Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Бұл сұраққа жауап бермейін деп мен саған былтыр айтқанмын. Немене биыл тағы сол сұрақты қоңырсытып отырсың?.. Ал, қай әйелге қалай үйленгенін, неге ажырасқанын саған қандай ақымақ еркек айтып береді деп ойлайсың. Әйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені, әйел — өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені, әйел — киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді... Менің көзім осыған жетті. Сенің іздеп отырғаның осы сөз ғой. Понятно тебе?.. Мен соғыста етегіме намаз оқып жүргенім жоқ. Сен өзің оқыдың ба?

Автор. Оқыдым, Бауке. Менің намазым қаза болған емес.

...Қырық төртінші жылдың күзі көз алдыма елестеді. Бірінші Брест атқыштар дивизиясының делегациясы Алматыға келді. Мен делегацияның жетекшісі едім. Қасымда Тәкен Майшынов, Қабыш Мусин деген екі серігім бар. Үшеуіміз де жиырма екі жастамыз.

Біз Варшава түбінде тұрған дивизиядан Қазақстан үкіметіне хат әкелдік. Делегациямызды Халық Комиссарлары Советі председателінің орынбасары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қабылдады. Қазақтың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов үшеуімізді үйіне шақырып, қонақ етті. Біраз күннен кейін Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Советінің дивизияға жолдаған хатын алып, майданға қайттық. Жолда Қызылордаға түсіп, сол жерден дивизияға арналған сәлем-сауқат ала кететін болдық.

Қызылорда обкомында бізді облыс басшылары Рақымбай Төлебаев, Медеу Аталықов деген кісілер жылы шыраймен қарсы алды.

— Сіздің дивизияға қазақ халқының сәлемдемесі деп бір вагон күріш, бір вагон балық бермекші едік. Соны дайындап, вагонге тиеу үшін біраз күн осында бөгелулеріңізге тура келеді, — деді Төлебаев. — Ертең жетінші ноябрь — Октябрь мейрамы Біздің Шиелі дейтін ауданымызда ауданаралық той өтеді. Шиелі биыл Отанға күрішті көп беріп отырған аудан. Соған жапсарлас үш-төрт ауданның халқы жиналып, Октябрь тойын тойлайды. Сіздерді сол тойға қатысып, екі-үш күн елде аунап-қунап қайтсын деп отырмыз.

Бір паровоз бір вагонды сүйреп, түні бойы жүріп, таңертең бізді Шиеліге жеткізді. Бізді вокзал басында салт атқа мінген жиырма қыз қарсы алды. Біз вагоннан шыға бергенде жиырма қыз ат үстінде тұрып домбыра тартты — күй атасы «Саржайлауды» аңыратты. Менің көзіме жас үйіріліп, қозғалмастан тұрып қалдым. Екі жолдасым арсалаңдап, қыздарға қарай жүгірейін деп еді, ым қағып оларды да тоқтатып тастадым. Күй біткеннен кейін қыздар тегіс аттан түсті де, домбыраларын кеуделеріне қысып, бізге иіліп сәлем берді. Осы кезде жолдастарым қыздарға қарай тура кеп жүгірді. Олардың жетектерінде бізге әкелген бос аттары бар екен. Біз сол аттарға мініп, қыздарға ілесіп, той болатын жерге келдік.

Той бір төбенің басында басталды. Қалың жұрт төбенің басынан етекке дейін керней жерде жайғасты. Ең төменде, оларға қарсы қарап, үстел басындағы президиум мүшелері сияқтанып, он бес шақты адам ат үстінде отырдық. Шиелі аупарткомының секретары Ғизат Жүгірәлин деген кісі алға шығып, күрішші қауымды Октябрь мерекесімен құттықтады. Майдан жеңісіне қысқаша шолу жасады. Елдің майдан үшін істеп жатқан ерлік еңбегін айтты. Бұл ұлы мейрамда біздің ортамызға майдангерлер келіп отыр. Енді сол балаларыңыздың лебіздерін тыңдаңыздар деп аупартком секретары сөзді маған берді.

Атымды тебініп, енді мен алға шықтым.

Алдымен халыққа өзіміздің Бірінші Брест атқыштар дивизиясынан келгенімізді, ол дивизиядағылардың дені бұрын өзім құрамында болған жүзінші бригаданың жауынгерлері мен командирлері екенін айттым. Жүзінші бригададан Мәншүк Мәметова сияқты Совет Одағының Батыры шыққанын баяндадым. Тағы басқа ерлерді атадым. Қазір дивизиямыздың Польша жерінде жауды батысқа қарай қуалап бара жатқанын білдіре келіп, дивизиядағы осы Қызылорда облысының бір ақын жігіті маған былай деп өтініш айтқан еді дей келіп, мынадай бір шумақ өлең оқыдым:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий