Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы сөздерді айтып, ол Росинантты бүйірден шпормен бір тебініп, шоқырақтап ұзай берді. Соңынан қарап тұрған село тұрғыны оның тоғайдан шығандап, көз таса болғанына көз жеткізгеннен кейін малайы Андреске еңсе бұрып:

— Кел бермен, балам! Әлгі жәбір көрушілердің жоқшысы берген әмірді орындайын, қарызымды өтейін саған, — деді.

— Оған титтей де күмәнім жоқ, тақсыр, — деді Андрес. — Мейірбан рыцарьдың, жасаған иеміз оған мың жылдық ғұмыр бергей, әмірін орындау өз мүддеңіз үшін өте тиімді болмақ; ол сондай батыр әрі сондай әділ адам, егер ақымды төлемесеңіз, әулие Роке атымен ант етейін, ол міндетті түрде қайтып оралып, айтқан сөзін айнытпай орындайды.

— Менің де бұған титтей шүбәм жоқ, — деді шаруа, — бірақ сені сондай жақсы көрем, қарашығым, сондықтан кейін көбірек қып төлеу үшін саған тағы да біраз қарыз бола түскім келеді.

Сол арада ол баланы шап беріп қолынан ұстай алды да, қайтадан еменге әкеп таңып, белбеумен шалажансар халге жеткенше шықпыртты.

— Ал, енді жәбір көрушілердің жақтасын шақыра беріңіз, сеньор Андрес, оның сізге қалай жақтасқанын көріп алайын, — деді шаруа. — Бірақ, өз ойымша, сізді онша қатты жәбірлемеген де сияқтымын — бағзыда өзіңіз айрықша қауіп білдіргендей, теріңізді тірідей сыпыруға қолым қышып-ақ тұр.

Дегенмен, ақыр соңында ол шығарған үкімін орындауы үшін аталмыш әділ қазысын іздеп таба қойсын деп баланың байланған жібін босатып, жөнін табуға кеңшілік етті. Қабағын қарс жапқан бақташы балақай кетіп бара жатып айбынды Ламанчалық Дон Кихотты қалайда іздеп табатынын, қарызын еселеп қайтаруға қожайынды мәжбүр етуі үшін оған болған жайдың бәрін егжейлі-тегжейлі жеткізетінін айтып ант етті. Қалай болған күнде де, Андрес еңірей жылап кетті, ал қожайыны болса мысқылдай күліп қала берді.

Жәбір көргенге осылай жәрдемдескен, бұл оқиғаны рыцарьлық ерлік істерінің керемет те бақытты бастамасы іспетті сезініп, қуанышы асып-тасқан, өзіне-өзі айрықша ырза Дон Кихот бұл кезде туған селосына қарай бағыт ұстап, өзімен өзі күбірлей сөйлесіп келе жатыр еді:

— Енді өзіңді қазір жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан барлық әйелдің ішіндегі ең бақыттысымын деп атауыңа заңды қақың бар, беу, сұлулардың сұлуы Дульсинея Тобосская! Тағдырдың жазуымен осынша жаужүрек, осынша мейірбан және қазір қандай болса, болашақта да әрдайым сондай бола беретін рыцарь Ламанчалық Дон Кихот сенің барлық қылтың-сылтыңың мен көңіліңнің қалауын бір сөз айтпай, бұлжытпай орындайтын адамға айналды; оның рыцарьлық орденге кеше ғана өткені барша жұртқа мәлім, ал бүгін ол жауыздық пен жалғандық бірігіп туындатқан, бұрын болып көрмеген шектен тыс зұлымдық пен шектен тыс заңсыздықтың тамырына балта шапты — сөйтіп, бұл жолы ешқандай айып-кінәсі жоқ жасөспірімді азаптап жатқан қанқұйлының қолындағы қамшыны жұлып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий