Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Екінші, үшінші және төртінші бөлімдерінің зәрін шамалы азайту үшін, — деді священник кесіп-пішіп, — оған рауғаш берген артық болмас еді, сосын қалғанының бәрін лақтырып тастау керек; ал, Даңқ қамал-сарайына және одан да өткен өрескелдіктерге келер болсақ, соттың талқылауын біраз уақыт кейінге қалдыра тұрайық, сөйтіп оның түзелген-түзелмегеніне қарап жұмсақ немесе қатаң үкім шығара жатармыз. Ал, әзірше, қадірменді достым, оны өзіңіз ала тұрыңыз, бірақ ешкімге оқуға бермеңіз.

— Алғанда қандай, — деп салды қуанышты шаштараз.

Рыцарьлық романдарды одан әрі парақтауға кежегесі кейін тартқан священник күтушіге барлық үлкен томды алып, аулаға шығарып тастауға әмір етті. Күтуші болса бұл әмірді ықыласпен ылдым-жылдым орындады — кітаптан алау жағу оған кенептің сала құлаш кездемесін өте жұқа етіп тоқып шығудан әлдеқайда жеңіл шаруа көрінді, сондықтан бір дегенде сегіз томды бір-ақ көтеріп ала жөнелді де, терезеден сыртқа атып жіберді. Бірақ, бұл оған онша жеңіл жүк болмағандықтан, біреуі шаштараздың аяғының астына құлап түсті — анау мұның нендей кітап екенін білгісі кеп бетін ашып: Атақты рыцарь Ақ Тиранттың өмір жолы деп оқып шықты.

— Бізді шайтан айналдырып жүр! — деп өзеуреді священник. — Апырай, Ақ Тирант та осында ма? Қане, маған бере қойыңызшы оны, қадірменді достым, бұл деген жан рақатының қазынасы, ләззаттың көмбесі ғой. Мұнда айбынды рыцарь дон Кириэлейсон Монтальванский, оның інісі Томас Монтальванский және рыцарь Фонсека бейнеленеді, мұнда ержүрек Тиранттың догпен шайқасы суреттеледі, мұнда бойжеткен Сүйкімдінің аярлық әрекеттері, жесір әйел Жылмақайдың жезөкшелік айла-шарғылары, сондай-ақ, ақыр аяғында, императрицаның өз атшысы Ипполитке деген сүйіспеншілік сезімі баяндалады. Осы сөзіме сеніңіз, қадірменді достым, сөз саптауын бағалар болсақ, бұл әлемдегі ең тамаша кітап. Рыцарьлар мұнда ас ішеді, ұйықтайды, төсектерінде жатып дүние салады, өлер алдында өсиет қалдырады, мұнда осы іспетті өңге кітаптардан табыла қоймайтын басқа да көп нәрсе бар. Солай бола тұрғанымен, авторы оған саналы түрде не қилы қисынсыз нәрсені тықпалай беріпті, сол үшін оны өмірбақилық каторгаға жіберуге жаза кескен жөн болар еді. Ала кетіңіз оны, оқып шығыңыз, ақиқат шындықты айтқаныма сонда көзіңіз анық жетеді.

— Тап солай істеймін, — деді шаштараз. — Ал, мына шағын кітапшаларды неғыламыз?

— Бұлардың рыцарьлық романдар емес, өлеңдер екені көрініп-ақ тұр ғой, — деді священник.

Қолға іліккен біреуін ашып, бұның Хорхе Монтемайордың Дианасы екенін көрген ол қалған кітаптар да осы деңгейлес шығар деп ойлады.

— Бұларды өртеудің қажеті жоқ, — деді ол, — бұлар рыцарьлық романдар секілді бақытсыздық әкелмейді: зәредей зияны жоқ жақсы кітаптар.

— Аһ, сеньор! — деп дауыстап жіберді сол кез жиен қыз. — Бұларды да басқаларымен бірге өртеп жіберейікші! Өйткені, ағатайым рыцарьлық романдарға деген дәнекүстігінен айыққанымен, кім біледі, аяқ астынан өлең оқуға кірісіп, нәтижесінде бақташы балаға айналуды аңсауы да мүмкін ғой: ондай жағдайда ол тоғайлар мен шалғындарды аралап, өлең айтып, сыбызғы ойнап жүрмек, немесе, одан да ең жаманы, өзі ақынға айналмақ, ал бұл, естуімше, тез жұғатын және жазылмайтын дерт деседі ғой.

— Қыз дұрыс айтады, — деп мақұлдады священник, — досымыздың жолындағы бұл бөгесінді де былай ысырып тастағанымыз жөн. Ал, Монтемайордың Дианасына келсек, мен бұл кітапты отқа жақпау керек, тек одан данагөй Фелисье мен сиқырлы суға қатысты нәрселердің бәрін, сондай-ақ барлық ұзын-шұбақ тармақтарды сылып тастауды ұсынамын, бұл кітаптың игілігіне прозасы мен өз қатарлары арасында алдыңғы орынға шығу құрметін қалдырайық.

— Оның жанында Саламантинецтің жұрт Екінші Диана деп атап кеткен Дианасы жатыр, — деді шаштараз. — Сосын міне сол аттас тағы бір кітап — Хиль Полоның шығармасы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий