Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құдай сақтасын, өзінің қандай кепке тап болғанын көрген ламанчалығымыздың қалай құтырынып кеткенін суреттеуге лайықты сөз табар адам бар ма екен бұл дүниеде! Қой, одан да әңгімемізді әрмен жалғағанымыз жөн шығар. Сөйтіп, Дон Кихот қайтадан үзеңгіге шіренді де, семсерін қос қолымен бұрынғыдан да бетер қатты қыса ұстап бискайлықты көпшігімен қоса басынан құлаштап тұрып бір перді, оңдырмай қатты ұрғаны сонша, әлгіндей әжептәуір қорғауышы болғанына қарамастан бискайлық құдды бір төбесінен тау құлағандай сезінді, танауынан, аузынан, құлағынан қан шүмектеп ағып, теңселіп кетті, егер қашырын мойнынан құшақтай алмағанында, сөз жоқ, жерге жалп ете түсері анық-ты, бірақ келесі сәтте үзеңгіден аяғы шығып кетті де, құшағы жазылып сала берді, сол сәт сұрапыл соққыдан шошынған қашыры да төрт аяқтай тебініп алға қарай атқақтай жөнеліп, ұзамай иесін жерге атып ұрды.

Дон Кихот бұл жайларға былқ етпей безере қарап тұрды; бискайлық жерге құлаған сәтте атынан секіріп түсті де, жауының жанына жетіп барып, семсерінің ұшын көзіне кезеп тұрып берілуге әмір етті, өйтпеген күнде басын шауып тастайтынын ескертті. Зәресі зәр түбіне кеткен бискайлықтың бір ауыз тіл қатуға әдді келмеді; егер осы уақытқа шейін күймеде не істерді білмей абдырап, қақтығыстың артын бағып отырған әйелдер рыцарымыздың қасына жүгіріп келіп, өздеріне қайырым көрсетіп, мейірім жасауын — малайларына аяушылық білдіруін қоярда қоймай жалынып сұрай бастамаса, бискайлықтың шынымен бір пәлеге ұшырайтыны кәміл еді (өйткені, ыза буған рыцарьдың ештеңеден тайынатын түрі жоқ-ты). Дон Кихот болса, олардың өтінішіне тәкаппар кейіпте маңғаздана жауап қатты:

— Сүйкімді сеньоралар! Әрине, өтініштеріңізді қуана-қуана орындаймын ғой, бірақ бір шартым мен ескертпем бар: мына рыцарь маған Тобосо аталатын қалаға, асқан сұлу донья Дульсинеяға баруға, оған өзін менің жібергенімді айтуға уағда берсін, ал бұған не істейді, оны ханымның патша көңілі біледі.

Зәре-құты қалмаған әйелдер мынаның өздерінен не талап етіп тұрғанын да түсінбей, тіпті Дульсинея дейтіннің де кім екенін сұрап білместен, малайдың бұйрықты бұлжытпай орындайтынына уәде берді.

— Ендеше, бопты, сөздеріңізге сендім. Жазаға әбден лайықты болса да, бұған енді ешқандай жәбір көрсетпеймін, — деді Дон Кихот.

Х тарау

Дон Кихот пен атқосшысы Санчо Пансаның арасында болған аса қызықты әңгіме жайында

Монахтардың малайлары жақсы сый-құрмет көрсете қоймаған Санчо Панса бұл кезде әреңдеп бойын тіктеген, сөйтіп жекпе-жекті зейін сала бақылап тұрып құдайға ойша жалбарынумен болған: ол құдайдан Дон Кихотты жеңіске жеткізуін және аралды жаулап алуға жәрдемдесуін сұраған-ды, рыцарьдың уағдасы бойынша аралдың губернаторы болып атқосшысы тағайындалуға тиіс-ті. Қақтығыс аяқталып, Дон Кихот Росинантқа қарай бет алған бойда Санчо үзеңгісін аяғына тоспаққа ұмтылды, сөйтіп рыцарымыз атқа қонғалы жатқанда дереу оның алдына тізерлей кетіп, қолынан шап беріп ұстап, сүйіп алды да:

— Қайырымды мырзам, сеньор Дон Кихот, осынау қатыгез айқаста жеңіп алған аралыңызға мені губернатор етіп қойыңызшы. Ол арал қаншалықты үлкен болсын мейлі, бәрібір мен онда жер жүзіндегі қай губернатордан да кем губернаторлық етпеймін, — деді.

Дон Кихот оған былай деп жауап қатты:

— Есіңде сақта, Санчо бауырым, бұл арал үшін айқас емес, бұл да, осы секілді басқалары да, жол бойындағы шытырман оқиғаларға жатады, мұнда сені күтетін қашанғы сыбаға — бас сүйегіңді опырып жібереді немесе құлағыңды кесіп алады, саған тиетін басқа үлес жоқ. Кішкене шыдай тұр,

сені аралдың губернаторы етіп тағайындап қана қоймай, одан да жоғарырақ көтеруіме мүмкіндік беретін талай шытырман оқиға жолығады әлі бізге.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий