Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шынымен-ақ қозғала алмайтынына көзі анық жеткен рыцарымыз өзінің дағдылы амал-айласына көшуді ұйғарды, дәлірек айтқанда: романдарда суреттелетін оқиғалардың әлденендей біреуін еске алмақ болды; сол арада оның шатысқан түсінік-пайымы Карлотто Балдуинді тауда жарақаттағаннан кейін Балдуин мен маркиз Мантуанский арасында болған жайды ойына оралта қойды — балаларға жақсы мәлім, жас жігіттерге тартымды, қарияларды да қызықтыратын, олар да мұны кәдімгі болған оқиғаға балайтын бұл хикаяның шындығы, ақиқатында, Мұхаммедтің ғажайып істері жайындағы ойдан шығарылған әңгімелерден артық емес-ті. Дон Кихот осы оқиға мен өзінің басынан өткен жайдың арасында әлденендей бір ортақ нәрсе бар деп тапты; сөйтіп, бойын айрықша толқу билеген ол олай да былай аунап жатып, жарақаттанған Орман Рыцары әлдебір кезде айтты делінетін сөздерді естілер-естілмес етіп сыбырлаумен болды:

Қайдасың, менің сеньорам?

Бөліспейсің неге қайғыммен?

Хабарың әлде жоқ па одан,

Жатпын ба әлде саған мен?

Романсты осылайша жатқа оқи келе ақыры ол:

Беу, мантуандық билеуші,

Әміршім әрі ағайым! —

деген жолдарға жеткен-ді.

Дон Кихот осы өлеңді оқып жатқан кезде тап осы жолмен есегін тепеңдетіп өзімен бір селода тұратын шаруа адам диірменге астық апарып қайтып келе жатқан болатын; жерде ұзынынан сұлаған адамды көрген ол жақындап келіп кім екенін, қай жері ауыратынын және неге сонша қинала ыңырситынын сұрады. Дон Кихот, әрине, оны өзінің туыс ағасы маркиз Мантуанскийдің нақ өзі екен деп қалды, сондықтан жауап орнына әлгі романста айтылатын жайды аудыртпай қайталап, тағы да өзінің бақытсыздығы жайында, император ұлының өгей шешесіне деген махаббаты жайында сайрап берді. Бұл сандырақтарды диқан таңырқана тыңдады, сосын дулығасының соққы салдарынан сынған бет жабарын былай алып тастап, бетін басқан шаңды сүртіп тазалады; сол бойда-ақ оның кім екенін танып:

— Сеньор Кихана! (Ақыл-есінен адаспай тұрғанда, салиқалы идальгодан кезбе рыцарьға айнала қоймаған кезде Дон Кихотты жұрт осылай атайтын.) Кім сізді бұлай сабап кеткен? — деді.

Дон Кихот болса барлық сұраққа жауапты аталмыш романстағы өлең жолдарымен қайтарып жатты. Қайырымды диқан мұның жарақат алған-алмағанын білмек үшін асқан сақтықпен сауыт-сайманынан кеуделік пен иық жабарды ағытып алды, алайда денесінің қансыраған не ісінген жерін көре алмады. Сосын оны орнынан тұрғызып, есек жуастау жануар ғой деп шешіп, едәуір әуреге түсіп жүріп ақыры оны есегіне отырғызды. Одан соң қару-жарағын жинастырып, тіпті найзаның сынықтарын да қалдырмай жинап, бәрін Росинанттың еріне әкеп байлап тастады, сөйтті де ат пен есекті тізгінінен жетелеп, Дон Кихоттың шатқандарын құлағына да ілмеген күйі, өз ойымен өзі боп селосын бетке алып жүріп кетті. Дон Кихот та ұзамай ойға берілді; сілесі қатқанша таяқ жеген міскін ердің үстінде шақ отыр еді, деміл-деміл аһ ұрып ауыр күрсініп қоятын, соған алаң болған диқан ақыр соңында одан қай жері ауыратынын тағы бір қайталап сұрауға мәжбүр болған, бірақ басынан өтіп жатқан шәлкем-шалыс істерге сәйкесе кететін ертегі-аңыздарды Дон Кихоттың құлағына шайтан сыбырлап тұрғандай еді: себебі Балдуин жайын ұмытып үлгерген ол дәл осы сәтте антекерлік алькайд Родриго де Нарваэстің Абиндарраэс дейтін маврды13 тұтқындап, өз қамал-сарайына қалай алып келгенін еске түсірген болатын. Сөйтіп, диқан хал-жағдайын, неге мазасызданып келе жатқанын сұраған кезде анау оған бір кезде өзі Хорхе де Монтемайордың осы хикая әңгімеленетін Диана дейтін кітабындағы тұтқын Абинсеррагтың Родриго де Нарваэске айтатындарын сөзбе-сөз қайталап жауап берді. Маврдың басында болған кепті аса бір ептілікпен өз басына әкеп телігені сонша, осы балдыр-батпақты тыңдап тұрған диқан әлденеше мәрте шайтанды еске алып, жерге түкіруге мәжбүр болды. Оның дәл осы балдыр-батпағы диқанды жерлесінің есі ауысқаны-ау деген ойға жетелеп, мылжыңдарымен әбден мезі ғып біткен Дон Кихоттан тезірек құтылу үшін жүрісін үдетіңкірей түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий