Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Егер де, мейірбанды мырза, сеньор кавальеро, қоналқа іздеп жүрсеңіз, онда сіз бұл жерден тек кереуетті ғана таба алмайсыз, — менде, шынымен-ақ, бірде-бір кереует жоқ, — бірақ басқасының бәрі де артығымен табылады.

Коменданттың, — рыцарымыз бекетшіні комендант, ал бекетті қамал-сарай деп қабылдағанын айта кеткен абзал, — қошемет көрсете сөйлеген үні Дон Кихотты сабасына түсірді.

— Мен неге де болса көнуге бармын, сеньор кастелян, — деді ол, — өйткені, киімім — сауыт-сайманым, қанды шайқас — тынысым, деген ғой.

Бекетші анау өзін Кастилияның ақ жүрек тұрғыны деп қабылдап қалған екен, сондықтан кастелян деп атаған екен деп ойлады, ал шын мәнінде бұл өзі андалусиялық еді, онда да Сан Лукардан болатын, ұрлық-қарлықта Кактың өзінен, ал алдап-сулауда — шәкірттер мен малайлардан кем түспейтін.

— Ендеше, — деп іліп әкетті ол, — мейірбанды мырза, төсегіңіз — қатты тас, таң атқанша көз ілмеу — ұйқыңыз болғаны ғой. Олай болса, осы араға ойланбастан тоқтауыңызға болады: бұл лашықтан бір ғана түн емес тұтас бір жыл бойы көз ілмеуіңізге жетерлік нәрсенің қандайын да болса табатыныңызға кепілмін.

Осы сөзді айтып бекетші оның үзеңгісіне жармаса кетті де, Дон Кихот аттан түсті, күні бойы нәр сызбағандықтан бұл үшін оның әжептәуір күш жұмсауына тура келді.

Одан соң ол бекетшіден атына қамқорлық пен жанашырлық көрсетуін өтінді, өйткені бұл, оның айтуынша, шөппен қоректенетіндердің ішіндегі ең бір іліп алары көрінеді. Росинантқа көз тастаған бекетші оның бойынан Дон Кихот көріп тұрған ізгі қасиеттердің жартысын да таба алмады, әйтсе де атты қораға апарып кіргізді де, іле қайтып оралып қонақтан көңілі не қалайтынын сұрады; қонақпен татуласып үлгерген бикештер бұл кезде оның сауыт-сайманын шешіп жатыр еді, бірақ кеуделік пен иық жабарды босата алғандарымен, мойын қорғауышты ағытып, жасыл түсті бау тағылған сұрықсыз дулығаны жұлып тастау қолдарынан келмеді; дұрысында, бауды кесу керек еді, өйткені байланған жердің түйінін шешуге бикештердің шамалары жетпеген, бірақ Дон Кихот бұған үзілді-кесілді қарсылық білдірді, сөйтіп, таң саз бергенше басынан дулығасын тастамаған күйі осынау адам айтқысыз оғаш та кісі күлерлік кейіпте жүрді.

Бикештер оның сауыт-сайманын шешіп жатқан кезде, бұларды қамал-сарай тұрғындары, текті әулеттен шыққан әйелдер деп ойлаған ол ерекше ілтипатпен оларға өлең оқып тұрды:

— Өзінің туған жерінен

Келіп жеткен Дон Кихотты,

Сүйкімді сұлу арулар

Құшақ жайып қарсы алды.

Қамқор болды фрейлиналар оған,

Ал, сәйгүлігіне — принцессалар,

яғни Росинантқа, өйткені менің сәйгүлігім солай аталады ғой, сеньоралар. Ал өзімнің аты-жөнім болса — Ламанчалық Дон Кихот; өздеріңізге қызмет етіп, пайдамды тигізу мақсатында болашақта жасайтын ерлік істерімнің өзі-ақ паш еткенше есімімді сіздерге айтпай-ақ қоюға тиісті едім, бірақ Ланцелот жайындағы ескі романсты мына қазіргі жағдайға үйлестіре қоюға деген құмарлықтың қырсығынан кім екенімді мезгілінен бұрын хабарлап қойдым. Дегенмен, шарапатты ханымдар, өздеріңіз маған әмір ететін шақ та туады, мен болсам не айтсаңыздар да орындайтын болам, сөйтіп айбынды білегім сіздерге қызмет етуге дайын екенімді жария ететін болады.

Мұндай көпірме қызыл сөзді өмірі естіп көрмеген бикештер жұмған аузын ашқан жоқ; олар тек бұдан тамақ ішкіңіз келмей ме деп сұрады.

— Әлденендей бір дәммен жүрек жалғауға қарсылығым жоқ, — деп жауап қатты Дон Кихот, — және, былай алып қарағанда, сөйткеннің өзі өте-мөте орынды болатын секілді.

Бұл оқиға, қас қылғандай, жұма күні өтіп жатқан болатын, сондықтан бүкіл бекетте Кастилияда — абадеко, Андалусияда — бакальяо, басқа бір жерде — курадильо, тағы бір жерлерде — бақтақ деп аталатын нәлімнің азын-аулақ қорынан басқа ештеңе табыла қоймады. Басқа балық болмағандықтан Дон Кихотқа бақтақ шабақтарынан дәм татуға қалай қарайтыны жайында сауал қойылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий