Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Саламантинец басқалармен бірге аулаға аттансын, отқа жағылуға үкім етілгендердің қарасын көбейтсін, — деп шешті священник. — бірақ Хиль Полоның Дианасын оны құдды бір Аполлонның өзі жазғандай қастерлеу керек. Қане, әрмен жылжиық, қадірменді достым, кідірістей бермейік, күн кешкіріп барады.

— Мынау он бөлімнен тұратын Махаббат қуанышы, — деп мәлім қылды шаштараз тағы бір кітапты суырып алып, — Сардиния ақыны Антоньо де Лофрасоның шығармасы.

— Діни дәрежеммен ант етейін, — деді священник, — Аполлон Аполлон болғалы, музалар — муза, ақындар — ақын болғалы әлі күнге дейін ешкім осыншама тартымды әрі осыншама жүйесіз кітапты әлі жазған емес; бұл өзі бұрынды-соңды жарық дүниеге келгендердің ішіндегі өзіндік болмыс-бітімі бар жалғыз шығарма, өзі рәуіштес барлық кітаптың ішіндегі ең тәуірі, ал оны оқымаған адамды әлі күнге шейін тартымды ештеңе оқи алмаған дей беріңіз. Қане, маған бере қойыңызшы оны, қадірменді достым, — егер өзіме флоренциялық жібектен тігілген сутана тарту етілсе мен оған осы олжама қуанғандай қуана қоймаған болар ем.

Керемет көңілденіп кеткен священник кітапты былай алып қойды, ал шаштараз болса шаруасына қайта кірісті:

— Ендігілері — Ибериялық бақташы, Энарестік нимфалар және Қызғаныштан сауықтыру.

— Бұларды еш іркілместен зиялы қауымның, яки күтушінің билігіне берейік, — деді священник. — Оның себебін сұрамай-ақ қойыңдар, әйтпесе бүгін бітіре алмаймыз.

— Бұлардан кейінгісі — Филида бақташысы.

— Ол әсте бақташы емес, — деп ескертті священник, — әжептәуір білімі бар қала тұрғыны. Оны әлденендей бір асыл мүлік секілді сақтап қоюымыз керек.

— Мына семіз кітап Алуан өлеңдер жиынтығы аталады екен, — деп мәлім етті шаштараз.

— Ондағы өлеңдер саны аздау болса біз оны көбірек қадір тұтар ек, — деп құлаққағыс етті священник. — Оны отап, жақсы дүниелермен бірге жағаласып кіріп кеткен жасықтарынан тазарту керек болады. Рақымшылық жасайық оған, өйткені, біріншіден, авторы менің дос-жар адамым, ал, екіншіден, бұл оның бұдан да гөрі асқақ, әрі жоғары рухты шығармаларына деген құрметіміз болсын.

— Міне, мынау Лопес Мальдонадоның Әндер жинағы, — деп шаштараз жалғастыра түсті.

— Бұл автор да менің жақсы достарымның бірі, — деді священник. — Өзінің орындауында бұл әндер жұрттың айызын қандырады, себебі оның дауысындай дауыс жан баласында жоқ. Эклогтары да біршама ұзақ, әрине, тәттінің дәмі таңдайыңнан кетпейтіні белгілі ғой. Таңдаулылар қатарына қосайық оны. Оның қасында тұрған қай кітап?

— Мигель де Сервантестің Галатеясы, — деп жауап қатты шаштараз.

— Бұл Сервантес дейтінмен баяғыдан жақсы достық қатынастамын, сондықтан оның өлеңдегі жетістіктері тіршілікте басына түскен жайсыздықтардан да аздау екені маған жақсы мәлім. Оның кітабында сәтті ойлап табылған нәрселер баршылық, бірақ жүзеге асырмақ болған ниет-мақсаттарының бәрі де аяқсыз қалған. Өзі уәде еткен екінші бөлімін күте тұрайық: бәлкім, ол түзелер, сөйтіп дәл қазір өзіміз көрсете алмай отырған рақымшылыққа ақыры бір қолы жетер. Ал, оған шейін өз үйіңізде қамауда ұстай тұрыңыз.

— Қуана-қуана, қадірменді достым, — деді шаштараз. — Міне, тағы үш кітапша: дон Алонсо де Эрсильяның Арауканасы, кордовалық сот Хуан Руфоның Австриадасы және валенсиялық ақын Кристоваль де Вируэстің Монсерраты.

— Бұл үш кітап, — деді священник, — испан тілінде жігерлі рухта жазылған дүниелердің ішіндегі ең тәуірі: бәрі де ең әйгілі деген итальяндық дастандармен иықтас тұр. Бұларды сақтаңдар — испан поэзиясының асқар шыңы ғой бұлар.

Ақыры священник кітап тексеруден қажыды, сондықтан ол қалғанын тексермей-ақ түгел отқа жағуға кеңес берді, бірақ дәл осы кезде шаштараз тағы бір кітаптың бетін ашқан-ды — ол Анжеликаның көз жасы екен.

— Мұндай кітапты отқа жағуға мәжбүр болсам мен де көз жасымды төгер-ақ едім, — деді священник, — өйткені, оның авторы тек Испаниядағы емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең жақсы ақындардың бірі, оған қоса ол Овидийдің кейбір дүниелерін керемет жатық аударған кісі!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий