Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Күндердің бір күнінде менің ізгілікті істерім жайында да бір өтірігі жоқ шыншыл шығарма жарық көрер, соны сипаттап жазуға бел буған оқымысты оғлан осынау таң алагөбеңде басталған алғашқы сапарымды суреттейтін жерге жеткенде, әңгімесін былай деп бастарында күмән жоқ: “Алтын бұйра шашты Феб жердің жалпақ та байтақ жүзіне қалың шашының сәуле ұшқындаған талдарын енді ғана біртіндеп жайып жатқан шақта, қызғаншақ жұбайының жылы қойнынан шығып, ламанчалық көкжиектің қақпасы мен терезесін шалқайта ашып, қарапайым пенделерге көз жанарын тіккен, өңі алабұртқан Аврораны түрлі-түсті құйтымдай құстар арфа әуезіндей нәзік те тәтті әуендерімен қарсы алып жатқан шақта, ізгі ниетті рыцарь Ламанчалық Дон Кихот та құс төсектің жанға жайлы рақатын тәрк қып, өзінің сүйікті сәйгүлігі Росинантқа қарғып мініп, даңқы алысқа жайылған ежелгі Монтьель жазығымен жолға шыққан еді”.

Ол расында да осы жазықпен келе жатқан.

— Ұрпақтарға ұлағат болуы үшін, — деді ол одан әрі, — мысқа бедерленіп, мәрмәрға қашалып, кенепте майлы бояумен бейнеленуге лайық даңқты ерлік істерім жарық көретін заман қандай ғаламат заман, қандай ғанибет ғасыр болмақ десеңші! Бастан өткерген ғажайып оқиғаларыма шежіреші болу бақыты бұйырған, беу, кемеңгер сиқыршы, сен кім болсаң ол бол, сенен өтініп сұрарым: мейірімді Росинантты, өзіммен бірге барлық жол-сапарды бірге өткеріп жүрген көнпіс серігімді, ұмыта көрмеші.

Одан соң ол шынымен-ақ ғашықтық отына күйіп жүрген жандай боп сөйлеп кетті:

— Беу, принцесса Дульсинея, өзіңіз жаулап алған жүректің жалғыз ғана әміршісі! Алуан-алуан айып тағып қуып шыққаныңыз және ашу үстінде айдай сұлу әлпетіңізге енді қайтып көрінбеуге әмір еткеніңіз мені өте үлкен күйінішке ұшыратты. Өтінем сізден, сеньора: өзіңізге ғашықтықтан шектен тыс ауыр азап шегіп жүрген, өзіңізге шын берілген жүрекке аяушылық жасасаңыз етті!

Сүйікті романдарында айтылатындарды айнытпай қайталап, оған қоса олардың сөз саптау мәнеріне де хал-қадарынша еліктеп бағуға тырысқан бұл осынау сандырақтарға басқа да қисынсыз бірдеңелерді үстемелеумен болғандықтан жүрісі де шабандап қалған-ды, ал бұл кезде күн әжептәуір биікке көтеріліп, жер-дүниені ыстық жалынымен шарпып тұрған, егер Дон Кихоттың басында азын-аулақ ми қалған болса, ол әлдеқашан балқып су боп ағып кетер еді.

Ашығын айтқанда, ұзақты күн жүргенде оған, тілге тиек етуге тұрарлықтай, ешқандай оқиға жолыққан жоқ-ты, сондықтан оның зығырданы қайнай бастаған болатын, себебі бойындағы буырқанған бұла күшін байқататындай біреумен мүмкіндігінше тезірек ұшырасуды аңсап келе жатыр еді. Авторлардың бірі оның ең алғаш бастан кешкен оқиғасы — Лаписе шатқалында болған жағдай деседі, басқалары — жел диірмендермен болған айқасты алға тартады, — алайда, өзім анық-қанығына жеткен және оған Ламанча шежірелерінен дәлелдеме тапқан жайларым мынадай. Бұл күнді Дон Кихот жолда өткізген еді, сондықтан кешке қарай өзі де, мәстегі де қатты қалжырап, ашыққан болатын; сөйткесінгі жерде ішке ел қондырып, аяқ созып жан шақыратын әлдеқандай бір қамал-сарай, яғни бақташының лашығын, табам ба деген үмітпен тұра қалып жан-жағына барлай көз жіберген ол жолдан таяқ тастамдай жерде жолаушылар аялдайтын бекет тұрғанын байқады, осынау бекет бұған жан сауға беретін құтхананың кіре берісіне ғана емес, соның қақ төріне бастайтын жарық жұлдыз секілді көрініп кетті. Ол тізгінді қағып қалды да, бекетке қарай бет алды, бұл кезде іңір түсе бастаған болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий