Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рыцарымыз осынау ұзын-шұбақ сөзін ақыры аяқтады, расында, бұл сөзді мүлдем айтпаса да дәнеңе етпес еді, бірақ бұған бақташылар әкелген жаңғаққа назар бөлуі түрткі болып, алтын заман ерекшеліктері есіне орала кетіп, сол турасындағы ой-түйіндерін ешкі бағушылармен бөліскісі келген-ді, ал әлгілер болса оған не шатып отыр деген кейіпте беттері бедірейіп үн-түнсіз құлақ салды. Санчо да тіл қатқан жоқ; үнемі жаңғақ жеумен болып, бақташылар ішіндегі шарабы салқындасын деп еменге іліп қойған екінші торсыққа деміл-деміл барып-қайтып жүрді.

Кешкі ас әлдеқашан ішілген-ді, бірақ Дон Кихоттың аузына тыным болмай әлі сөйлеп отырған; ақыры бақташылардың бірі оған былай деп тіл қатты:

— Мархабатты мырза, сеньор кезбе рыцарь, өзіңізді шынымен-ақ бар ықыласымызбен құшақ жая қарсы алғанымызға көзіңіз анық жетуі үшін қазір көп кешікпей осы араға келіп те қалатын бір бақташыдан ән айтып көңіліңізді көтеріп, құлағыңыздың құрышын қандыруын өтінгіміз келіп отыр. Ол өзі өте зерек, сезімтал жігіт, ең бастысы, оқи да, жаза да алады, ал равельде ойнаудан оған ешкім теңесе алмайды.

Бақташы осыны айтып ауыз жабуы мұң екен, ойламаған жерден

равель әуезі құлаққа шалынып, шамалыдан соң оны тартқан адамның өзі де бой көрсетті: бұл жиырма екілердегі, әп-әсем жігіт екен. Жолдастары одан тамақ іштің бе деп сұрады; жігіт іштім, деп жауап қатты, сөйткен соң әлгінде ғана сол туралы әңгіме қозғаған бақташы оған:

— Олай болса, Антоньо, бізді рақатқа батыр, бір ән орындап бер, орманда да, тауда да музыкадан хабары мол жандарды жолықтыруға болатынына құрметті қонағымыз көз жеткізіп кетсін. Біз оған қандай қабілеттерің барын хабарлап та қойдық — енді сен өтірік айтпағанымызды дәлелдеу үшін сол қабілеттеріңді көрсетуің керек. Сонымен, сенен сұрайтыным: отыра қал да, немере ағаң, священник өзіңе арнайы шығарып берген, біздің селодағылар қатты ұнататын ғашықтық машақаттарың жайындағы әніңді айтып бер, — деді.

— Мақұл, — деді жігіт.

Жұртты көп жалындырып жатпаған ол еменнің түбіріне кеп отырды да, равелінің күйін келтіріп алған соң соншалықты сүйкімді дауыспен әнін бастап кетті:

Сен мені, Олалья, сүйесің,

Бұл жайында маған, әрине,

Білдірмесең де тіпті қабақпен —

Жүректің мылқау тілімен.

Соныңды ішім сезген соң,

Күмәнді қойдым ысырып:

Сүйетінімізді жасырып қайтеміз,

Мәлім болса ол өзімізге.

Оқтын-оқтын сен мені

Сендіргің әбден келеді-ақ,

Жүрегім қатты — қоладай,

Қос алмам суық — тастай, деп.

Өзімшіл, менмен пиғылдың

Шілтерінен қараңғы,

Құпиялап үміт мегзейді,

Киімінің шет-пұшпағын.

Дәме ғып соны ентігем,

Білмеймін, бірақ, әлі күн:

Сүйінерді де — ұнадым деп,

Күйінерді де — жылағым кеп.

Болса егер шынымен,

Сыпайылық — махаббат нышаны,

Сенуіме болар, ұзамай

Орындалар деп үмітім.

Берілетіні рас болса егер

Адалдыққа бір сыйлық,

Ұялмай соны сұрауға

Ретім әбден бар менің.

Түк көрмейтін соқыр боп

Қалмасаң, байқар едің ғой:

Жексенбіде киер киімімді,

Жай күндері де киіп жүремін.

Махаббатқа керек киім-кешек,

Сондықтан, бар жақсымды

Киіп алуға тырысам

Кездеспек болсам өзіңмен.

Би жайын қайтем сөз қылып,

Кей-кейде күн батқаннан

Таңға шейін саған тыңдатқан

Ән жайын қайтем сөз қылып.

Ажарыңды әсем мақтадым,

Ашықтан-ашық бар жерде.

Адалдығымнан ақыры

Жау таптым талай өзіме.

Мысалға, маған Тереса

Беррокалада былай шатты ғой:

“Мыржық-тыржық маймылды да,

Болады періште санауға.

Епті болсаң, Амурдың19 да

Басын айналдыру қиын ба,

Жалған шаш қоссаң шашыңа,

Басқа да айла жасасаң?”

Күйіп кеттім, шыдамай,

Жылады бикеш бақырып.

Жүгіріп келген немере ағасына

Жегіздім жұдырық қатырып.

Құштармын саған, бірақ та

Ләззат тапқым келмейді,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий