Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот болса, сөзінің қорытындысында мынадай мәлімдеме жасады:

— Қаперіңізде болғай, мәртебелі мырза сеньор дон Родриго де Нарваэс, жаңа өзім сізге айтып берген Харифа ару дегеніміз айдай сұлу Дульсинея

Тобосская боп табылады, ал ол үшін мен күллі әлем көрмеген, көрмейтін және ешқашан көре алмайтын ерлік істер жасадым, жасаймын және жасай да берем!

Диқан бұған жауап ретінде былай деді:

— Сізге не десем болады, мейірімді мырза! Түсінсеңізші, сеньор, мен ешқандай да дон Родриго де Нарваэс те, маркиз Мантуанский де емеспін, бар болғаны өзіңізбен бір селода тұратын Педро Алонсомын ғой. Сол сияқты сіздің де кім екеніңіз мәлім: сіз ешқандай Балдуин де, Абиндарраэс те емессіз, қадірменді идальго, сеньор Киханасыз.

— Кім екенімді өзім жақсы білем, — деп Дон Кихот оған қарсылық білдірді, — сонымен бірге, әлгінде өзіңізге айтып бергендеріммен қоса, Францияның барлық Он Екі Пэрінің, сондай-ақ барлық Даңқты Тоғыз Азаматтың атымен атануға да қақым бар екенін білем, өйткені бұлардың жекелеп болсын, бәрі бірігіп болсын жасаған ерлік істері өзімдікімен салыстырғанда түкке де татымайды.

Осындай әңгіме үстінде кешке қарай олар селоларына да жетті; таяққа сылқия тойған идальго ердің үстінен ауып кете жаздап шақ отырғандықтан, оны ешкімнің көрмегенін хош көрген диқан қараңғылық түсуін күтпекке бекінді. Сөйтіп, қараңғылық әбден қоюланған шақта ол тура тартып Дон Кихоттың үйіне қарай жүрді, ал онда бұл кезде абыр-сабыр күшейіп, рыцарымыздың ең жақын екі досы — священникпен және шаштаразбен сөйлесіп жатқан күтуші әйелдің шаңқылдаған дауысы әжептәуір жерден естіліп тұр еді.

— Мырзамның басына түскен бақытсыздық жайында сіз не айта аласыз, сеньор лиценциат Перо Перес (священникті осылай атайтын)? Өзінің де, атының да, қалқанның да, найзаның да, сауыт-сайманның да ұшты-күйлі жоғалғанына, міне үш күн болды. Неғылған басымнан сорым арылмаған жан едім! Менің білетінім бір-ақ нәрсе, — және бұл әуелі жарық дүние есігін ашып, соңынан онымен қош айтысатынымыз сияқты шындық, — әлгі қарғыс атқыр рыцарьлық кітапшаларды ол күні-түні оқитын, міне, оны ақылынан адастырып жіберген де солар. Енді-енді есіме түсіп жүр, өзімен өзі сөйлесетін кездерінде кезбе рыцарьға айналғысы келетінін, шытырман оқиғаларға тап болу үшін жер-дүниені шарлауға кіріспек ойы барын әлденеше рет айтқан да болатын. Шайтан мен Варавва алсын бұл кітаптарды, оның ап-айқын ақыл-есі осылардың қырсығынан айныды ғой: ондай жанды бүкіл Ламанчадан іздесең табар ма едің.

Жиен қарындасы күтуші әйелді қолдай сөйледі.

— Білесіз бе, сеньор маэсе Николас, — деді ол шаштаразға қарап тіл қатып, — бақытсыздық оқиғалары жайында жазатын осынау жексұрын романдарды ағатайымның екі тәулік бойы бас алмай оқитын кездері де болатын. Одан соң, кей-кейде, кітапты былай лақтырып тастайтын да, семсерді ала сап әбден титықтап біткенше қабырғаға сұққыштайтын келіп. “Мен төрт дәуді тырапай асырдым, әрқайсысының бойының биіктігі мұнарадай еді”, дейтін. Қара суға түсіп терлеп кетеді, ал өзі болса бұны ағып жатқан қанға балайды, өзін айқаста жараланғандай көреді. Сосын бір бақыраш мұздай суды ішіп алады да, демалып, өзіне өзі келген соң: бұл қасиетті сусын, оны маған данагөй — қалай еді есімі? — Алкиф пе, Паф-пиф пе біреу, атақты сиқыршы және өзімнің адал досым әкеп берді, дегенді айтады. Жоқ, бәріне мен өзім кінәлімін: ағатайымның ақылы бүтін еместігін ертерек ескерткенімде оның бұлайша шектен шығуына жол бермес едіңіздер, осынау қарғыс арқалаған кітаптардың бәрін отқа жағып жіберер едіңіздер, өйткені дінбұзарлардың шимай-шатпақтары сияқты әлдеқашан отқа лақтыратын дүниелер дегеніңіз ол кісіде шаш етектен ғой.

— Мен де солай ойлаймын, — деп сөзге священник араласты, — ертеңнен қалдырмай аутодафе14 ұйымдастырып, алдағы уақытта оқырмандарды қазір, шамасы, абзал досым айналысып жүргендей істерге итермелемеуі үшін ол кітаптардың бәрін отқа жағатынымызға уәде берем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий