Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Малшы оның сөзіне пысқырып та қарамады, — ал, дұрысында, пысқырып қарағаны жөн болатын: әйтеуір, аз дегенде, аяусыз тоқпақтан аман қалатын, — сауыт-сайманды алды да, бар күшімен алысқа лақтырып жіберді. Сол сәт Дон Кихот көкке көзін тігіп, шамасы, әміршісі Дульсинеяға ойша жалбарынған болуы керек:

— Жүрегіме, — өзіңіздің басы байлы құлыңызға, — алғаш көрсетілген жәбір үшін кек қайтаруға көмектесе көріңіз маған, мейірбан аяшым. Қазір маған алғашқы сынақтан өтуге тура келеді — қамқорлығыңыз мен қорғауыңыздан тыс қалдыра көрмегейсіз мені! — деді.

Аяулы аяшын көмекке шақырудан танбаған Дон Кихот қалқанын былай қойып, найзасын қос қолымен көтеріп ап, мал айдаушының басына бар күшпен қондырғаны сонша, анау тіл тартпастан тырайып түсті; егер осы соққыдан кейін іле-шала тағы бір соққы жасалғанда, онда оның дәрігерге қаралмай-ақ қоюына да болатын еді. Бұдан кейін Дон Кихот сауыт-сайманын орнына әкеп орналастырып, түк ештеңе болмағандай қайтадан әрлі-берлі теңселіп жүре бастады. Арада аз уақыт өткенде, серігі қандай бақытсыздыққа ұшырағанынан бейхабар екінші бір малшы, — өйткені анау әлі күнге шейін ес-түссіз жатқан-ды, — қашырларын суармақ болды; сөйтіп, астаудың жанына келіп, орын босату үшін сауыт-сайманды былай шығара бастаған кезінде, соны бағып тұрған Дон Кихот, бұл жолы бір ауыз тіл қатпастан, ешкімнен көмек те сұрамастан, қалқанын тағы былай тастап, найзасын тағы жоғары көтеріп, бар күшпен малшыны бастан періп қалды, қатты ұрғаны сонша, найзасының сабы быт-шыт болды, малшының бас сүйегі үш емес, төрт жерінен жарылып кетті. Айқай-шу шыққан жерге бекетте қонып жатқандар, ішінде бекетші де бар, жүгіре басып жинала бастады. Соны көрген Дон Кихот, бір қолына қалқанын, екінші қолына семсерін ұстай алып, қатты дауыстап:

— Беу, сұлулық падишасы, жадау тартқан жүрегімнің қуаты мен қамалы! Айтып жеткізгісіз қатер бұлты басына үйірілген сәтте өзіңнің шын берілген рыцарыңа кеңпейілдікпен көңіл аударатын кезің келді ғой! — деп салды.

Осы сәт ол бойына айрықша бір қуат дарығанын, бұл араға жер бетіндегі мал айдаушы біткеннің бәрі түгел жиналса да, бәрібір, бір адым кейін шегіншектемейтінін сезді. Жаралы малшылардың ауыр халде жатқанын көрген серіктері Дон Кихотқа алыстан тас жаудыра бастады, — анау мүмкін болғанынша қалқанмен қорғанып бақты, бірақ сауыт-сайманын иесіз қалдырмауға тырысып, астаудан онша алшақ кеткен жоқ. Бекетші мал айдаушыларға бақырып-шақырып, рыцарьға тиіспеуді өтінумен болды: оның ауыш екенін өздеріңе ескертпеп пе едім, ал жынды адам осы жердегі жұрттың бәрін түгел жайратып салса да, оған ешкім ешқандай шара қолдана алмайды, деді.

Бірақ, Дон Кихоттың айқайы одан да гөрі басым түсіп жатты: мал айдаушыларды — опасыздар, сатқындар деп сөкті, ал қамал-сарай қожасын, — кезбе рыцарьларға осындай қарым-қатынас жасауға жол бергені үшін, — қорқақ та қайырымсыз кавальеро деп айыптады, онымен қоймай, егер ол, Дон Кихот, рыцарьлар қатарына қабылданған болса, онда қамал-сарай иесі осынау екіжүзділігі үшін оның алдында жауап берген болар еді, дегенді де қосып қойды.

— Ал, мына пасық та жексұрын қара тобырды мен иттің етінен жек көрем. Лақтырыңдар тасты, бермен жақындаңдар, тап беріңдер, қолдарыңнан не келсе соны қылыңдар, — ессіздіктерің мен есерліктерің үшін қазір сазайларыңды тартасыңдар!

Оның үнінен ештеңеден тайынбайтын дүлейлік демін сезген дұшпандарының бойын жаман қорқыныш биледі: содан, бір жағынан, үрейге бой алдырған, екінші жағынан, бекетшінің уәжіне құлақ асқан олар оған тас атуды тоқтатты, ал Дон Кихот болса, жараланғандарды алып кетуге мұрсат бергеннен кейін сол баяғыша тәкаппар, кекірейген қалпын сақтаған күйі сауыт-сайманын күзетуге қайта кірісті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий