Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыдан кейін Баукең ыңылдап, Сәкеннің «Тау ішінде» дейтін әніне ұқсастау әуенмен мынадай бір шумақ өлең айтты:

Атағым жер жүзіне дүрілдеген, Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген Айрылып атақтан да, шатақтан да, Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.

Автор. Бауке, осының үшінші жолын өзгертсеңіз қайтеді?

Бауыржан. Не деп?

Автор. Мәселен, «Tiс түсіп, тізе қақсап, буын босап» десе де болар еді.

Бауыржан. Себеп?

Автор. «Ердің аты, ғалымның хаты өлмейді» деген бар емес пе? Ендеше Сіздің атағыңыз ешқашанда өшпеуге тиіс. Тарих Сізді ұмытпас болар, Бауке.

Бауыржан. Сонда қалай болып шығады?

Автор. Былай:

Атағым жер жүзіне дүрілдеген. Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген. Tic түсіп, тізе қақсап, буын босап Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.

Бауыржан. О да жөн екен, — Содан соң Баукең танауы жалпая рақаттанып күліп алды.

— Оның да рас. Солай-ақ болсын.

Автор. Академияны бітіріп алып, алшаңдап Москвада жүре береміз бе, Бауке? Кетпейміз бе бір жаққа жолдама алып?

Бауыржан. Оның рас. Академияны бітірген менен басқа жүз жиырма төрт адам тегіс қызметке кетті. Сопайып мен жалғыз қалдым. ГУК-тың қарамағында алты ай жаттым. Генерал Голиков ақылы кіргенде шақыртарсың деп, өзінің орынбасары Свиридовқа тапсырып қойса керек. Бір күні мені генерал-майор Свиридов шақыртты. Бардым.

— Зеріктіңіз бе, жолдас полковник? — деп сұрады ол.

— Зеріктім.

— Бәріне өзіңіз кінәлысыз, — деді генерал Свиридов. — Біз Сізді алғашында бригада командирі етіп тағайындайық деп едік. Бейбіт уақытта бригада командирі деген әскердегі үлкен қызметтердің бірі. Бригада командирі лауазымындағы адамға генерал-майор атағы беріледі. Бірақ Сіз оны түсінбедіңіз. Одан соң корпус штабының бастығы етуге ұйғарып едік. Оған да риза болмадыңыз. Қазір басқа бос орын жоқ. Сондықтан уақытша бригада командирінің орынбасары боп барасыз. Міне жолдама.

— Құп! — деп қолды шекеге қойып, аяқты сарт еткізуден басқа ештеңе қалмады маған. Үлкен өзендерде пароход жүзіп келе жатқанда арнаулы адам судың тереңдігін үнемі өлшеп отырады. Өйтпесе пароход қайырлап, бөгеліп қалады. Немесе оның винтіне зақым келіп, істен шығады. Алған жүгін тиісті жеріне уақытында жеткізе алмайды. Адам да пароход сияқты. Ол да өзінің алдын үнемі оймен өлшеп отыруы керек. Ойланбаған орға жығылады, опық жейді. Оған өзіңнің өр көкіректігің, өзімшілдігің ғана кінәлі. Бұл сенің ақылсыздығыңнан істелетін іс емес. Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Алдымен Алматыға, үйге соғып, содан Сібірге аттандым.

Автор. Алматыда кімге соқтыңыз?

Бауыржан. Кімге болушы еді — әйелім Жамал, ұлым Бақытжан бар емес пе? Соларға соқтым.

Автор. Оларды өзіңізбен бірге алып кетпедіңіз бе?

Бауыржан. Жоқ. Жағдай келмеді. Алматыдай емес, Сібірдің жері суық қой. Сібірдің суығын көтере алмай, өзім де өлесі болып жүрдім. Кішкентай Бақытжанға суық тигізіп алармын деп қорықтым. Оның үстіне уақытша кетіп бара жатқандықтан оларды жылы орнынан қозғамайын деп ойладым.

Автор. Бауке, басқа жора-жолдас, ұстаз-командир, бастық генералдарыңыз туралы толық айттыңыз. Енді әйелдеріңіз, өзіңізге өмір серік болған жеңгейлер жайында бірдеңе демейсіз бе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий