Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Болсын десең дұшпаннан күші басым, Жұқсын десең бойыма ішкен асым,— Сырдарияның суынан әдейі арнап, Бір тамшысын ала кел, құрбыласым!

— Біз ол өтінішті орындайтын болдық, — дедім сөзімнің соңында. — Сіздің облыс біздің дивизияға Сырдарияның суына өскен бір вагон күріш пен Сырдарияның суынан ұсталған бір вагон балық беретін болды. Сіздерге мың мәртебе рақмет, Сыр елінің халқы. Біз сіздерге жауды жеңіп қайтамыз деп серт береміз.

Менен кейін алға мойны құрықтай құла мінген, басында пұшпақ бөркі, мойнында гармоны бар, қара мұртты, елудің жуан ортасындағы қызыл шырайлы кісі барды. Ол кісінің әуезді әсем үні гармонмен бірдей шықты. Ақын алдымен жиналған жұртты мерекемен құттықтап алып, содан кейін халыққа осы келген үш жігіт өздеріңнің балаларың. Бұлар солардың қасынан келді. Бұлар өз балаларыңның сәлемін әкелді. Ертең осы үшеуіндей боп олар да жеңіспен елге келеді. Сонда қозыдай маңырасып, қойдай шуласып табысасыңдар. Осы балалардың ізі өз балаларына салған жол болсын. Бұл ерлердің жортқанда жолы болсын! – деп өлеңмен тілек батасын берді. Бүкіл халық егіліп отырып, «әумин!» деп ақынды қостады.

Ол кісі халық ақыны Нартай Бекелханов екен. Ол Нартай ақынды бірінші рет көруім еді. Ақындығына, ақылдылығына, әншілігіне қатты разы болып, кетер-кеткенше мен ол кісінің қасынан қалмадым. Жолдастарым «Қыз қуу», «Көкпар тарту», «Теңге алу» ойындарына қатысып, олар да мәз-мейрам болды.

Мереке өткеннен кейін аупарткомның өтініші бойынша колхоздарды араладық. Бізбен көрісіп, кездесуге жиналған жұртқа Тәкен жаяу әскер жайын, Қабыш барлаушылық тәжірибесін баяндайды. Мен артиллерист достарымның ерлігін айтамын. Нартай ақын өзінің әуезді үнімен ән-өлең шырқайды. Жеңіс жақын деп жұртқа жігер береміз. Содан кейін аудандық комсомол комитетінің секретары Әсия бастаған қыздар концерт көрсетеді. Олардың көпшілігі бізді Шиелі басында домбырамен қарсы алған қыздар. Шиелі қыздары шетінен ақын, әнші, домбырашы екен. Солдаттардың сөзін естіп, қыздардың өнерін көргенде, еңселерін жұмыс басқан жұрт едәуір желпініп қалысады.

Үшінші күні түнде Шиеліге қайттық. Ай сүттей жарық еді. Көп салт атты болып, қатар түзеп, көсілте аяңдап келеміз. Мен аупартком секретары мен ақынның ортасында едім. Оның ар жағында колхоз председателі келе жатты. Қыздар артқы лекте болатын. Тәкен мен Қабыш солардың ортасында.

Бір кезде артта келе жатқан Қабыш:

— Жүр, Тәкен, тағы да шабайық, — деді.

— Әсия, Базаркүл, жүріңдер кеттік, — деді Тәкен. Жастар бір бүйірге қарай дүрсілдетіп шаба кеп жөнелді.

— Қыздар, құлап қалмаңдар, — деп айқайлайды, олардың соңынан колхоз председателі. Оны ешкім тыңдаған жоқ. Көп аттың тұяғы дүңк-дүңк естіледі. Ол түнгі дала жүрегінің дүрсілі іспеттенеді. Біраздан кейін жастар көзге көрінбей, тұяқ дүрсілі естілмей жым-жылас жоқ болды да кетті.

— Қабыш пен Тәкеңде тыным жоқ, — дедім мен осы кезде қасымдағы жолдастарымды сөзге шақырып. — Елге жеткелі екеуі енесінің айналасында күлте құйрығын көкке тігіп алып шапқылаған құлындай құлдырап жүр.

— Шіркін, туған жерге не жетсін, еркелегендері ғой, — деді ақын.

— Рас, көп қыздың ортасында көлге сүңгіген үйректей боп жүр өздері, — деді колхоз председатель Аупартком секретары үндеген жоқ.

— Қарағым, бүгін бұл үшеуіңнен осы елдің аяры жоқ, — деді құла жорғаның үстінде шайқалып келе жатқан ақын. — Мінген атыңның бір терлеп, қиналғанына қарамай, мынау балалармен қосылып, сен де бір көсіле шауып, сергіп алсаңшы.

Осылай деп ақын артқы қатарда келе жатқан әнші қыздарды нұсқады.

Мен күліп, басымды шайқадым.

— Әлде атқа шаба алмаушы ма едің?

— Атқа шабамын ғой, бірақ айға шаба алмаймын, — дедім тағы да күлімсіреп.

Ақын жорға ырғағымен қайтадан теңселіп, біраз үнсіз отырды да:

— Ай аяғыңның астында жатса ше? — деді менің бетіме тіке қарап.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий