Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Айды таптауға болмайды ғой, аға, онда айналып өтемін.

Ақын тағы үнсіз қалып, шоқша сақалын разылықпен сипады.

— Оның жөн екен, бауырым, — деді содан соң. — Менікі өзің сонау алыстан, өлім мен оттың ішінен келіп, астына жүйрік ат тигенде тақымың нәумез болмасын деген ғой жай. Сенікі жөн. Әйтпесе осы күні, — ақын оң жағындағы председательге бір қарап қойды, — көп азаматтар көзіне жылқы баласы көрінсе болды, соған бұт артып, шаба жөнелетінді шығарды ғой. Қолына түскені жас жабағы ма, үйретілмеген тай, құнажын байтал ма — шаруасы жоқ.

Жас жылқының қолы үсіп қалады-ау, обал-ау деп ешкім ойламайды. Осы соғыстың кесірінен жылқы да жуасып кеткен бе, әйтеуір көне береді.

Осылай деп ол атын бір қамшылап қойды. Құла жорға мойнын құрықтай созып, тайпала түсіп ілгері ұмтылды. Біз көп уақыт үнсіз келе жаттық.

Бір кезде арт жағымыздан қалың дүрсіл қайта естілді. Менің жолдастарым мен қыздар екен.

— Басеке, ұрысып жатқан жоқсыз ба? — деді Қабыш екі танауы делдеңдеп.

Мен үндемедім.

— Е, бастықтарың неге ұрсады? — деді колхоз председателі жігіттерге қарай жамбастай бұрылып. — Әскерде увольнительный деген бір жапырақ қағаз болады. Сендер оның орнына бір-бір қыз жетектеп кеттіңдер емес пе? Ондай увольнительныйы бар солдатқа кім ұрсады?

— Сіз ол қалжақты қойыңыз, — деді тік мінез Қабыш.

— Е, қойдым, қойдым. Қоймағанда, — деп председатель күңкілдеп атынын белін қайыстыра қайтадан түзеліп отырды. Жұрт үнсіз қалды.

— Немене, армансыз шаптыңдар ма, жігіттер? — дедім мен ол үнсіздікті бұзу үшін.

— Шаптық, шаптық, — деді Тәкен мем Қабыш жарыса жауап қатып.

Сөйтіп біз алпыс тонна күріш, қырық тонна балық алып, Қызылордадан майданға аттандық. Соғыста жалғыздарынан айрылған шерлі әкелер, мұңды аналар, күйеулерінен «қара қағаз» алған қаралы келіншектер, қайғылы қара көз қыздар, ардагер Нартай ақын соғыстың ауыртпалығына қарамастан қайыспай еңбек етіп, майданға жан аямай болысып жатқан еңбекші жұрт — ер халық ерекше ұмытылмастай боп көңілімізде қалды.

— Уаликім сәлем. Ал жалғызбысың, әлде қасыңда «шатағың» бар ма?

— Жалғызбын, Сәбе.

— Жалғыз болсаң менің номеріме кел. Мен күтем сені.

Сәбең Алматыдан келіп, мен жатқан «Москва» мейманханасына түскен екен. Мені сыртымнан көріп қалып, администратордан кіріп, номерімді сұрап алып телефон соғыпты. Бұрын, мен академияда оқып жүрген кездерде де Москваға келген сайын мені осылай телефонмен іздеп тауып алатын. Бардым. Мәкең жеңгей қасында екен. Сәбеңнен ел жайын сұрап, әдебиет туралы әңгімелестік. Мен оған «Сибирь», «Доктор» деген екі өлеңімді оқып бердім.

— Әй, Бауыржан, сен мына өлеңдерді текке қор қылып жүрсің, — деді содан соң Сәбең. — Бұларды қалай да жариялатып жарыққа шығарту керек. Сонан соң кешегі өткен жер жүзілік қырғын соғыстың сыры мен сипатын қазақта сенен басқа жақсы танып-біліп, түсінетін адам кемде-кем. Сондықтан сол жайды қағаз бетіне түсіріп халқыңа, ел-жұртыңа, замандастарың мен туыстарына, болашақ ұрпаққа пайдасы тиетіндей кітап етіп жазып беру — азаматтық міндетін.

Жаңа сен кімнің әсері болды деп сұрадың ғой. Сәбеңнің осы сөзінің маған тікелей әсері болды. Сол сөз мені қабағат рухтандырды. Содан кейін Сәбең екеуіміз Москваны аралап жүріп, тағы да көп әңгімелестік. Жоғарыда бір жерде Сәбитпен ресторанға барғанымды айтып едім ғой. Ол дәл осы күннің кешінде болатын.

Мен 1971 жылы жазда, Қазақтың М. О. Әуезов атындағы академиялық драма театрында Бауыржан Момышұлының алпыс жасқа толғаны атап өтілген қалалық жиында Сәбит Мұқановтың мінбеге келген сәтін көз алдыма елестеттім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий