Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автор. Шіркін, Сәбең-ай десеңші! Кімді рухтандырмады, кімге көмектеспеді. Қазақтың өзінен кейінгі ақын-жазушыларына Сәбеңнен көп көмек көрсеткен ешкім жоқ шығар. Әдебиетке келген бәріміз сол кісіге әкеміздей қарыздар едік-ау. Ол кісінің көшеде тоқтай қалып «әй, халін қалай?» деп бір ауыз айтқан жылы сөзінің өзі не тұрушы еді?

Бауыржан. Сонымен академияда бес жыл сабақ бердім. Күні бүгінге дейін Москва университеті мен Москваның әскери академиясында лекция оқыған санаулы ғана қазақ бар. Бұл — мақтан емес, ақиқат. Түсінікті ме саған? — Мен басымды изедім. — Жаз, түсінікті болса.

Әскери академияда сабақ беріп жүріп, мен жазушы болуды ойлана бастадым.

Осы оймен Калинин қаласында жүріп (біздің академия сонда көшіп барған болатын), орыс тілінде «Біздің семья» кітабын жазып шықтым. Ол кітаптың қайда, қашан басылғанын айтқанмын саған.

Елу бесінші жылдың аяқ жағында, бір күні Москваға келіп, ГУК-ке кірдім. Генерал Голиковтан мені армиядан босатып, запасқа шығаруды өтіндім.

— Енді отставкадағы полковник боламын. Бірақ отставкадағы азамат болмаймын, жолдас генерал, — дедім.

— Армиядан кеткенде не істейсіз? — деді генерал таңданып. — Сіз қырық бесте екенсіз. Бұл нағыз офицердің жасы. Армияда әлі де бірсыпыра жыл қызмет істеуіңізге болады ғой.

— Мен жұмысты тастамаймын, жолдас генерал. Енді әдебиет майданында қызмет ететін боламын.

— Қай тілде жазбақсыз?

— Орыс тілінде.

— Жазушы болу үшін ең кемі әдебиет институтын бітіру керек қой, полковник.

— Маған әдебиет институтының керегі жоқ, жолдас генерал. Менің жазушы болуыма өзім өткен өмір университетінің сабақтары да жетеді.

— Бұл Сіздің үзілді-кесілді шешіміңіз бе, полковник?

— Дәл солай, жолдас генерал.

Осыдан бес жыл кейін, әскери жазушылардың Москвада болған кеңесінде сөйлеген сөзінде сол кісі, армия генералы Филипп Иванович Голиковтың тап өзі: «Момышұлының запискалары мемуар болғанмен ,басқа мемуарлардан көп айырмасы бар, ол көркемдік дәрежеге көтерілген, онда артық эпизод, керексіз кейіпкерлер деген жоқ. Нағыз маңызды эпизодтар мен образдарды іріктеп алған» деді. Бұл сөзді естігенде мен Голиковтың мақтағанына емес. Голиковке жазушы боламын деп берген уәдемді орындағаныма қуандым. Әрине, Голиковтың армиядан жақында кеткен офицер не тындыра қойды дейсің деп, менің кітабымды оқымай тастай салуына болатын еді. Оқып шығып, әділ бағасын айтқан. Ол үшін генералға мың мәртебе рахмет. Содан кейін мен өзімді отставкадағы адам емес, Совет Армиясының сапында жүрген жауынгер офицер санатында сезіндім. Ол сөз маған туған анамдай боп кеткен армияның алыстағы ұлына білдірген мейір махаббаты тәрізді боп танылды. Бұл өзіңе сонша айтылған бір сыр ғой, қарағым.

Содан кейін Голиков мені Бурденко атындағы бас әскери госпитальға жіберді. Соның қасында жоғары әскери комиссия бар еді. Оның бастығы Доброхотов деген контр-адмирал болатын. Келсем Доброхотов шашы аппақ, өзі қап-қара, бірақ жылы жүзді, өте бір биязы кісі екен. Сәлемдесіп, жөнімді айттым. Мені денсаулығыма байланысты армиядан босатыңыз дедім.

Доброхотов мені орталық әскери комиссияға жіберді. Оның жеті комиссиясы бар екен. Солардан өттім. Академияға мені әскерден босату туралы ВКК-ның қаулысын әкеп бердім.

Екі күннен кейін академия бастығы шақырды.

— Денсаулығыңыз нашарласа курортқа жіберейік, — деді бастық.

— Курорттан бас тартамын. Мені әскерден босатуды сұраймын, — дедім.

Содан біраздан кейін бұйрық шықты. Онда полковник Бауыржан Момышұлы денсаулығына байланысты, 59-статьяның «б» пунктіне сәйкес әскерден босатылсын және оның әскери киім киіп жүруіне рұқсат етілсін деп көрсетілді. Бір басыма жеткілікті пенсия тағайындалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий