Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ізгі ниетті рыцарымыз осы сөздерді айтқанда, әсіресе сүйіктім деп атауға лайықты аяшын тапқанда, қалай мәз-майрам болды десеңізші! Айта кетер нәрсе, біздің білуімізше, жақын маңайдағы елді мекенде көз-көрім ажары бар бір қарапайым қыз тұратын, кезінде бұл соған есі кете ғашық болған, бірақ, әлгі қыз, өзінен өзі-ақ түсінікті ғой, бұдан мүлдем бейхабар еді және оған зәредей болса да ықылас аударып көрмеген. Оның аты-жөні Альдонса Лоренсо болатын, міне дәл осы қыз оның барша іс-әрекеті мен арман-ойының әміршісі атануға лайықты көрінген; сөйтіп, оған өз есімінен тым алшақ кете қоймайтын, оған қоса әлдеқандай бір принцессаның немесе атақты сеньораның атын еске салатын немесе соған жуықтайтын есім таңдай келіп оны Дульсинея Тобосская деп атауға бекінді, — өйткені, ол Тобосода туып-өскен-ді, — бұл да, оның ойынша, ілгеріде өзі ойлап тапқан есімдердей құлаққа жағымды, әрі әсем, әрі терең мағыналы болатын.

ІІ тарау

Мұнда айлакер Дон Кихоттың өз иелігінен алғаш рет аттанғаны жайында баяндалады

Осынау дайындықтарын біржақты қылған соң идальгомыз ойға алғандарын қолма-қол іске асырмақ болды, өйткені оның ұйғарымынша, өз тарапынан жіберілген жайбасарлықтың қандайы да адамзат баласының тағдырына айта қаларлықтай залал тигізуі мүмкін еді: оның нешеме заңсыздықты жоюы, қисық-қыңырды түзетуі, әділетсіздікті жөндеуі, озбырлықтың тұқымын тұздай құртуы, қаншама қарып-қасерді ырза қылуы керек десеңші! Солай деп шешкен ол шілденің мейлінше ысығалы тұрған күндерінің бірінде, бозала таңда ой-жоспарлары жайында ешкімге ештеңе айтпастан және ешкімнің көзіне шалынбаудың қамын жасап, барлық сауыт-сайманын асынып алды да, Росинантқа отырып, қолапайсыздау дулығасын басына ілекерлеп киіп, қалқанын қарына іліп, найзасын қолына ұстап, шектен тыс шаттыққа бөленіп әрі ізгі ниетін іске асыруға ешкімнің бөгет болмағанына қуанып, мал қораның қақпасы арқылы аяңмен ашық далаға қарай бет алды. Бірақ, қақпаның сыртына шыққан бойда-ақ басына бір үрейлі ой сап ете қалды, оның үрейлі болғаны сонша тіпті ниет қылған шаруасынан бас тартуға да дайын еді. Мәселе мынада: өзіне рыцарь атағы әлі берілмегені аяқ асты есіне сап ете қалған-ды, ендеше, рыцарьлар қауымы қағидаларына сәйкес, оның бірде бір рыцарьмен айқасқа шығуына болмайды, ондайға рұқсат жоқ; ал тіпті сондай атақ берілген күннің өзінде де, қатарға жаңа қабылданған жан ретінде ақ түсті сауыт-сайман киюге тиіс, қашан жаужүректігімен жұрттың көзіне іліккенше қалқанына қанатты сөз жазып қоюына да болмайды. Осы тараптағы ойлары оның байламын босатыңқырап жіберген; бірақ дүйім дәлел-себептен есалаңдық басым түсті де, әлгі өзін осындай дәрежеге жеткізген романдардан оқып-білген рыцарьлар үлгісімен, өзін рыцарьлыққа қабылдау жөнінде жолда ұшырасқан кез-келген біреуге өтініш айтуға бекінді. Ақ түсті сауыт-сайманның да жайын оңай шешті: қолы қалт еткенде сауытын барын сала ысқылап, ақкістен де аппақ етіп шығармаққа өзіне өзі уәде етті, сөйтіп осыған тоқтам жасап, жолын, — дәлірек айтқанда, басын бос жіберген аты таңдаған жолды, — әрмен жалғады, өйткені, Дон Кихоттың ойынша шытырман оқиғаларды тек осылай ғана іздеу керек болатын.

Жаңада жүз көрсеткен рыцарымыз осылайша жол кешіп әрі өзімен өзі күбірлей сөйлесіп келе жатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий