Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Диқан мен Дон Кихот бұл әңгіменің бәрін естіп тұрған, өзінің серігі қандай сырқатқа шалдыққанына сол арада анық көзі жеткен диқан кенеттен:

— Мархабатты мырзалар! Антекерлік алькайд, айбынды Родриго де Нарваэс тұтқынға алып келе жатқан сеньор Балдуинге, ауыр жараланған маркиз Мантуанскийге және сеньор Абиндарраэс маврға есік ашыңыздар! — деп айқайға басты.

Айқайды естіген іштегілер сыртқа жүгіріп шықты, жерге түсуге шамасы болмай әлі күнге есектің үстінде отырған жанды еркектер — өздерінің досы, әйелдер — ағасы мен қожайыны ретінде түстеп таныған бойда оған жармаса кетіп құшақтай бастады. Ал, анау болса, оларға:

— Жә, қоя тұрыңдар! Атымның қырсығынан ауыр жараланып қалдым. Мені төсекке апарып жатқызыңдар, сосын, мүмкін болса, жарақатымды қарап, емдеуі үшін данагөй Урганданы шақырыңдар, — дегенді айтты.

— Сұмдық-ай, сұмдық-ай! — деп зар қақты күтуші әйел. — Қожайынды қандай қырсық айналдырып жүргенін жүрегім сезіп еді-ау менің! Түссеңізші жайлап, тілеуіңіз болғыр, біз сені әлгі Құрығандасыз-ақ өзіміз емдеп жазып аламыз. Күл болып күйіп кеткір рыцарлық кітапшалар ғой сізді осындай халге жеткізген!

Олар Дон Кихотты төсекке апарып жатқызып, қарап шықты, бірақ жарақат таба алмады. Ал анау бұларға денесін жай ғана ауыртып алғанын, өйткені бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген өжет те өктем он алыппен айқасқан кезінде өзінің Росинантпен бірге жерге гүрс құлағанын айтты.

— Өйдөйт деген-ай! — деп священник дауыстап жіберді. — Әңгіме енді алыптар жайына ауысты ма-ей? Егер тап күні ертең, күн ұясына қонғанға шейін, соның бәрі отқа өртенбесе, құдай тас төбемнен ұрсын!

Дон Кихотқа сұрақ қарша жауды, бірақ ол жауап қайтарудан қашқалақтап, өзім қазір айрықша мұқтаж боп жатқан нәрсем — тамақ ішіп алып, ұйқтауға мүмкіндік берсеңдер деген тілек білдірді. Оның тілегі орындалды, одан соң священник диқаннан Дон Кихотты қалай тауып алғаны жайында егжей-тегжейлі сұрастыра бастады. Диқан оған болған жайдың бәрін, тіпті рыцарымыздың жерде сұлап жатып та, үйге келе жатқан жолда да шатып-бұтқандарына шейін түгел, бүге-шігесін қалдырмай баяндап берген соң лиценциаттың бойында ойға алғанын орындауға деген зор құлшыныс пайда болды, ертеңіне онысын іс жүзінде орындады да, атап айтқанда, дос-жар адамы шаштараз маэсе Николасқа соғып, екеуі Дон Кихоттың үйіне қарай бағыт алды.

ҮІ тарау

Священник пен шаштараздың айлакер идальгомыздың кітап қоймасын барынша мұқият әрі қызғылықты түрде қарап шыққаны жайында

Анау әлі ұйықтап жатқан. Священник жиен қыздан зиянкес кітаптар жиналған бөлменің кілтін сұрап еді, қыз өтінішін қуана-қуана орындай қойды; араларында күтуші әйел де бар, әлгі бөлмеге келіп кірген олар көзкөрім тәуір мұқабамен тысталған жүзден астам қомақты кітапқа, сондай-ақ олардан гөрі көлемі шағындау басқа да кітаптарға кез болды, сол-ақ екен, осыны көзбен шолып өткен күтуші бөлмеден жүгіріп шығып кетті де, іле қасиетті су құйылған сауыт пен су себелегішті алып қайта кірді.

— Өтінем сізден, мархабатты мырза, сеньор лиценциат, бөлмені аластап жіберіңізші, — деді ол, — әйтпесе мына кітаптарда тығылып жатқан сиқыршылардың бірі болмаса бірі тұқымын тұздай құртуға оқталып жатқанымызға кектеніп, бізді жадылап тастауы да мүмкін ғой.

Күтушінің аңғалдығына күліп қана қойған лиценциат шаштаразға мынадай тәртіп ұсынды: шаштараз оған кітаптарды бір-бірлеп беріп тұратын болады, ал өзі оларды қарап шығады — өйткені, бұлардың арасында өлім жазасына кесуге болмайтындары да кездесіп қалуы ықтимал.

— Жоқ, — деді ашулы жиен қыз, — бұлардың арасында кешірімге лайық бір де біреуі жоқ, бәрі де бізге жаманшылық әкелді. Бәрін терезеден сыртқа лақтыру керек те, бір жерге үйіп, жағып жіберу керек. Ал егер мал қораға апарып, сол жерде өртесек тіптен жақсы болар еді, сонда бізді түтіні де мазаламас еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий