Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньор кавальеро! — деп әлгі саудагер қайта үн қатты. — Осы арада тұрған ақсүйектердің атынан сізге мынадай бір болмашы өтініш айтқым келеді: өзіміз өмірі ешқашан көрмеген және ол жайында дым ештеңе естімеген ханымның пайдасына куәлік етеміз деп ар-ұятымыздың алдында ауыр азапқа түспесіміз үшін, оған қоса осындай куәлік арқылы алькарриялық және эстремадурлық императрицалар мен королеваларды қорламас үшін, мархабатты мырза, бізге мейлінше мейірімділік жасап айтылмыш ханымның қандай да бір болсын суретін көрсетсеңіз етті, тіпті оның көлемі бидай дәніндей болса да мейлі, — өйткені бір тал қылшығына қарап-ақ шошқаның қандай екенін білуге болады деген ғой, — сонда біз әбден сенімді болар ек, көңіліміз әбден көншір еді және, өз тарапымыздан да, борыштар боп қалмай, лайықты құрметімізді көрсетер ек. Ашығын айтсам, ол ханымға қазірдің өзінде-ақ сырттай сүйсініп қалдық, сондықтан егер суретіне қараған мезгілде аталмыш әйелдің бір көзі қыли, ал екінші көзінен қызыл сынап пен күкірт тамшылап тұрған күннің өзінде де, бәрібір сіздей мархабатты мырзаның көңілі үшін біз оның бойында асыл қасиет атаулының қандайы да болсын бар екенін мойындар ек.

— Одан ондай ештеңе тамып тұрған жоқ, арамза хайуан! — деп айқайлап жіберді ашу қысқан Дон Кихот. — Одан ондай ештеңе тамып тұрған жоқ, деймін саған, — осынау періштедей пәк жанның бойынан тек амбра мен мускустың хош иісі ғана бұрқырайды. Ол мүлдем қыли да, қисық та емес, Гуадарраманың мұз бағанындай сымбатты. Енді сіз қазір осынау ойға келмес өрескел мазаққа барғаныңыз үшін сазайыңызды тартасыз, себебі әміршімнің айдай сұлу ажарына кір жақтыңыз.

Осыны айтып найзасын көлденең ұстап әлгіге қарай ызбарлана әрі өшіге ұмтылғаны сонша, егер әдепсіз саудагердің бағына қарай Росинант жолда сүрініп кетіп құлап түспегенде оның саудасы біткен де болар еді. Сөйтіп, Росинант құлап түсті, ал оның қожайыны анандай жерге ұшып кетті; тұрайын деп еді, тұра алмады: найза, қалқан, шпорлар және ауыр салмақты атам заманғы сауыт-сайман қол-аяғын байлап-матап орнынан тұрғызбады. Осылайша, тұрмаққа тырысып босқа әлектеніп жатып та ол:

— Тоқтаңдар, қуыс кеуде қорқақтар! Жексұрын малайлар, тұра тұрыңдар! Өз кінәмнан емес, атымның кінәсынан құладым ғой! — деп айқайды салумен болды.

Сол арада анау, шамасы қаны бұзықтау неме болса керек, апатқа ұшырап жатқан жанның балағаттаудан тыйылмасын байқап, шыдамын жоғалтып, жауап орнына оның сорын сорпа қылмаққа ниеттенді. Дон Кихоттың жанына жүгіріп барған ол найзасын қолынан жұлып алып бөлшек-бөлшек қып сындырды да, бір бөлшегін ала сап оны сілейте соққаны сонша, сауытынан еш дәрмен болмаған рыцарымыз бастырылған бидайдың бауындай боп қалды. Қожайындары мал айдаушыны сабасына түсуге шақырып, кавальероға тимеуге үгіттеп баққандарымен, қаны қызып алған неме ашу-ызасы әбден сарқылғанша ойынды тоқтатпауға бекінді; найза сабының сынған бөліктерін бірінен соң бірін алып, онысын жерде ұзынынан сұлап жатқан бейшара рыцарьды соққылаумен қайта сындыруға кірісті, — ал рыцарь болса, біреу таяқпен аяусыз төпелеп жатқанына қарамай, аспаннан, жерден және қазір өзі қанішер ретінде қабылдаған саудагерлерден кек алатынын айтып сес көрсетіп, жағы бір тынбай сөйлеумен болды.

Ақыры мал айдаушы шаршады, сөйткен соң сапарлары барысында барғанша-келгенше әңгіме қылуға азық табылған, — тілге тиек етілер жай, әрине, таяққа жығылған сормаңдай рыцарь болатын, — саудагерлер әрмен жылжыды. Ал рыцарь жалғыз қалған соң тұрмаққа тағы талпыныс жасады; бірақ әншейінде, дені-қарны сау кездің өзінде де, тұра алмайтын адам енді қазір, сорын қайнатып сілейтіп салғаннан кейін тұра алатын ба еді? Әйтсе де, ол өзін өте бір бақытты жандай көрді — бұл кезбе рыцарьдың басында бола беретін әдеттегі жағдай ғой деп ойлады ол, оның үстіне бұған кінәлі өзі емес, аты болатын. Тек бір өкініштісі, қанша арпалысса да тұра алмайды — бойындағы сүйек біткеннің бәрі сырқырап ауырып тұр.

Ү тарау

Мұнда рыцарымыздың басындағы бақытсыздықтар жайындағы әңгіме одан әрі жалғасады

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий