Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шайтан емес, сиқыршы, — деп түзетті оны жиен қыз. — Өзіңіз бізден кетіп қалған соң ертеңіне түнде ол бұлтпен ұшып келді де, өзі атша мініп отырған айдаһардан секіріп түсіп, кітап қоймасына кіріп кетті. Онда не істегенін білмеймін, әйтеуір біраздан соң қарасам, анау шатырды киіп-жарып ұшып барады екен, ал үйдің іші көк-ала түтінге толып кетіпті. Не бүлдірді екен, көрейік деп барсақ, кітаптар да, бөлме де ізім-қайым жоқ. Тек бір ғана нәрсе есімізде жақсы сақталып қалды: ұшып бара жатқан кезінде әлгі залым шал кітаптар мен қойманың қожасына құпия өшпенділігі барын, сол үшін үйге үлкен зиян келтіргенін, ал оның нендей зиян екені кейін ғана белгілі болатынын айқайлап айтып кетті. Оған қоса өзінің аты данагөй Муньятон екенін де айтты.

— Муньятон емес, Фрестон, — деп түзетті оны Дон Кихот.

— Фрестон ба, әлде Фритон ба, білмеймін, — деп күтуші сөзге араласты, — әйтеуір тек есімінің тон деп аяқталатыны есімде.

— Әңгіме қайда, — деп Дон Кихот оның сөзін іліп әкетті, — ол өзі бір данагөй сиқыршы, менің нағыз қас дұшпаным: мені сондай жек көреді, себебі өзі қамқорлық жасап жүрген рыцарьмен арада біраз уақыт өткенде жекпе-жекке шығатынымды және өзінің қандай айла-шарғы жасағанына қарамастан әлгі рыцарьды тас-талқан ғып жеңетінімді арбаушылық әдіс-амалдары мен құпия жазулары оған алдын-ала көрсетіп берген, сондықтан маған қолынан келгенінше жамандық жасауға тырысып жүр. Сөйтсе де ол біліп қойсын, құдіретті күштің кесіп-пішкен нәрсесін өзгерту де, орағытып өту де қолынан келмейді оның!

— Бұған сірә да шүбә бар ма! — дауыстап жіберді жиен қарындасы. — Әйтсе-дағы, ағатайым-ау, сізді төбелеске шық деп желкелеп жүрген ешкім жоқ қой. Жер-дүниені шарлап азаптанып, мүйіз сұрай барған тоқал ешкінің құлағынан айрылып қалғанын естен шығарып, аспандағы айға қол созғанша үйде тып-тыныш отырған тәуір емес пе?

— Әй, жиенжан-ай! — деді Дон Кихот шамданып. — Менің кім екенімді әлі білмейді екенсің-ау сен, тегі! Біреу-міреу басыма қолын апардым дегенше мен оның құлағына қосып мүйізін де жұлып алам ғой!

Оның ашуға міне бастағанын көрген күтуші мен жиен қарындасы енді оған қарсы келмегенді ақыл санады.

Қалай болған күнде де, әйтеуір ол тұтас екі апта бойы тып-тыныш үйінде отырды, қаңғыма тіршілікке қайта кірісуге деген құштарлығын ешкімге аңдатқан жоқ және осы екі аптаның ішінде өзінің дос-жар адамдары — священникпен және шаштаразбен талай мәрте айта қаларлықтай қызықты әңгіме-дүкен құрып, қазіргі кезде әлемнің аса мұқтаж боп отырғаны тек қана кезбе рыцарьлар екендігіне және кезбе рыцарьлықты қайта тірілту парызы өз маңдайына жазылғандығына оларды барынша сендіріп бақты. Амал-айла қолданбай оны ақылға келтіру мүмкін емес деп ойлаған священник кей жағдайларда онымен дауласа кетіп, кей жағдайларда келіскен болып жүрді.

Осымен бір мезгілде Дон Кихот өзінің бір селолас адамымен келіссөз жүргізіп жатты: бұл өзі ақпейіл (егер елеулі мөлшердегі бағалы дүние-мүлкі жоқ жандарға осындай сипаттама беруге болатын болса) адам еді, әйтсе де, ақыл-есі біршама ауытқыңқыраған ахуалы бар-ды. Дон Кихоттың оған әр нәрсені айтып, сан түрлі уәдені үйіп-төгіп, керемет сендіріп баққаны сонша, ақыр соңында сормаңдай диқан оған атқосшы болып сапарға бірге шығуға келісімін беріп те салды. Айта кетер нәрсе, Дон Кихот оған онша көп қобалжи бермеуге кеңес берген, өйткені, оның, Дон Кихоттың, қас пен көздің арасында әлденендей бір аралды жаулап алуы, сосын оны сол аралдың губернаторы етіп белгілеуі әбден мүмкін, деген. Осы секілді уәделер Санчо Пансаны — диқанымыздың аты-жөні осындай еді — еліктіріп жіберді де, ол қатын-баласын тастап, селоласына атқосшы болуға ырзалық білдірді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий