Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Найзасын жерге лақтырып, семсерін суырып алды да, қалқанын кеудесіне тосып, бискайлықты тұрған орнында жер жастандырмақ ниетпен алға ұмтылды. Бискайлық болса, істің насырға шапқанын байқап қашырынан түспекке оқталған, өйткені өзі мініп келе жатқан жалға алған жаман қашырға онша сенімі жоқ-ты, бірақ тек семсер суыруға ғана мұғдар тапты; сәтіне сай келген кездейсоқтық шығар, ол күйменің тап жанында тұрған; соны пайдаланып бір көпшікті суырып алды да, оны қалқан ретінде кеудесіне тоса қойды, содан соң екеуі қаны қарайған қас дұшпандарша айқаса кетті. Сол арада тұрғандардың оларды татуластырмақ болған әрекетінен түк шықпады — бискайлық балдыр-батпақ тілінде айқайды салып, егер өзіне айқасуға мүмкіндік берілмесе, онда қожайын әйелді де, жолына көлденең тұрған басқаларды да түгел қырып салатынын паш етті. Күймеде отырған ханым, мына болып жатқан жағдайға қатты таңырқап әрі одан қатты шошынып, делбешіге былайырақ шығуға әмір етті, сөйтіп жан алыс, жан беріс шайқасты әудем жерде тұрып бақылай бастады. Бұл кезде айқас қызып, бискайлық Дон Кихотты иықтан оңдырмай бір қойып та үлгерген-ді, егер қалқаны қорғап қалмағанда, оны белуарына шейін шауып түсіруі де мүмкін-ді. Осынау сұрапыл соққының зардабы жанына қатты батқан Дон Кихот:

— Беу, Дульсинея, жүрегімнің әміршісі, сұлулықтың салтанаты! Шаш-етектен келетін мейірім-қайырымыңызға бола осынша ауыр сынаққа басын байлаған рыцарыңызға көмекке келсеңіз етті! — деп айқайлап жіберді.

Бискайлықтың шаруасын бір-ақ шешуші соққымен бітіруді ниет қылған рыцарымыз үшін осы сөздерді айту, семсерді сығымдау, қалқанмен мүмкіндігінше қолайлы көлегейлену және жауға қарсы ұмтылу — бәрі де бір-ер қас-қағымда тынған іс болды.

Дон Кихоттың шабуылға шыққан кездегі тас-түйін тұрпаты буырқанған ашу-ызасын паш етіп тұрған-ды, сондықтан бискайлық қорғануға әзірлік жасағанды жөн деп тапты. Ол көпшікті кеудесіне басты, бірақ тұрған орнынан тырп ете алмады, өйткені қашырын не олай, не былай бұруға шамасы жетпеді, мұның себебі шектен тыс қатты болдырған және мынадай парықсыз істерге дағдыланбаған хайуанатқа аяғын аттап басу мұң болып тұр еді. Тоқ етеріне келгенде, әлгінде айтылғандай, Дон Кихот ылпың-жылпың бискайлықты қақ бөліп шауып түсірмек оймен шабуылға шықты; бискайлық көпшікпен қорғанып, ол да семсерін жоғары көтерді; үрейі ұшқан көрермендер бір-біріне күйрете соққы беруге әзір бұл семсерлер қарсыласын шапқанда не боларын білмекке, жүректері түршігіп тосып қалды; ал күймедегі ханым болса, бұл кезде күтуші келіншектерімен қосылып жаратқаннан жәрдем сұрап, қасиетті орынның бәріне сый-сауқат жасауға және барлық испан монастырына қаражат бөлуге уәде етіп, бискайлық пен өздерінің басына төнген осынау зор қатерден аман алып қалуын өтініп жатыр еді. Бірақ, тап осы арада, үлкен өкінішімізге қарай, Дон Кихот өмірін жазған алғашқы шежіреші оның бұдан арғы ерліктері жайында тарих жұмған аузын ашпайды дегенді желеу етіп, жекпе-жек баянын доғарады да, соңына нүкте қояды. Алайда, оның ғұмырнамасын жазған екінші шежіреші, ашығын айтқанда, осынау назар аударуға әбден татырлық оқиғалардың орынсыз ұмыт болуына жол бергісі келмепті, ламанчалық жазушылардың өз архивінде немесе жазу үстелінде ізгі ниетті рыцарымызға арналған әлденендей бір қолжазба қалдырмайтындай әуестіктен ада-күде мақұрым болғанына илана алмапты; осынау ұнамды оқиғаның аяғын тауып алармын деген үміттен қол үзбеуінің де себебі осы ойды өзіне тұрақты серік еткендігінен еді және онысы да жөн болыпты: жаратқан иеміздің жәрдемімен ол оны тапты да, бірақ қалай тапты — бұл жайында екінші бөлімде әңгімеленеді.

ІХ тарау

Бұл тарауда жаужүрек бискайлық пен көзсіз батыр ламанчалық арасындағы жекпе-жектің қалай аяқталғанының жай-жапсары баяндалады

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий