Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Олай дейтінім, егер біз класта мұғалімнің аузынан шыққанды қағазға көшіріп, жат жазу жазып отырған бала-шаға емес, өзіміздің соғыста алған тәжірибемізді баяндап беруге тиіс егде адамдар болсақ онда бізге шәкіртше қараудың қажеті не? Біздің бұл жазып отырғандарымыз Отан соғысында өз басымыздан кешкен тәжірибе. Ертең Бас штабқа осы жазылғандардың бәрі, қиыршық алтын іспеттес, қажет дүние. Бас штабтағылар осы қиыршықтардың бәрін қорытып, кесек алтынға айналдырады. Мен өзім осылай деп ойлаймын. Егер олай болса, онда кеше Сіз маған екі қоймай-ақ «жолдас Момышұлы, резюме жазып үлгірмеген екенсіз, соны жазып аяқтап беріңіз» деп жұмысымды өзіме қайырып, артынан маған бес емес, үш қойсаңыз да риза болатын едім ғой.

Менің Сізге басқа сұрағым жоқ. Мен өзімді Сіздің алдыңызда кінәлы деп есептеймін. Кеше қасыңызға барып дәптерімді алмағаныма кешірім сұраймын.

Осыдан кейін мен Захаровна қарай қайтадан бұрылып тұрдым.

IV

— Ол дәптерді алмағаныңыз дұрыс болған, жолдас Момышұлы, — деді Захаров ойлана отырып. — Дегенмен, Сіз менің бағанағы сұрағыма жауап беріңізші. Жұртқа жеткен уақыт Сізге қалай жетпей қалды?

— Оның мынадай себебі бар, жолдас армия генералы, — дедім мен. — Өзге жұрттың ойлау процесі бір сатылы да, менікі екі сатылы. Бар әңгіме осында.

— Мұны қалай түсінуге болады?

— Өйткені мен ойды алдымен қазақша ойлаймын. Одан кейін оны орысшаға аударамын. Содан соң барып қағазға түсіремін. Бұл орыс емес ұлт өкілдерінің бәрінің табиғатына тән қасиет. Өзге жолдастарым мен сияқты екі рет ойланып, әуреленіп жатпайды. Міне, оның себебі. осында, жолдас армия генералы.

Захаров көзін сығырайта түсіп, тағы да ойланып қалды. Содан кейін о4 жағындағы оқытушыға бұрылып:

— Сіз қалай деп ойлайсыз? — деді.

— Жолдас генерал, ол маған емес, программаға байланысты ғой, — деді оқытушы.

— Программа не үшін жасалады?

— Ол түсінікті ғой, жолдас генерал, — деп шыжалақтай бастады. — Бірақ әрбір полковниктің айтқаны бойынша программаны өзгерте беруге де болмайды...

— Жоқ, — деп Захаров оның сөзін бөліп жіберді. — Сіздің мұныңыз ұстаздыққа жатпайды. — Осылай деді де Захаров он жағындағы телефондардың біреуінің трубкасын көтерді. Озеровпысың? Мен Захаров қой. — Оқытушының шені мен фамилиясын атап, — сөгіс жариялау туралы бұйрық жазып әкел.. Қазір, — деді.

Осылай деп ол трубканы жапты. Озеров академияның кадрлар бөлімінің бастығы еді. Оқытушыға қарасам, оның түсі боп-боз боп кетіпті. Судан шыққан балыққа ұқсап, қайта-қайта тілін жалаңдатып, ернін жалай береді.

Генерал Захаров алдында жатқан менің жазба жұмысыма «2» деп қойылған баға мен оқытушының фамилиясын қызыл қарындашпен айқыш-ұйқыш екі сызды да, жаңадан «4» деген баға қойды.

Одан төменірекке: «Академия бастығы Совет Одағының Батыры армия генералы» деген сөздер ойылған штемпілін басты да, оның астынан «М. Захаров» деп иректете қол қойып, дәптерімді өзіме қайтарып берді.

— Сіз боссыз, — деді ол осыдан кейін.

Мен ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым да, аяғымды дік-дік басып, генералдың кабинетінен шықтым. Жарай ма осы деталь?

Автор. Жарайды, Бауке. Сөйтіп Сіз академияны бітіріп, ақшалай сыйлық алдыңыз?

Бауыржан. Иә, Академияны жүз жиырма бес адам бітірді. Соның жиырмасына сыйлық берілді; Академияны тек қана беспен бітіргендерге он үш мың сомнан сыйлық тиді. Meнің беске 0,39 балым жетпей қалды. Соның бәрі жаңағы оқытушының қырсығынан болды.

Таза төрт, төрт жарымға бітіргендер бәйгеге ілінген жоқ. Солардың ішінен жалпы балым 4,61 болғандықтан мені тандап алып, тоғыз мың сомдық екінші сыйлыққа қосты.

Автор. Оқып жүрген кездегі айлық стипендияларыңыз қанша еді, Бауке?

Бауыржан. Әркімдікі әртүрлі. Менің стипендиям дивизия командирінің жалақысы болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий