Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Асықпа, достым, — деді Дон Кихот, — талай құпияның сырын ашам әлі саған, басыңа талай жақсылықты үйіп-төгем әлі сенің. Ал, қазір, қане, емделейік — құлағым ауырып шыдатпай барады.

Санчо қоржыннан корпия мен майды шығарды. Бірақ сол арада быт-шыт болған дулығасына көзі түсіп кеткен Дон Кихот алай-түлей сезім кешіп, естен танып қала жаздады; сосын қолын семсерінің тұтқасына қойып, көкке көз тігіп отырып:

— Аспан мен жерді жаратушының атымен және құдды бір қарсы алдымда

жатқандай сезініп төрт қасиетті Інжілдің атымен ант етем, ендігі жерде ұлы маркиз Мантуанский жиені Балдуиннің өлімі үшін кек алуға серт бергеннен кейін қандай тұрмыс кешсе мен де тап сондай тұрмыс кешем, яғни, анығырақ айтқанда: өзіме осынша жәбір көрсеткен адамнан кек қайтарғанға дейін ас-су ішкен кезде дастарқан жайғызбаймын, әйеліммен ойнап-күлмеймін, басқа да бірдеңелерді істемеймін — не екені анық есімде жоқ, бірақ соның бәрі осы антыма кіреді, — деді.

Санчо болса, бұған жауап ретінде:

— Ақылға салып көріңізші, сеньор Дон Кихот, егер ана рыцарь бұйрығыңызды орындап сеньора Дульсинея Тобосскаяның аяғына барып жығылса, бұл оның өз парызын орындағаны болып шықпай ма және жаңадан бір қылмыс жасамаса оны қайтадан жазаға тарту обал болмай ма? — деді.

— Мына тұжырымың мен ескертпең көңілге қонымды-ақ екен, — деді Дон Кихот, — сондықтан дұшпанымнан тағы бір мәрте кек алу жөніндегі антымды қайтып алам. Оның есесіне мен рыцарьлардың бірінен тап осындай тәуір дулығаны тартып алғанға дейін әлгінде айтылған ахуалда тұрмыс кешем деп жаңадан ант етем және сол сөзімде тұрам. Айтқаным айтқан жерде қалады деп ойлаушы болма, Санчо, менің үлгі етерім бар — Сакрипантты айтса сенгісіз әуреге салған Мамбриннің дулығасы да тап осындай кепке тап болғаны белгілі ғой.

— Әй, мархаббатты мырзам-ай, ант атаулыны түгел суға соқсаңыз етті! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Ондайдан тек денсаулыққа зиян, құдайға күнә. Ойлап көріңізші: дулыға киген адамды жақын уақытта жолықтыра алмасақ неттік? Сол бұрынғыша мұқтаждық мехнатын шеккен күйіңізде антыңызға адалдық сақтап қала бермексіз бе? Өйткені, әлгі алжыған шал маркиз Мантуанский өзіне міндет қылғанның бәрін өз мойныңызға артқаннан кейін сізге енді сырт киіміңізді шешпей ұйқтауға, ашық аспан астында түнеуге және басқа да көп машақатты бастан кешуге тура келеді ғой. Оныңыз қалай, сеньор, мына жолдардың ұзына бойымен қарулы адамдар емес, арбакештер мен мал айдаушылар ғана жүреді ғой, олар басына дулыға кимек түгілі ондай сөзді өмірі естімеген жандар.

— Қателеспе, — деді наразы Дон Кихот. — Арада екі сағат өтпей-ақ әлдебір жол айырығынан бізге Анжелика сұлуды тартып алу үшін Альбракаға беттеген әскерден де көп қисапсыз қарулы адам жолығады.

— Жә, құрысын, сіздің айтқаныз-ақ бола қойсын, — деді Санчо. — Тек құдай сәтін салып, ісіміз оңынан келіп, өзім сонша арман етіп жүрген әлгі аралды жаулап алатын күн тезірек туса екен, одан кейін күл болмаса бүл болсын.

— Бұл жайында алаң болма деп айттым емес пе саған, Санчо: арал болмаса Дания немесе Собрадиса секілді әлде бір мемлекетті табармыз — бұлар сені шынымен қуантары кәміл, өйткені бұл мемлекеттер құрлықта орын тепкен ғой, сондықтан онда өзіңді суда жүзген балықтай сезінетін боласың. Ал, әзірше бұл әңгімені қоя тұрайық, — одан да қоржыныңда талғажау етерлік бірдеңе бар ма, соны қара: жүрек жалғап алайық та, қонып шығуымызға болатын, сосын жаңа өзіңе айтқан бальзамды, — құдай атымен ант етейін, құлағым ауырып шыдатпай барады, — дайындап алатын қамал-сарайды іздеуге қолма-қол аттанып кетейік.

— Менде бір бас пияз, аздаған сүтсірне және нанның бірнеше қатқан қабығы бар, — деп мәлімдеді Санчо, — бірақ өзіңіз секілді айбынды рыцарьға мұндай тағамды жеу онша жараспайтын секілді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий