Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әй, жаратқан ием-ай! — деп дауыстады Санчо. — Сақ болыңыз, бұлардың бәрі әншейін жел диірмендер деген жоқ па едім сізге? Өз басында диірмен қалбағайлары айналып тұрғандар болмаса, басқа бірдеңемен бұларды кім шатастырар еді.

— Аузыңды жапшы, достым Санчо, — деді Дон Кихот. — Ескертіп қояйын, әскери ахуал қашан да осылай айнымалы боп тұрады. Оған қоса, менің ойымша, және бұл ойым негізсіз де емес, данагөй Фрестон, әлгі кітаптарымды қоймасымен бірге үптеп кеткен сиқыршыны айтып жатырмын, жеңісті қолымнан жұлып алу үшін дәулерді жел диірменге айналдырып жіберген болса керек — ол мені сондай жек көреді. Бірақ, ерте ме, кеш пе, әйтеуір, оның арбаушылық зұлым айла-амалдарын айбынды семсеріммен харап қыларым анық.

— Оны енді бір құдайдың өзі біледі, — дей салды Санчо Панса.

Сосын Дон Кихотқа орнынан тұруға көмектесіп, шығарда жаны шақ қалған Росинантқа әкеп отырғызды. Әлгінде болған оқиға жайындағы әңгімелерін әрмен жалғаған олар Лаписе шатқалына апаратын жолға түсті, өйткені, өзінің айтуынша, осынау адам толассыз ағылып жататын жерде күтіп тұрған алуан түрлі шытырман оқиғадан Дон Кихоттың құралақан қалғысы келмеген; оған тек бір ғана нәрсе — найзасынан айрылып қалғаны уайым боп келе жатыр еді, осы өкінішін атқосшысына айтып берген ол былай деді:

— Бір кітаптан оқығаным бар еді, ұрыс кезінде семсерінен айрылған Дьего Перес де Варгас есімді бір испан рыцары еменнің дырау бұтағын сындырып алып, сол күні маврларды оңдырмай жайпап, қан-жоса қып қырғаны сонша, оған кейін Еменағаш дейтін лақап ат беріліпті, содан бері өзі де, ұрпақтары да Варгас-Еменағаш аталып жүр. Бұның бәрін айтып тұрған себебім, мен де жолшыбай өзіме алғаш кездескен бір еменнен, — жай емен бе, тас емен бе, бәрібір, — өз жобамша, тап сол Варгастың қолында болғандай көлемдегі бір үлкен бұтақты сындырып алмақпын, сосын сол бұтақтың көмегімен ес тандырарлық ерліктер жасамақпын, соны көргенде сен де тағдырыңа сан мәрте шүкіршілік етерің хақ, өйткені арада біраз уақыт өткенде адам сенбес ғажайып секілді көрінетін істердің басы-қасында жүру әрі куәгері болу бақытына қол жеткізесің ғой.

— Бәрі де құдайдың ықтиярында, — деді Санчо. — Сіз не айтсаңыз да сенем ғой, тақсыр. Тек кішкене түзеліңкіреп отырыңызшы, әйтпесе бір жағыңызға қарай қисайыңқырап бара жатқандайсыз — шамасы, әлгінде құлаған кезіңізде денеңізді ауыртып алғаныңыздан шығар.

— Рас айтасың, — деді Дон Кихот, — ауру жаныма қанша батса да ыңқылдамай келе жатқанымның жалғыз-ақ себебі — әлденендей бір жарақат алған жағдайда, мейлі тіпті ішек-қарыны ақтарылып қалса да, кезбе рыцарьларға ыңқылдауға болмайды.

— Ондашы, бұған қарсы айтар уәжім жоқ, — деді Санчо, — бірақ, бір құдайдың өзіне ғана аян, тақсыр, бір жеріңіз ауыра қалған жағдайда оны маған хабар еткеніңізді қалар едім. Ал, өзім ондай күйге тап келсем, — әрине, әлгі ережені кезбе рыцарьдың атқосшылары да орындауға тиіс болмаса, — бір жерім шамалы сыздағанның өзінде ыңқылға баспақпын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий