Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мен Бауыржан елу жасқа толғанда шығарған өлеңімді оқимын, — деді Сәбең көзілдірігін киіп жатып, тек өзіне ғана тән мәңгі қарлығыңқы үнімен. Содан кейін ол ақ саусағын шошайта залға қарай қолын сермеп қалды. — Мен бір айтпаймын, ал айтқанымнан қайтпаймын. Бауыржанға елуінде не тілесем, алпысында да соны тілеймін.

Жұрт ду күлді. Сәбең сонда мына өлеңін оқыған еді:

«Советтің саналы ер еркегі» деп, «Жігіттің қыз қызығар көркемі» деп, Бауыржан Момышұлы жер жүзінде Тарапты барлық елге ертегі боп.

Барсам да қай континент, қай аралға,

Заманнан аз хабары бар адамда

Білмейтін Бауыржанды жан көргем жоқ,

Meн бұған қуанам да, таңданам да.

Айтайын ең алдымен қуанышты:

Қазақта ұл туғанмен талай күшті,

Жер жүзін тамсандырып Бауыржандай

Есімі қайсысының хатқа түсті?

Ауылдың қалды көбі аумағында...

Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,

Өртеді фашистерді, сондықтан да

Таниды досы түгіл жау жағы да.

Батыста, жүрген ғылым тереңінде,

Ақылын, өжеттігін, өнерін де

Жыр етіп, Бауыржанның батырлығын

Таниды, бір-ақ шындық көлемінде.

Ежелден ертегішіл Шығыс — кәрі,

Шындықтан шыға шырқап, кетеді әрі:

Көреді қаһармандай тау көтерген,

Немесе, жер тітірткен Әзірет-Әлі.

Білсе егер екенімді менің қазақ:

«Сендерде ұл бар ғой, — деп, — сондай ғажап?»

Шуласып қамағанда қалың адам,

Жарылмай қуаныштан тұрам аз-ақ!

Айтайын таңданудың енді жайын:

Ұшқанын атақ-даңқы көрген сайын.

Келтірем көз алдыма Бауыржанды,

Кәдімгі жақсы адамды — қарапайым.

Білемін бұл жігітті ерте күннен:

Қаттыны нелер керім еріте білген.

Шықты бұл қылыш болып майрылмайтын,

Советтік Армияның мартенінен.

Шықты да жалаң қағып тұрды сапқа:..

Отандық ұлы соғыс қызған шақта,

Ақылы, қимылымен, қайратымен,

Өзіне ие болды берген атқа.

Сол үшін Отан мен халқы сүйіп,

Атаса кететұғын денесі иіп,

Тарихқа кірді бұл да дәл Зоядай,

Немесе секілденіп — Мересьев.

Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,

Азамат болды істері абыройлы

Құрметпен, сондықтан да, Бауыржанға

Жатырмыз елу жаста...

«То есть» деп Сәбең қағаздан басын көтеріп алды да, сол жақ иығынан кері бұрылып, сахна төріндегі үлкен етіп жазылған «60» деген цифрды нұсқап, «әне, әне» деді де, бұл шумақтың төртінші жолын түзетіп қайтадан оқыды. Жұрт тағы да дүр сілкініп, ду күліп қалды.

Жатырмыз алпыс жаста жасап тойды, Шашуым осы-ақ болды тойға дайын. Ел сүйген ерді мен де аймалайын! Бауыржан, ата-анаңа алғыс айтып, Советтен сені өсірген айналайын!

Осылай деп Сәбең басын көтерді де, құшағын кең жая мінбеден түсті. Бауыржан да орнынан атып тұрды. Екеуінің құшағы сахна ортасында айқасты. Мол денелі сабырлы Сәбең арқылы халық Бауыржандай батыр ұлын тағы да мейірлене құшағына қысқан іспеттенді. Содан кейін Сәбең Бауыржанды балаша құлағынан тартып, сәл еңкейтті де:

— Елің үшін! — деп маңдайынан бір сүйді. Одан кейін тағы да еңкейтті.

— Өзім үшін! — деп екінші рет сүйді.

— Ұрпақ үшін! — деп үшінші рет еңкейтіп және сүйді.

Зал күліп, дуылдап, шартылдата шапалақ соғумен болды.

Көп адамның көзіне жас үйіріліп, домаланған ыстық моншақтар ыршып түсіп жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий