Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шектен тыс кеңпейілділігіңізге қарап, осылай болатынын білген де едім, қайырымды мырзам, — деді Дон Кихот. — Сөйтіп, енді біле беруіңізге де болады, өзіңізге айтқан және өзіңіз үлкен адамгершілікпен орындауға сөз берген өтінішімнің мәні — ертең таңертең мені рыцарьлар қатарына қабылдауыңыз керек; бұл түнді мен қамал-сарайыңыздың зияратханасында қару-жарақты күзетумен өткізем, ал ертең, қайталап айтайын, көксеген арманыма қолым жетеді, сөйтіп әлемнің төрт бұрышын аралап, шытырман оқиғалар іздеу және жәбір шеккендерді қорғау, сөйтіп күллі рыцарьлар қауымының қарызын өтеу, сондай-ақ кезбе рыцарь ретіндегі өз парызымды орындау қақына заңды түрде ие болам; ал кезбе рыцарь болуым себепті әлгінде өзім атап шыққан ерліктерді іске асыруға барымды салуға міндетті екенім екібастан.

Алдында айтып өткеніміздей, бекетші иісті алыстан сезетін сұм адам болғандықтан, қонақтың есі кемдеу екенін әу бастан-ақ аңғара қойған, ал мына сөздерден кейін соған әбден көз жеткізді де, бұл түнді ойын-күлкімен көңілді өткізу мақсатында ыңғайына жығылып, ойына келгенінің бәрін орындамаққа ниеттеніп, Дон Кихотқа мынадай әңгіме айтты: түр-сымбаты мен тәкаппарлау кескініне қарап-ақ тануға болатын осынау асыл затты рыцарьдың мұндай ниет білдіруі де, өтініш айтуы да ақылға әбден қонымды, табиғи әрі заңды; тіпті бұл да, бекетшінің өзі де, жас кезінде осынау абыройлы кәсіпке басы бүтін берілген болатын: әр-алуан елді кезген, шытырман оқиға іздеп Малага іргесіндегі Перчелесте, Риаран аралдарында, Севильядағы Компаста, Сеговиядағы Асогехода, Валенсиядағы Оливерада, Гранададағы Рондильяда, Сан Лукардағы жағалауда, Кордовадағы Потрода, Толедодағы құмар ойын отауларында, тағы басқа жерлерде бола жүріп аяқтың жылдамдығы мен қолдың ептілігін жетілдірген, не түрлі сотқарлық жасап, жесір келіншек атаулыны құр жібермеген, қыздардың абыройын төгіп, жасы жетпегендерді зорлаған, сөйтіп испан соттары мен үкім шығару орындарында бұның аты ауыздан түспейтін болған; міне, ақыр соңында, тыныс таппаққа мына өзінің қамал-сарайына келіп орын теуіп отыр, өз есебі мен жұрт есебінен күн көреді, айрықша құрмет тұтатындығы себепті атағы мен байлығына қарамастан барлық кезбе рыцарьды қабылдаумен айналысады, тек бір ғана шарты бар: қонақжайлылығы үшін олар қолда бар қаражатымен бөлісуі керек. Бұл айтқан сөздеріне бекетші қамал-сарайда қару жанында күзетте отыратындай зияратхананың жоқтығын, өйткені, жаңасын тұрғызбақ оймен ескісін құлатып тастағанын қосып қойды; бірақ, өзінің білуінше, айрықша мұқтаж жағдайда қаруды қай жерде болсын күзетуге рұқсат көрінеді, сол себепті Дон Кихоттың бұл түнді аулада өткізуіне болады, ал ертең, құдай сәтін салса, салтқа лайық салтанаттың бәрі атқарылады, сосынғы жерде ол нағыз рыцарьға және жай емес, бұл дүниеде бұрын-соңды болып көрмеген рыцарьға айналады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий