Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірінші дәптерден Дон Кихоттың бискайлықпен айқасының барынша нанымды бейнеленген суретін кезіктірдім. Хикаяда баян етілген жайдан ауытқу болмай, екеуі де өліспей-беріспейтін кейіпте бейнеленіпті, екеуі де семсерін жоғары көтеріп алған, бірі қалқанмен, екіншісі — көпшікпен көлегейленген, ал бискайлықтың қашыры болса тіптен тірі секілді: арбалет оғы жететіндей қашықтықтан-ақ оның жеке меншік емес, жалға алған қашыр екені аңғарылып тұр. Бискайлық бейнесінің астына: Дон Санчо де Аспейтья — шамасы, оны осылай атаған болу керек, ал Росинанттың астына — Дон Кихот деп жазылыпты. Росинанттың суреті тамаша салынған: тұрқы ұзын, сұрықсыз, болдырған, арық, қабырғасы ырсиған, бүйірі солыңқы сиқы орынды да сәтті табылған лақап атын әбден-ақ ақтап тұр. Әрменіректе Санчо Панса есегін сулығынан ұстап тұр, оның астына: Санчо Санкас деп жазылыпты; суретке қарағанда, Санчоның қарыны қабақтай, бойы аласа, аяғы ұзын көрінеді — оның Панса және Санкас аталып кеткені де осыдан болса керек: бұл екі лақап есім хикаямыздың беттерінен жиі-жиі жолығып отырады. Тағы да бірқатар ұсақ-түйек ерекшелікті атап өткен артық болмас еді, бірақ олардың айта қаларлықтай мәні жоқ және хикаяны дәл осы қалпынан да гөрі шыншыл ете түсуге септігін тигізе алмайды, ал енді қандай хикая да тек шыншыл болған кезде ғана ұнамды болатыны белгілі ғой.

Басқа емес, тап осы хикаяның шыншылдығына күмән келтіретін жалғыз ғана нәрсе бар, ол — авторының араб екендігі; ал енді суайттық бұл тайпаның өзгеден ерек қасиеті екені мәлім; жалпы алғанда, арабтар — біздің ата жауымыз, сондықтан автордың өсіріңкіреп айтудан гөрі кемітіңкіреп айтуға бейімдік білдіретінін болжау қиын емес. Және, меніңше, тап солай болған да секілді, өйткені осынау өте бір ізгі ниетті рыцарьды мақтауға әбден болатын және мақтауға міндетті де жерде оның ұнамды істері жайында әдейі үндемей қалатын тәрізді; бұл оның арам ойлылығын аңғартады, егер ол мұны қасақана істеген болса, онда тіптен жаман: өйткені, дұрысында, тарихшылар анығы мен шындығын айтатын және бас пайда да, қорқыныш та, қастық та, достық та ақиқат жолынан тайдыра алмайтын барынша әділ болуға тиіс әрі міндетті де ғой; ал, ақиқат дегеніміз — уақыт бәсекелесі, қарекет қазынасы, өткеннің куәгері, бүгінгінің өнегесі, болашаққа арналған ескертпе боп табылатын тарихтың туған қызы емес пе. Бұл хикаядан қызғылықты кітап атаулыдан талап етуге болатынның бәрін де табатыныңызға сенемін; ал кемшіліктеріне келсек, егер ондай нәрсе байқалып жатса, оған кінәлі, меніңше, әсте де хикаядағы әңгіме аясы емес, оның ит мінез авторы ғана болмақ. Сөйтіп, енді аудармаға сенер болсақ, оның екінші бөлімі былайша басталмақ.

Қайтпас-қайсар, қатты ашулы сайыскерлеріміз қылпылдаған семсерін сілтемекке оқталған сәттерінде олардың қатулы жүздеріне қарап-ақ көктен де, жерден де және тозақтан да айыл жимайтынын аңғаруға болатындай еді. Алғашқы боп қызуқанды бискайлық соққы жасады, оның бар күшпен және соншалықты ашу-ызамен ұрғаны сонша, қолындағы семсері тайқып кетпегенде осы бір ғана соққының өзі-ақ мына қатыгез айқастың да, ана рыцарымыздың барлық шытырман оқиғасының да ақыры осы болған болар еді; бірақ Дон Кихотты бұдан гөрі маңыздырақ істерге сақтап жүрген мейірбан тағдыр дұшпан қолындағы семсерді тайқытып, соққысы сол жақ иығына ғана тиетіндей, онда да елеулі зардап шектірмей, тек сауыты сол жақ бүйірінен сөгіліп, жол-жөнекей құлағы мен дулығасы ғана шекіліп кететіндей етіп бұрып жіберді. Сол бойда сауыты зәрені ала гүрс етіп жерге құлап түсті де, рыцарымыздың сықпыты адам аярлық боп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий