай командирді — офицер деп атаймын.

Офицер психолог, адам жанын сезгіш болуы қажет. Идеялық жағынан сауатты, жан-жақты білімді болу — әрине, оның өз борышы. Шен алу мен шекпен жаңарту жағын ең алдымен ойламай өзінің әскери және саяси салада өсуі үшін күш салуы керек. Ал шен мен лауазым офицердің жеке іскерлігіне берілген әділ баға есебінде өзінен-өзі келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий