Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Одан соң өзінің мәстегін айналдыра қарап шықты, жануар төрт аяғынан бірдей ақсап тұрса да, бойындағы кемшілігі Гонелланың tantum pellіs et ossa fuіt сорлы атынан көп болса да, Александр Македонскийдің Буцефалы да, Сидтің Бабьекасы да мұнымен шендесе алмайды деген тоқтамға келді. Оны қалай деп атау керегі жайында бірнеше күн бойы ой кешумен жүрді, өйткені, өзім секілді жаужүрек рыцарьдың атына, оған қоса осындай керемет атқа қандай да болсын бір тәуір есім бермеуге болмайды, деп ойлады ол. Біздің идальгомыз: егер қожайыны

өмірінде өзгеріс болған болса, онда оның сәйгүлігі де атын өзгертіп, әрі жаңа, әрі сүйкімді, әрі елден ерек, иесінің жаңа дәрежесі мен әрекет өрісіне сай келетін есімге ие болуға тиіс дейтін пікірге нық орныққан еді; сол себепті де бұл кезбе рыцарьдың сәйгүлігіне айналғанға дейін қандай болғанын, ал енді қазір қандай екенін өзі-ақ көрсетіп тұратындай ат табуға тырысып-ақ баққан-ды. Сөйтіп, қаперін олай да былай қопарыстырып, қиялын қарыштатып, алуан түрлі есімнің бірінен соң бірін ойлап табумен болды, — бірін жақтырмады, екіншісін суқаны сүймеді, басқасымен ауыстырды, лақтырып тастады, жаңадан құрастыруға кірісті, — әйтеуір, ақыр соңында Росинант дегенге тоқтап, оны әрі ұнамды, әрі құлаққа жағымды, бұрын бұл ат әншейін ғана мәстек болса, қазір енді бәріне шаң қаптырып әлемдегі ең бірінші мәстекке айналғанын ұғындыра алатын есім деп тапты.

Сәйгүлігіне, өз ойынша, соншалықты сәтті есім ойлап тапқан ол енді өзіне де бір жақсы есім тауып алғанды жөн көрді және бұған тағы бір апта уақыт жіберіп, ақыр соңында Дон Кихот атануға ұйғарым жасады — осынау бір өтірігі жоқ шыншыл хикая авторларының оның шын әулет есімі біреулер бой бермей жүргендей Кесада емес, ешқандай күдік-күмәнсіз Кихада болғаны жайындағы тұжырымдары да, қайталап айтайық, тап осыған байланысты болатын. Солай бола тұрғанымен, айбынды Амадистің құр әншейін Амадис деп атана салмай, бұл есімге өз корольдігі мен атағын шығару мақсатында туған жерінің де атауын қосақтағаны, сөйтіп Амадис Галльский атанғаны есіне оралып, нағыз рыцарь ретінде бұның да өз есіміне отанының атауын қоса тіркеуі қажет, сөйтіп Ламанчалық Дон Кихот атанғаны жөн деп шешті, осы арқылы, оның пікірінше, қай туысқан болатынын, қай өңірден шыққанын бірден-ақ аңғарта қоймақ, оған қоса туған жеріне де құрмет көрсетпек.

Сауыт-сайманын тазалап, шошақ төбелі қалпақтан нағыз дулыға даярлап, мәстегіне ныспы таңдап және өзіне өзі жаңа есім берген ол енді өзім ғашық болып күйіп-жанардай бір ханымды табуым ғана қалды деген байламға келді, өйткені махаббаттан мақұрым кезбе рыцарь дегеніңіз де бір, жеміссіз-жапырақсыз ағаш та, жаннан айрылған тән де бір ғой.

— Егер де айып-күнәларыма жіберілген жаза ретінде немесе бағым үшін, — деді ол өзіне өзі, — кезбе рыцарьлар жиі жолықтырып тұратын дәулердің бірі әлдебір жерден маған да кездесе қалса, оны алғашқы айқаста-ақ жер жастандырсам немесе қақ бөліп шауып түсірсем, жә болмаса, алыс-жұлыста алып ұрып кешірім сұрауға мәжбүр етсем, ондашы бұндай жағдайда әлгіні тарту етуге жарайтын ханымның болғаны несі жаман! Сонда әлгі неме менің моп-момақан аяшымның алдына барып тізерлеп отыра кетіп, бағынышты да жалынышты үнмен: “Сеньора! Мен — Каракульямбр деген дәумін, Малиндрания аралының билеушісімін, көп жұрт қадірін әлі білмейтін Ламанчалық Дон Кихотпен жекпе-жекте жеңіліп, соның әмірімен мархабатты құзырыңызға келіп отырмын, енді патша көңіліңіз маған не істесе де ерікті!” демей ме!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий