Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бауыржан! Комдив! — деді ол сөздерін үзіп-үзіп әрең сөйлеп. — Соғыстың соңғы сағатының құрбаны мен-ақ болайын... өзгелер аман болсын...

Осылай деп ол көзін мәңгіге жұмды. Радист солдат екеуіміз қосыла еңкілдеп жылап жібердік.

Дүние тып-тыныш бола қалды. Үрейленіп, окоптың кенересіне көз жібердік. Немістер ақ ту көтеріп, шұбырып бізге қарай келе жатты.

Олар бізге көп қорлық көрсетті. Бірақ біз тұтқындарды қорламадық. «Таспен атқанды аспен ат» деген. Мен немістің жиырма жеті генералының алдына халқымыздың ақ дастарқанын жайып, қонақ асы бердім. Енді елімізге тиіссеңдер дәм ұрсын! — дедім.

— Найн, найн! — деп олар бастарын шайқап, көздерін жыпылықтатты. Арий қанды зиялы генералдар алдарындағы асты аш қасқырдай түтіп, жеп жатты.

Соғыс осылай бітті.

ОН БІРІНШІ ДИАЛОГ

І

Автор. Ал, Бауке, сонымен соғысты бітірдік.

Бауыржан. Бітірдік.

Автор. Енді қайда барамыз?

Бауыржан. Сен сержантсың ғой?

Автор. Иә.

Бауыржан. Онда әскерден босап, ауылына қайт. Алматыға барып, КазГУ-ге оқуға түсесің бе — ерік өзіңде. Ал мен полковникпін. Маған демобилизация жоқ. Менің дивизиямда қала беруіме немесе әскери академияға оқуға кетуіме болады.

Автор. Соғыс біте сала академияға түстіңіз бе?

Бауыржан. Жоқ. 1945 жылы 9 майда соғыс біткеннен кейін сентябрьге дейін Балтық әскери округында сол 9-шы дивизияның командирі болып тұрдым. Содан кейін Москваға. ГУК-тың қарамағына шақырылдым. Қырық алтыншы жылдың январынан бастап К. Е. Ворошилов атындағы 1 дәрежелі Суворов орденді Жоғары Әскери Академияның тыңдаушысы болдым. Академияда қалай оқығаным керек болса, оны мына дипломнан қарап, көшіріп алғын.

Баукең ұсынған дипломды қолыма алып қарасам, қатырманың бірінші бетіне СССР Гербінің суреті салынған да, екінші бетіне былай деп жазылған екен:

«ДИПЛОМ

Б № 2564-21

Осыны ұсынушы полковник Момышұлы Бауыржан 1946 жылы түсіп, 1948 жылы К. Е. Ворошилов атындағы I дәрежелі Суворов орденді Жоғары Әскери Академияның толық курсын бітірді. Мемлекеттік Емтихан Комиссиясының 1948 жылғы 14 февральдағы шешімі бойынша Академияны жақсы деген дипломмен аяқтады деп саналады.

М. Захаров

Мемлекеттік Емтихан Комиссиясының председателі Совет Одағының Маршалы Говоров

Академия бастығы, Армия генералы М. Захаров

Москва қаласы. 1948 ж.

Тіркеу № 66».

Говоров пен Захаров екеуі де дипломға қол қойған, сол жақ бұрыштан Академияның мөрі басылған.

Одан кейін дипломның қосымшасын алып қарап едім, тізіліп тұрған бестік бағаларға көзім түсті. Асығыс түрде мен оларды да дәптеріме көшірдім.

Бұған да генерал Захаровтың қолы қойылып, академияның мөрі басылған.

Автор. Академияны үздік бітірген екенсіз, Бауке.

Бауыржан. Қырық алтыншы жылы қабылданған жаяу әскердің жауынгерлік уставына менің ұсыныстарым кірді. Академияны бітіргенімде маған тоғыз мың сом (ескі ақшамен) сыйлық берілді.

ІІ

Автор. Сол академияда оқыған кезіңізден бірер деталь айтып бермейсіз бе, Бауке? Қанша адам оқыдыңыздар? Қалай оқыдыңыздар? Оқытушыларыңыз қандай адамдар еді деген сияқты.

Бауыржан. Мен, сенің алдыңа қойған мақсатыңа сәйкес, өмірімнің әрбір кезеңін қысқа-қысқа ғана баяндап келе жатырмын, қарағым. Ал оның әр кезеңінің жеке детальдарын қуалай берсек, онда әңгімеміз ұзаққа кетеді. Екеумізге де уақыт керек емес пе?

Автор. Оныңыз рас қой. Дегенмен осы тұсқа Сіздің характеріңізді ашатын бір деталь керек-ақ сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий