Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қалай болған күнде де, саған алғыстан басқа айтарымыз жоқ, — деді Педро.

Дон Кихот Педродан марқұмның қандай адам болғанын, сосын әлгі бақташы қыздың кім екенін сұрады. Педро оған, өзінің білуінше, марқұмның дәулетті идальго болғанын, жақын маңайдағы таудағы елді мекендердің бірінде туып-өскенін, көп жыл Саламанкада оқығанын, сосын туған жеріне қайтып оралып, аса білімдар, оқымысты адам ретінде танылғанын баян етті.

— Жұрттың айтуынша, ол әсіресе жұлдыздар жайындағы ғылымды жетік меңгеріпті, күн мен айдың аспанда не істейтінін жақсы біліпті: өйткені, ол күн мен айдың қашан тұтынатынын бізге дәлме-дәл айтып беретін.

— Бұл екі ұлы ғаламшардың қарауытуын тұтыну демейді, тұтылу дейді, достым, — деп түзетті оны Дон Кихот.

Ондай түкке тұрғысыз нәрсені елең қылмаған Педро әңгімесін әрмен жалғады:

— Одан соң ол жылдың қандай болатынын: түсімді ме әлде түсімсіз бе, соны да дәл болжап бере алатын.

— Сен шығымды ма әлде шығымсыз ба, дегенді айтқалы отырсың ғой, достым, — деп ескертті Дон Кихот.

— Түсімді немесе шығымды деген де бір — төбеңе ұрған да, төбеңнен ұрған да бір ғой, — деп наразылық білдірді Педро. — Сөйтіп, оның осындай болжалдары арқасында Хризостомның әкесі мен дос-жарандары әбден байып алды — олар оған имандай сенетін және айтқанын бұлжытпай орындайтын, ал Хризостом болса оларға әдетте: “Биыл бидайдың орнына арпа себіңдер. Ал, биыл бұршақ себіңдер, арпа сеппеңдер. Алдағы жылы зәйтүн майы малтып жүретіндей мол болады, одан соң үш жыл бойы қатарынан бір тамшы да табылмайды”, дейтін.

— Бұл ғылым астрология деп аталады, — деп қосып қойды Дон Кихот.

— Оның қалай аталатынын білмеймін, — деді Педро, — бар білетінім, әйтеуір, ол бұдан да, сондай-ақ басқа нәрселерден де өте жақсы хабардар болатын. Қысқасы, Саламанкадан оралғаннан кейін арада бірнеше ай өткенде, ойда жоқта бір күні ол студенттік ұзын етек киімін лақтырып тастады да, үстіне тұлып киіп, қолына таяқ ұстап, бақташы сияқтанып шыға келді, оған ілесіп жан досы және өзімен бірге оқыған жолдасы Амбросьо да бақташы боп киініп алды. Сізге айтуды ұмытып кетіппін, марқұм Хризостом өлең шығару жағынан да асқан шебер еді: рождестволық әндерді де, Христос тәні мейрамына арналған, деревнямыздың жастары қоятын ойынның көріністерін де өз жанынан шығаратын және жақсы шығаратыны сонша, көрген жан айран-асыр қалатын. Осы екі оқушы аяқ астынан бақташы боп киініп шыққан кезде бүкіл деревня абдырап қалды, бұлайша құбылудың оларға не үшін қажет болғанын ешкім түсіне алмады. Сол шамада біздің Хризостомның әкесі дүние салып, оған жылжитыны бар, жылжымайтыны бар біраз құнды мүлік, қыруар ірі қара мен ұсақ жандық және едәуір мөлшердегі ақша мұраға қалған-ды. Осының бәріне ол өз білгенінше қожалық ете алатын болды және, әділін айтқан жөн, ол бұған лайықты да жан еді: Хризостом ілтипаты мол жақсы жолдас болатын, ақ ниетті адамдарға үйір еді, ал сымбатына көруге көз керек-ті. Ал, ұзамай мәлім болғанындай, Хризостом бейшараның киім өзгерткен жалғыз себебі, әлгінде бақташыларымыздың бірі осы жерде есімін атап кеткен бақташы қыз Марселаға ғашық боп қалыпты да, соған ілесіп біздің мына қу медиен түкпірімізді кезбекке ойы кетіпті. Енді сіздің әлгі бойжеткеннің кім екенін біліп алуыңыз керек, оның жайын сізге қазір айтып берем: мүмкін, — мүмкін емес-ау, шыны сол, — тіпті ана дүниеге кәрі ағаш жасында жетсеңіз де мұндайды ғұмыры естімейтініңіз кәміл.

— Кәрі ағаш емес, кәрі шөңге, — деп түзетті оны Дон Кихот: бақташының бөтен сөзді орынсыз тықпалай беретініне шыдамы таусылып еді.

— Кәрі ағаш деп отырғанымның себебі кей ағаш қай қариядан да ұзақ ғұмыр кешеді, — деп түсіндірді Педро. — Бірақ, егер сіз, сеньор, әр сөзіме бір жармаса берсеңіз, әңгімемді биыл аяқтап бітіре алмасым анық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий